ТІЛДІҢ ТИПТІК ЖҮЙЕСІ
Дәріс жоспары:
1. Мәліметтердің базалық типтері:
1.1.Бүтін сандық тип
1.2.Нақтылы тип
1.3. Символдық тип.
1.4.Логикалық тип.
2. Реттік тип.
3. “массив” типі
4. “жазба” типі.
5. “жинақ” типі.
6. Файлдық тип.
7. Сілтеме типі
Turbo Pascal тіліндегі барлық мәліметтер бір типке жатуы керек, және олар бағдарламаның алдында сипатталуы керек. Pascal тілінде кез-келген айнымалы өзінің типімен сипатталады. Мәліметтегі тип дегеніміз мәндердің жиағы деп түсінідіріледі.
Pascal тілі типтелген тіл болып табылады. Бұл дегеніміз айнымалы типі сипатталу кезінде өзгере алмайды деген сөз. Айнымалылар тек қана тип мүмкіндік беретін операция бола алады.
Турбо Паскальдағы типтер
Стандартты скалярлық
Скалярлық
Шектелген
Тізбектелген
Қарапайым типтер
Реттелген
Құрамды типтер
Қосарласқан
Сілтеуіш типтері
Файлдық
Процедуралық типтер
Жинақтар
Жолдар
Объектілер
Pascal тілінің мәліметінің типі жүйелі болып табылады. Стандартты типтиің негізінде бағдарламалаушы мәліметтерді өзіне ыңғайлы қылып құра алады.
Turbo Pascal тілінің типінің жүйесі төмендегі кестеде көрсетілген:
Мәліметтердің базалық типтері
Типтердің базалық түріне қарапайым типтер жатады. Құрамды типке анықталған ереже бойынша қарапайымнан құрылады. Сілтемелік типтер кез-келген басқа типтен құрылады. Құрылымдық тип пен сілтемелік типті кейбір ерекшеліктеріне байланысты күрделі типтер деп атауға болады. Типтердің иерархиясы бойынша стандартты типке скалярлы тип жатады. Ол бағдарламалаудағы мәндердің жиынтығынан тұрады.
Процедуралық тип бағдарлама ішіндегі бағдарлама түсінігін кеңейтеді.
Turbo Pascal тілінде стандартты скалярлық типке төрт топты жатқызуға болады:
бүтін тип;
нақты тип;
символдық тип;
булевтік тип.
Бүтін санды тип (integer)
Бүтін сан типі компьютердегі бүтін сндармен жұмыс жасау үшін қолданылады.
Бүтін сандар типі тек қана мына мәнді қабылдай алады:
-32768 < ... < -3 < -2 < -1 < 0 < 1 < 2 < 3 < ... < 32767.
Мәліметтердің типіне алдындағы мінде артындағы мәнге көрсете алу қасиеті реттілік деп аталады. Сондықтан бүтін тип реттік типке жатқызылады.
Реттік типтер үшін келесі стандартты функциялар анықталған:
• succ(i) – келесі мәнді қайтарады;
• pred(i) – алдыңғы мәнді қайтарады.
Бүтін тип келесі түрде анықталады:
var аты :integer; немесе var аты1,аты2,...,атыN :integer; .
Трансляциядан өткізу кезінде оперативті жадыдан осы типтер үшін орын бөлінеді.
Мысалы бүтін типті сипаттау:
var i,j,k :integer;
time, summa :integer;
b, c, d, :integer;
dwa+tri :integer; {қате}
x,,y; integer; {қате}
p,r,s,t,u,f,v,w :integer;
Бүтін типтерге қолдануға болатын операциялар:
1) бүтін нәтижені шығарушы операциялар:
+ қосу, мысал: 5+3=8;
- алу, мысал: 5-3=2;
* көбейту, мысал: 5·3=15;
div бүтін бөлік, мысал: 5 div 3 = 1;
mod қалдық, мысал: 5 mod 3 = 2;
2) нақты нәтижені шығарушы операциялар:
/ бөлу, мысал: 5 / 3 = 1,67;
3) логикалық нәтижені шығарушы операциялар (true немесе false):
< кіші, мысал: 5<3 = false;
<= кіші немесе тең, мысал: 5<=5 = true;
> үлкен, мысал: 5>3 = true;
>= үлкен немесе тең, мысал: 5>=7 = false;
= тең, мысал: 8=8 = true;
<> тең емес, мысал: 9<>9 = false.
Осы операциялардың дұрыс орындалуы математикадағы операциялардың орындалуымен сәйкес келеді.
Бүтін типтер үшін келесі стандартты функциялар қолданылады:
- abs(i), абсолюттік шаманы қайтарады;
- sqr(i), өрнектің квадратын шығарады;
- odd(i), егер аргумент тақ болса онда true (ақиқат), мәнін қайтарады. Егер жұп аргумент болса онда false (жалған) мәнін қайтарады.
Turbo Pascal тілінде бес құрылымдық бүтін санды тип қолданылады: Shortint (қысқа бүтін), Integer (бүтін), Longint (ұзын бүтін), Byte (байт көлеміндегі бүтін) және Word (сөз түріндегі ұзындықпен). Әр типтің бүтін типті көрсетуі келесі 1 кестеде көрсетілген:
Құрылымдық бүтін санды тип Кесте 1.
Тип
|
Диапазон
|
Формат
|
Shortint
|
-128 .. 127
|
8 биттік белгімен
|
Integer
|
-32768 .. 32767
|
16 биттік белгімен
|
Longint
|
-2147483648 .. 2147483647
|
32
|
Byte
|
0 .. 255
|
8 биттік белгісіз
|
Word
|
0 .. 65535
|
16 биттік белгісіз
|
Нақты тип (real)
Нақытылы тип (real) компьютерді нақтылы типтер жиынтығымен жұмыс жасау үшін модельденген. Математикадан белгілі, кез-келген нақтылы типті ондық бөлшек түрінде шексіз жазуға болатындығын. Шексіз ондық бөлшекті санмен жұмыс жасау компьютердің жадысының көлеміне әсер етеді.
Нақтылы тұрақтылар ондық бөлшек түрінде жазылады. Үтірдің орнына нүкте қойлады. Бұндай форма фиксирланған нүкте арқылы жазылған жазба деп аталады.
Мысалы 3.14, +3.14, -3.14 .
Ғылыми-техникалық есептер үшін тұрақтылардың басқа формасы қолданылады. Олар - экспоненциальды (қалқымалы нүкте арқылы). Осындай түрде жазылған тұрақты мантисса Е ретінен тұрады.
Мантисса бүтін тұрақты ретінде, немесе фиксирланған нүкте түрінде жазылады. Бөлуі түрінде e(Е) әріпін қолдануға болады. Бұндай түр математикада жазылғандай қолданылады: мантисса·10ретті.
Мысалы, 0,5·10-3 жазбасын 0.5E-3 немесе 0.5e-3, түрінде жазуға болады. Немесе 0.0005e0, немесе 5e-4
Нақтылы тип келесі түрде сипатталады:
var аты :real; немесе var аты1,аты2,...,атыN :real; .
Нақтылы тике келесі операциялар қолданылады. Олардың нәтижесінде нақтылы тип шығады:
=> + қосу, мысалы: 3,14 + 2,75 = 5,89;
=> - алу, мысалы: 3,14 - 2,75 = 0,39;
=> * көбейту, мысалы: 1,2 · 6,3 = 7,56;
=> / алу, мысалы: 7,2 / 9 = 0,8 .
Келесі операциялар логикалық нәтижені қайтарады: =, <, <=, >, >=, <> (тең емес).
Нақтылы нәтижені қайтаратын стандартты функциялар:
- abs(r), абсолют шаманы қайтарады;
- sqr(r), квадратты қайтарады.
Нақытылы және бүтін аргументті қайтаратын стандартты функциялар:
- sin(r), синус r мәнін қайтарады, аргументі радианмен беріледі;
- cos(r), косинус r мәнін қайтарады, аргументі радианмен беріледі;
- arctan(r), арктангенс r мәнін қайтарады, аргументі радианмен беріледі;
- ln(r), натурал логарифм r мәнін қайтарады;
- exp(r), экспонента r мәнін қайтарады;
- sqrt(r), r квадратты түбірді қайтарады.
Нақтылы аргументті қайтаратын стандартты функция:
- trunc(r), бүтін бөлікті қайтарады. Бөлшек алынып тасталады. Мысалы trunc(3.7)=3, ал trunc(-3.7)=-3.
- round(r), санды дөңгелектеу үшін қолданылады.
arcsin(x)= arstg(x/Ö1-x2);
arccos(x)= p/2 -arstg(x/Ö1-x2);
arcctg(x)= p/2-arctg(x)
Нақтылы типтің айырмашылығы аралығында болады. Ол 2 кестеде көрсетілген:
Мәліметтердің нақты типі
Кесте 2.
Тип
|
Диапазон
|
Белгілі сандар
|
Байтпен берілетін өлшемі
|
Real
|
2.9e-39 .. 1.7e38
|
11-12
|
6
|
Single
|
1.5e-45 .. 3.4e38
|
7-8
|
4
|
Double
|
5.0e-324 .. 1.7e308
|
15-16
|
8
|
Extended
|
3.4e-4932 .. 1.1e4932
|
19-20
|
10
|
Comp
|
-2e+63 + 1 .. 2e63 – 1
|
19-20
|
8
|
3>
Достарыңызбен бөлісу: |