Кіріспе (Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан) II. Негізгі бөлім



бет3/12
Дата11.05.2022
өлшемі90 Kb.
#142772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
stud.kz-1186

Пайдалы әсері.

  • Рентген және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері арқылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтар табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.

  • Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер сонымен қатар В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқалар.

  • Сәулелену әсерінен пайда болған тұқвм қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.

  • Жануарлар мен өсімдіктер тұқымын жақсартуда және өнімін өсіруде сәулелену қолданылады (мыс, радиациялық селекция тәсілі).

  • Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдар, саңырау құлақтарды және микробтарды сәулелендіру үшін алады.

Зиянды әсері.

  • Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.

  • Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғандығы анықталады. Солардың ішінде, мысалы ергежейлілік, гемофолия, дальтонизм, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне сонымен қатар тіршілік етуге қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарады және т.б.

  • Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивті сипатталады, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта байқалады.

Иондаушы радиацияның тірі ағзаға әсері әлемдік ғылымды радиоактивтіліктің ашылып, қолданыла бастауының алғашқы қадамдарынан қызықтырған. Бұл кездей соқтық емес, себебі басынан бастап зерттушілер радиоактивтіліктің зиянды әсерімен кезікті.
Сонымен, 1895 жылы Рентгеннің көмекшісі В. Груббе рентгендік сәулелермен жұмыс істеу үстінде қолын күйдірді, ал радиоактивтілікті ашқан Француз ғалымы А. Беккерель радийдің сәулеленуінен қатты тері күйігін алды.
Радиацияның адамға әсерін клиникалық зерттеулер 40 жыл бойы жүргізілуде, бірақ радиацияның адам мен қршаған ортаға әсері жайында шынайы ақпарат тұрғындарға жетпейді. Радиация шынымен де өте қауіпті. Ол үлкен дозаларда рак ауруын қоздырып, генетикалық ауруларды тудыруы мүмкін. Зерттеушілер бойынша Хиросима мен Нагасакиде лейкоздың жоғары қаупі 5 жыл өткеннен кейін барып бірақ байқалған. Бұл аурудың салдары тек 25 – 30 жылдан кейін ғанажойылған өлім жағдайлары тек сәулеленудің өте үлкен дозаларынан кейін ғана байқалды. Хиросима мен Нагасакида II дүнйе жүзілік соғыста тасталған ядролық қарудың жарылуы нәтижесінде сол жердегі тұрғындардың денсаулығына үлкен нұқсан келді.
Сондай-ақ 1995 ж. Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде жүргізілген аэрограмма, спехтографикалық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65-100 мкм/сағ. болғанын көрсетті.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан териториялардың да қалыптасуына теріс әсер етті.
XX ғасырдың ортасында ядролық қаруды Қазақстанда сынау адамдар өміріне өлкен зияндар тигізді. Көптеген адамдардың өмірі қиылып, балалар мүгедек болып өмірге келді.
Саясаттың құрбанына айналған жер-анаға тиген зардап әлі күнге дейін сыр беруде. Сондықтанда радиоактивті заттарды қолдану кезінде де үлкен сақтықпен қарап, оларды тек бейбіт мақсатта пайдалану қажет.
Радиация көзінен уақытпен, арақашықтықпен, сондай-ақ затпен қорғанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет