Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Тергеу эксперименті туралы хаттама



бет69/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

Тергеу эксперименті туралы хаттама
(үлгі)
Теміртау қаласы 12 қыркүйек 2010 жылы
Теміртау қаласының ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны С. Сандалов, ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны П. Попованың қатысуымен
Куәгерлер: 1. Чайковский Иван Кламович, тұрғылықты жері: Теміртау қаласы, Николаева, 53;. 2. Селянина Клавдия Сергеевна, тұрғылықты жері: Теміртау қаласы, Николаева 16;. 3. Воздухов Василия Васильевич, тұрғылықты жері: Теміртау қаласы, Николаева 48 үй, 3-ші пәтерде; 4. Богораз Павел Сидорович, Теміртау қаласы, Николаева 52-ші үйде тұрады.
Куәлер: Захаров Виктор Федорович және Понамарев Захар Иосифович, №14567890456-қылмыстық іс бойынша айыпталушы Сибагатуллин Ахметов Садыковичтың қатысуымен.
Конвой - полиция сержанты Соколова И.П.. полиция сержанты Алгабасов М. №№14567890456-қылмыстық іске байланысты, ҚР ҚІЖК-нің 239 бабын басшылықка алып, 16 қыркүйек 1997жылы айыпталушы Сибагатуллин Ахметовтың берген жауабындағы жағдай бойынша естілу мүмкіндіктерін тексеру мақсатында тергеу эксперименті жүргізілді.
Аталған тұлғалардың тергеу экспериментіне қатысу құқықтары мен міндеттері түсіндірілген және тергеу экспериментіне басқа да қатысушылар тергеушінің әрекетінің негізі бойынша өтініш береді.
Эксперимент Николаев көшесінің бойындағы 48-ші үйінің екінші қабатындағы бөлмелерде жүргізілді. Коридор жүйесі екінші қабатта орналасқан. Сибагатулин Ахметовтың бөлме есігінен, 2-ші қабаттың орталық коридарына шығады. Осыдан екінші қабатта қалған жеті бөлмелердің есігі шығады. Сибагатуллин Ахметовтың атқаратын бөлмесі 4-ші сандық атаумен есептелінеді. Сибагатуллин Ахметовтың нұсқауы бойынша бөлмеде куә Захаров пен куә Понамарев әңгімелесіп отырған, яғни 6-шы нөмерлі және шығыс қабырғасы ұштасады 4-ші нөмерлі бөлменің батыс қабырғасымен. Қатарлас 4-ші номерлі және 6-шы номерлі бөлмелердің екі жақтары да сырланған, бөрене қабырғасымен бөлінген.
Эксперимент 13 сағат.34 минутта ауа-райының сыртқы температурасы +8 С, желсіз, тынық жағдайында жүргізілді. Эксперимент барысында сол сияқты көшеден, сондай-ақ көршілес бөлмеден, 4-ші номерлі бөлмеге және 6-шы бөлмеге бөгде дыбыстар естілмеді.
Тергеуші Попов, полиция Соколов пен Алгабасов, айыпталушы Сибагатуллин Ахметов, куәгерлер Чайковская мен Селянин 6-шы бөлмеден бөлінетін 4-ші бөлменің қабырғамен бойлай бөлінген 4-ші бөлмедегі орындыққа жайғастырылды. Есік жақсылып жабулы.
Тергеуші Сандалов, куәлар Захаров пен Понамарев, куәгерлер Воздуховты, Богоразты 4-ші бөлмеден бөлінетін 6-ші бөлменің қабырғамен бойлай бөлінген 6-шы бөлмедегі орындыққа жайғастырылды. Коридор есігі толықтай жақсылап жабулы. Сондай-ақ екі-жақтың терезелері тығыздап жабылған.Екі жақтағы бөлмеде болған экспериментке қатысушылар, сағат уақытын тексеріп, дәл 13сағат 40минутта тергеуші Захаров пен Понамаревтің белгі беруі бойынша кезектесіп 6 рет орташа дауыс ырғағымен: «Надо закопать Сибагатуллина и сделать на него материал о связах с мошенниками» деген фразаны дауыстап айтты.
13 сағат 45 минутта тергеуші Захаров пен Понамаревтың белгі беруі бойынша кезектесіп 6 рет дәл осы сөйлемді (жоғары дауыспен) дауыстап айтылды.
13 сағат 50 минутта тергеуші Захаров пен Понамаревтың белгі беруі бойынша кезектесіп 6 рет дәл осы сөйлемді: «Надо закопать Сибагатуллина и сделать на него материал о связах мошенниками» ( өте жоғары дауыспен) айқайлап айтылды.
14 сағат 3 минутта 6-шы бөлмеде болғандардың барлығын, 4-ші бөлмеге шақыртып алып және тергеушінің сұрақтарына жауап берді.

  1. 13 сағат 40 минутта Поповқа, Сибагатуллинге, Соколовқа, Алгабасовқа, Чайковскийге және Селянинаға адам дауысының дыбыстары түсініксіз естілді.

  2. 13 сағат 45 минутта Поповқа, Сибагатуллинге, Соколовқа, Алгабасовқа, Чайковскийге және Селянинаға адам дауысының дыбыстары әлсін естілді. бірақ сөздердің мағынасын түсіне алмады.

  3. 13сағат 50минутта Поповқа, Сибагатуллинге, Соколовқа, Алгабасовқа, Чайковскийге және Селянинаға адам даусы естілді, бірақ сөзді талдай алмады.

Тергеу эксперименті 14 сағат10 минутта аяқталды.

Куәгерлер: Чайковский, Селянина, Воздухова; Богораз


14-ші істің куәлері: Захаров пен Понамарев
Іс бойынша айыпталушы: Сибагатуллин Ахметов
Тергеуші: Попов
Тергеуші: Сандалов

Полиция қызметкерлері: Соколов және Алгабасов






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   243




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет