Кіріспе орман ресурстарын тану және сипаттамасы Орман ресурстану дегеніміз!



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі143,03 Kb.
#81662
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№1 Дәріс

1.2 Тілінген материалдың бөліктері

Тілінген материалдың көлденең және кең жағы - қапталы, ал көлденең кимасындағы квадрат пішінді ағаш материалының барлық қапталы – жалпағы (2-сурет, 1) деп аталса, жіңішке (жұқа) қапталы – жиегі (2-сурет,3) деп аталады.


Жалпағы мен қыры түйісетін жерін қабырғасы (2-сурет,2) делінеді.
Тақтай сүрегінің сапасы жақсы, таза өңделген жалпақ жағын беті, ал кері жағын арты деп атайды.

2 Сурет - Тілінген материалдың бөліктері:
1 – жалпақ жағы; 2 – қабырғасы; 3 – жиегі; 4 – көлденең кескіні
1.3 Тілінген материалдың өңдеу сипаты бойынша жіктелуі

Өңдеу сипаты бойынша тілінген материалдардардың жалпағы мен жиегі кесілсе, шеті тілінген (3-сурет, б) деп, жалпағы кесілген, ал жиегі толық немесе жартылай кесілсе шеті тілінбеген материал (3-сурет, а, в, г) деп аталады.


Шеті тілінген материалда екі қыры толық қалыңдықта, ұзына бойы тілінген болса, оны таза тілінген материал (3-сурет, б) деп атайды.
Тілінген материалдың жиегінде бөренеден қалған қалдық бөлігін қыры деп атайды, ол доғал және сүйір деп жіктеледі.
Тілінген материалдар өңдеу дәрежесіне байланысты кәдімгі және сүргіленген деп жіктеледі.


1.4 Бөрененің көлденең қимасында орналасуына байланысты тақтайлардың жіктелуі

Тілінген материалдардың бөренеде орналасуына байланысты жіктелуі: егер тілінген материал бөрененің ортасынан тілінсе және өзегі толық болса өзекті тілінген материал (4-сурет, а) деп аталады; егер тілінген материал бөрененің ортасынан өзекті бөліп, екі дана түрінде тілінсе, орталық тілінген материал (4-сурет, б)деп, бөрененің өзекті және орталық тілінген материалының жанындағылар қапталдық тілінген материал (4-сурет, в) деп аталады.



3 Сурет - Тілінген материалдың өңдеу сипаты бойынша жіктелуі:


а - шеті тілінбеген материал; б - таза тілінген материал;
в - доғал қырлы тақтай; г – сүйір қырлы тақтай.

4 Сурет - Бөренеде орналасуына байланысты тақтайлардың жіктелуі:
а - өзекті тілінген материал; б - орталық тілінген материал;
в - қапталдық тілінген материал
Тілінген материалдар тілу әдісіне байланысты кәдімгі тілінген, ра­диалды, тангенталды және параллель тілінген деп бөлінеді.


Бақылау сұрақтары
1. Тақтайлар, брустар және брусшалар қандай қалыңдықта болуы мүмкін?
2. Қылқан және жалпақ жапырақты ағаш түрлерінде қанша сорт бар?
3. Қосымша мөлшер (үстеме) дегеніміз не?
4.Тілінген орман материалдарының сапа көрсеткіші деп не саналады?
5. Ормандардың құрамына және өсуіне қарай бөліну жолдарын атап беріңіз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет