Жоспары:
1. Бағдарлама атауы. 2. Белгілер бөлімі. 3. Тұрақтыларды сипаттау бөлімі. 4. Типтерді хабарлау бөлімі. 5. Айнымалылар бөлімі. 6. Процедура мен функцияларды хабарлау бөлімі.
Turbo Pascal тіліндегі бағдарлама бірнеше мәнді блоктардан тұрады. Олар бағдарлама мәтінінде міндетті түрде кездеседі әрі қатал ереже бойынша тексеріледі.
Тұрақтылар, айнымалылар, өрнектер, арнайы символдар бағдарламаны жазу үшін қолданылады. Бағдарлама алгоритмге байланысты құрылады. Бағдарламада қолданылатын мәліметтерді сипаттау үшін қолданылатын операторлар немесе мәліметтерді өңдеу үшін көрсетілетін әрекеттерді операторлар деп атайды. Тілдің стандарты бойынша жазылған бағдарлама 1 суретте көрсетілген құрылым бойынша жасалады. Uses директивасы – бағдарламада жұмыс жасайтын бірінші оператор. Осының көмегімен кітапханалық модульдер қолданылады. (стандартты және қолданушымен жазылған), Осы кітапханалардың көмегімен процедуралардың, функциялардың, айнымалылардың, тұрақтылардың қатарын көбейе аламыз. Uses директивасы бағдарламаның ең басында тұрады. Кітапханалар тізімі үтір арқылы жазылады:
Uses Dos, Ctr, My_modul
Егер осы моудльдер бағдарламада қолданылмаса, онда Uses директивасы да қолданылмайды.
Program <Бағдарлама аты> ;{Бағдарлама аты міндетті емес}
{ Бағдарламаның декларативті бөлімі}
Uses
<Қосылатын кітапханалар тізімі>;
Label
<Белгілер тізімі>;
Const
<Тұрақтылар бөлімі>;
Type
<Типтер тізімі>;
Var
<Бағдарламаның глобальды айнымалысы>;
Анықтамалықтар}
Procedure
{Процедура аты және процедурасы денесі де болуы мүмкін}
Function
{Функция аты және функция денесі де болуы мүмкін}
{ Бағдарламаның орындалатын бөлімі}
Begin
< Бағдарлама денесі, «;» арқылы бөлінетін операторлар >;
End.
|
Ø Label белгісін сипаттайтын блок үтір арқылы бөлінген бағдарламада бүтін сандар жи ынын беретін 0..9999 арасындағы сандардың тізімінен тұрады немесе идентификатор
Label Loop, 1, m1, ProgramExit;
Егер бағдарламада белгі қолданылмаса онда аталған блок керек жоқ.
Ø Const тұрақтыны сипаттау бөлімі бағдарламаның кез-келген жерінде орналаса алады, бұндай блоктар болуы мүмкін, немесе тіптен болмауы мүмкін. (бұл ескерту Type, Var, Label блоктарына байланысты).
Const <Тұрақты аты1> = <Тұрақты мәні1>;
<Тұрақты аты2> = <Тұрақты мәні2>;
...
Const N_Max=15; OutText=’Хабарлау мәтіні’; Flag=True;
Тұрақтылар бағдарламалушының ыңғайлылығы үшін қолданылады. Компилятор барлық қарапайым айнымалыны бағдарламаны копиляциядан өткізу кезінде есте сақтайды. Тұрақты аты және мәні «=» белгісімен жазылады. («:=» меншіктеу операторы емес). Тұрақтыны сипаттағаннан кейін міндетті түрде «;» тұрады. Типтің мәні берілмейді, тұрақтыны талдау кезінде ол аутоматты түрде анықталады. Turbo Pascal тілінде тұрақтының мәнін анықтайтын мүмкіндік бар. Ол сандардан тұратын өрнекті жазу арқылы іске асады. Өрнекке барлық математикалық операциялар жіберіледі (+, -, /, *, Div, Mod ).
Барлық өрнектер ком пиляциялау кезінде есептеледі, артынан барлық идентификаторлар орнына тұрақтылар жазылады. Turbo Pascal тұрақтылардың ерекше типімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Глобальды айнымалыны сипаттау бөлімі глобальды айнымалылардан және олардың типтерінен тұрады. Блоктар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ айнымалылар атаулары ешқай жерде қайталанбауы керек.
Var <Айнымалы аты1>:<Айнымалы аты1>;
<Айнымалы аты2>:<Айнымалы аты2>;
<Айнымалы аты3>,<Айнымалы аты4>:<Айнымалы аты34>;
...
Var a: Real;
i,k: byte;
ch,s,simb: char;
Барлық глобальды айнымалылар мәліметтер сегментінде өзінің мәндерін сақтайды. Оның максимальды көлемі 65520 байт (64К) – ке тең. Сегменттегі мәліметтер мәні үнемі тізбекті болады әрі атауларына байланысты болады.
|
a
|
i
|
k
|
ch
|
s
|
Simb
|
|
|
+6
|
+7
|
+8
|
+9
|
+10
|
+11
|
|
Есептің басы байтпен басталады
Егер бағдарламада процедуралар немесе функциялар қолданылса, онда оның анықтамаса негізгі блок бойынша жұмыс атқарады.
Бағдарламада блоктардың орынын ауыстыруға болмайды: бағдарлама тізбекті компиялциядан өтеді, сондықтан енгізілетін айнымалының барлығы оған дейін сипатталған болуы керек. Компилятор сонымен қатар жолдың ұзындығын да бақылайды: ол 126 символдан аспауы керек, файлдың (мәтіні) бағдарлама – 64Кбайттай болуы керек.
Күрделі бағдарламаларда жұмыс жасау ыңғайлы болуы үшін бағдарлама мәтінінде түсініктеме жазып отыру ұсынылады. Бағдарламада түсініктеме есаны реттелген болуы керек. Түсініктемесе белгісі { } немесе (* *) болып табылады.
Түсініктеме мысалдары.
{ Түсініктеме }
(* Осылай да болады *)
(* Осылай да болады {осылай}болады *)
{ Осылай болмайды (осылай } болмайды *)
{ Осындай {түрді} қолдануға болмайды!!! }
Түсініктеме – фигуралық жақшамен жабылған кез-келген символдардың тізбегі. Түсініктеме ішінде басқа түсініктемені жазуға болмайды. Түсініктеме компьютер компиляторы үшін емес бағдарламалаушы жұмыс жасауы үшін қажет болып табылады. Мысалы: егер i – алма салынған жәшіктер санын есептеуіш болса, онда түсініктеме былай жазылады:
{ 1 } i:=i+1; { i -ді бір бірлікке өсіру керек },
{ 2 } i:=i+1; { алмасы бар жәшікті 1-ге өсіреміз}.
Түсініктемені бағдарламаны көрнекі етіп тұрмауы керек. Келесі фрагментпен салыстырып көріңіз.
{ 1 } a:=b+{ b және с қосу}c; ,
{ 2 } a:=b+c; { b-сатылғаны, c-қалған алма саны }.
Дұрыс емес жазылған түсініктеме бағдарлалаушының шатасуына әкеліп соқтырады. Бағдарлама атауынан кейін бағдарлама не істейтіндігін, қандай алгоритм қолднылатындығын ашатын түсініктеме беріп кетуге болады
Тұрақтыларды сипаттау кейбір тұрақтыларға атау беру үшін қолданылады. Бағдарлама мәтінінде атау тұрақтының нақтылы мәнімен әрекет етеді.
Типті сипаттау бөлімі қолданушының қолданайын деп отырған типін сипаттау үшін қолданылады. Типті сипаттау орындалатын операцияға байланысты болады.
Айнымалыны сипаттау бөлімі анйымалы қолданатын оперативті жадыны резервтеу үшін қолданылады. Жадыдан орын айнымалыны сипаттаған соң бағдарламаны іске қосу кезінде бөлінеді. Жұмыс аяқталған соң ол жойылады. Бұл операция басқа бағдарламаға орын бөледі.
Әр айнымалы үшін өзінің типі көрсетіледі. Бұл бірден бағдарламаны іске қосу кезінде кейбір қателіктердің болмауына жол береді. Мысалы ( time орнына tyme), рұқсаты жоқ операциялар жазылады (a/b string типті мәлімет үшін).
Процедураны және функцияны сипаттау бөлімі қосымша алгоритмдермен жұмыс жасау үшін қолданылады. Қосымша алгоритмдер бағдарлама құру кезінде жұмысты жеңілдетеді. Процедураны сипаттау құрылымдық болып табылады.
Сипаттау бөлімінен кейін әрекет ету блогы жұмыс жасайды. Ол begin басталып end сөзінен аяқталады. Артынан міндетті түрде нүкте қойылады.
Осы блоктың ішінде операторлар жазылады. Олардың арасын нүктелі үтір бөліп тұрады.
Бекіту сұрақтары:
Сипаттау бөлімінің қызметі
Айнымалының атқаратын қызметі
Бағдарламаның құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |