Кіріспе Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі



бет1/4
Дата25.01.2017
өлшемі0,74 Mb.
#7842
  1   2   3   4
Мазмұны


Кіріспе

1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.

1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.

1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.

2.2Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).

3. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін

жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.

Қазақстан Республикасы Заңының 4 – тараудың 16 – бабын қарастырып өтсек.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың,

жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан

өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – 4 – жыл.

Білім және ғылым минстрлігі « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы » жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынылды.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н.Ә. Назарбаев « Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер... орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек » деп атап көрсеткен еді.

Білім беру жүйесіне енгізілетін түбегейлі жаңалық – ол 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшумен бірге, орта білім берудің III сатысында, яғни 11–12 сыныптарда бейіндік оқыту мен техникалық және кәсіптік білім беру.

Осы екі бағыттың қайсысында оқығанымен, оқушыларға 12 жылдық оқу бағдарламасы деңгейінде білім беріледі және жобада көрсетілгендей « орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен – Бірыңғай ұлттық тестілеумен аяқталады.

Орта білім алу міндеттілігі, яғни 12 жылдық білім беру бағдарламасына сәйкес білім алу міндеттілігі еліміздің Конституциясының 30 – бабына

сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанға дамыған шет елдердің орта білім беру жүйесінің моделі неғұрлым тиімді болады деп ойлаймыз. Қазақстанда міндетті орта білім екі сатымен (бастауыш және орта – 10 сынып) шектелуі тиіс, ал 11 және 12 сыныптар жоғары оқу орындарында іргелі білім алуға

негіз болатын арнайы пәндерден дәріс беретін жоғары орта білім сатысына айналғаны жөн деп есептейміз.

Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты жарық көрді. 12 жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. 12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтың және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылуы тиіс.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету;

Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні:

Зерттеу міндеттері: зерттеудің мәселесі, нысанасы, пәні және мақсатына сәйкес зерттеудің мынадай міндеттері таңдап алынды:


  1. Бастауыш сынып оқушыларының сөзік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып, шолу жасау.

  2. 2-сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.

  3. Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы маңызын ашып, ұсынылған бағыттарды практикалық қолдана білу.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Ордабасы ауданы, «Көкбұлақ» орта мектебінде өткізілді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.

Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені – тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.

Тіл дамыту – ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқу-шыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы.

Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері – тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу – психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу – психо-логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр.

Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т.б. жақтары анықталмаған.

Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл – адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты.Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.

Тіл – тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін , адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.

Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.

Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К.Д. Ушинский.

Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте отырған, келешекте отыратын жаз жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі оқушыларымызға ана тілін қалай меңгертуімізге байланысты. Енді бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.

Міне, сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік жүктелмек, ол жауапкершілік – ата-бабамыздың әр сөзін сан ғасыр бойы сомдап жасаған ұлы қазына ана тілін көздің қарашығындай сақтап, кіршіксіз күйде келешек аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған халқының ақыл-ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту. «біздің қазақтың ісң жаңа басталып келе жатыр...XX ғасырға дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген асыл мүлкін қолына алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», деп жазған болатын осы ғасырдың басында қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагог А.Байтұрсынов.

Тіл – рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық, қазыналық, мән-мағыналық. Тілін меңгерген адам – сара жолын сараптап, игерген адам.

Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани жағынан байытады.

Қазақ тілі – аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А.Жарри дн Манси « Қазақ тілі түркі тілдерініңішіндегі мейлінше таза тілдердің бірі» (Жарри де Манси « История древних и новых литератур, наук и язящных искуства Москва, 1832. 104-105 стр), - десе, В.В. Радлов « Зигро» журналының алтыншы томының 70 бетінде жарық көрген « Средняя зарафшинская долина» мақаласында: « Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар мен орыстардың бойынан ғана байқаймыз», - деп жазды.

Татар ғалымы А.Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең

табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді.

Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз – ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі – тілдерді қолдану мен дамыту болып отыр. Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақ тілін өркендетудің нақты 11 жолын атап өтті.

1. Қазақ тілді балабақша санын тиісінше көбейту;

2. Қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның соңғы жетістіктерімен жабдықтау;

3. Қазақстанның барлық мектептерінде оқушылар қазақ тілін еркін меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес – алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;

4. Барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс;

5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;

6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылу;

7. Қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге жан – жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;

8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, салт – дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыруы қажет;

9. «Тілдер туралы» заңды қайта қарап, замана талабына сай өзгерістер енгізу;

10. Бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан кемімеуі;

11. 2010 жылға дейін жасалған « тілдерді дамыту» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау.

Соңғы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалаларда да оқушылардың тілін дамыту мәселелеріне әжептеуір көңіл бөлгенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ә. Сыдықовтың «Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады?» деген мақаласын айтуға болады. Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлеу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4 түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке бөледі:

Көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді.


  1. Оқушы сөздің, сөйлемнің мазмұнын тез айыруға дағдыланады. Бұл кезде мұғалімнің көмегі керек.

  2. Оқушы өз бетімен оқып, шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын шығарып, сөз жасау басталады.

  3. Оқыған нәрсені жазады.

  4. Сауалнама, қолхат сияқтыны жазады.

Аманжолұлы Сәрсеннің «Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы» деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. «Ана тілді оқу тек оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай

жаттап алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық білгенге саналады», - дейді автор.

Ана тілді мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер берген белгілі әдіскер – Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін» оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар.

Ш.Сарыбайұлы еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер мол ұшырасады. Мысалы, зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады. «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей әдістерді қолданамыз:

1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда кездестірген сөздерді тергізіп, оны күн сайын тергізіп отырамыз.

2. Сол теріліп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.

3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.

4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың мағынасын біліп келуді тапсырамыз.

5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.

6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ

байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз».

Ғалымның бұл пікіріне тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар.

Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек – профессор Қ.Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала ... оқығанын, есіткенін қысқаша түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрақтарға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана отырып сөйлеу, т.б.) қысқаша түрде аталып өтеді.

Ендігі бір көңіл аударатын еңбек – С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қорытынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөйлеуді үйрететін жұмыс – мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: «... тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы – мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде,

басшылыққа алынатын құралдардың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген, оның өзі де толық қамтылмаған.

С.Жиенбаев – алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, юұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қлоданудың мәнін көрсеткен әдісекер.

Ғ.Бегалиев «Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мәселелері» еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тілі» пәнін оқыту әдістемесіне байланысты да айтылады. «Ана тілі» пәнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:

1.Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді мүлде білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.

2.Оқылатын текстіде кездесетін кейбір затты, сынды, я амалды көрсететін сөздерді оқушылар біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды әдеби тілімізде қолданатын, жалпыға ортақ атаумен атауды білмейді, тек төңірегіндегілер білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мәселен, текстіде шалбар, дуал, алжапқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сымбелдемше, аптаап деген аттарын ғана біледі, өйткені оларды төңірегінделер солай атайды.

3.Оқушы кездескен сөздің негізгі мағынасын біледі, бірақ сол сөзге жұрнақ жалғанғанда немесе сөз тізбегінде айтылғанда, мағынасында қандай өзгешілік болатынын айыра алмайды: құладым – құлап кете жаздадым, көл – көлшік, жылы – жылылау, ат – атақ, оқылды – оқылған, оқимын – оқып отырмын деген сөздердің арасындағы айырманы дәлдеп білмейді.

4.Кездескен сөздердің тура мағынасын (бірме-бір мағынасын) біледі, бірақ сол сөздің бұрама мағынасын білмейді. Мысалы, құс ұшты – Сәрсен үкідей ұшты, қолымды сермедім – қолымды кеш сермедім.

5.Текстіде кездескен кейбір сөздердің екйбір мағыналарын білмеуі мүмкін. Мысалы, көз тоймаушылық, күншілдік, әуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т.б.

Оқушылардың тілін ұстарту әдістемесініңнегізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген – орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский.

К.Д.Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін құрды.Ол жаттығулардың сатылары мынадай:

1. бақыланған заттарды атау;

2. іс мақалаларын мазмұндау;

3. заттарды салыстыру;

4. сипаттау;

5. болған оқиға жөнінде әңгіме құру.

Ал, Телжан Шонанұлының «Тіл дамыту» оқулықтарындағы оқушы тілін дамытуға арналған жаттығулар түрлерін мына жүйеде берді



  1. Мәтін құрамымен таныстыру. Мәтінмен жұмыс жүргізу, жоспар түзіп, сол бойынша мәтін құрғызу.

  2. Граматикалық ережелерді игеруге бағытталған жаттығулар.

  3. Мәнерлеп оқуға арналған жаттығулар.

  4. Суреттерге қарап ауызша, жазбаша әңгіме құрғызу.

  5. Жазылған әңгімелер бойынша мәтін құрғызу.

  6. Іс-қағаздармен таныстыру.

7. Кітап, оқулықтарды дұрыс пайдалануға дағдыландыру.

8. Газет-журналдармен жұмыс жүргізуге үйрету.

Өкінішке орай Телжан Шонанұлының әдістемелік мұралары, құнды пікірлері күні бүгінге дейін жарияланып, мұғалімдер мен әдіскерлердің игілігіне айналмай келеді.

Бастауыш мектепте ана тілді оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар көздейтін үш кезеңнен тұрады:

1. Сауат ашу, тіл дамыту (Әліппе).

2. Оқу, тіл дамыту (Ана тілі).

3. Грамматика, емле тіл дамыту (Қазақ тілі).

Оқушылардың тілін дамыту, сөз дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуді,яғни белгілі тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгертубарысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тіркесіне; сондай-ақ ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйретуді мақсат еттік.Егер осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып, сөйлеуге үйрету) күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланыста біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни тіл дамыту осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады; ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Сондықтан бұлайша топтаудың өзі – шартты түрде ғана, яғни тіл дамытудың мазмұнының нені қамтитығын көрсету.

Біз психология, педагогика ғылымдарының соңғы табыстарын басшылыққа ала отырып, үлгілі мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйеніп, жоғарыда атап өткен үш кезеңдерге орай, тіл дамыту мына сияқты бағыттарды қамтуы қажет:

1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту.

а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;

ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;

б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс;

в) антонимдермен жұмыс;

г) көп мағыналы сөздермен жұмыс;

д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;

е) мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету;

ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру мәселелері қамтылады.

2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.

3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар оқығандары мен көргендерінінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, жазбаша баяндауға үйренеді,сондай-ақ ұсынылғантақырыптарбойынша материалдар жинап, жүйелеп, өз жандарынан ауызша, жазбаша әңгіме құрастыруға үйренеді.

Бастауыш оқу жоспарына бүкіл ғылым атаулының барлығы енгізіле бермейді, ғылымдардың ең негізгілері, оның өзінде бастауыш сынып балаларына оқыту үшін сұрыпталып алынған, өмірді, қоғамның даму заңдылықтарынан білім беретін ғылымдардың негізі ғана ену мақсат етіледі. Пәндердің ішінде тілдің алатын орны ерекше зор. Өйткені тіл – адам баласының ең басты қатынас құралы. Тілді оқыту, оның ішінде ана тілін оқытудың міндеттері әрбір халықтың мәдениетінің, әдет – ғұрпының қалыптасуы мен дамуын таныту мақсаттарынан тұрады.

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында « Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлднену мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін жетілдіру тіл үйренуде ең басты міндет. Сөйлеу тілінің бірнеше стилі блалады.Қазақ тілінде сөйлеу тілінің мынадай стилі бар. Ең алдымен сөйлеу стилі. Бұл – стиль жағынан өте нақышталмаған, қарпайым сөздердің күнделікті айтылуы. Сөйлеу тілімен салыстырғанда анағұрлым жоғары саналатын ақындық, шешендік, академиялық, ғылыми стиль бар. Әртүрлі жаргондар, сөздердің әдеби тілдегі айтылу нормасынан ауытқулары осы ауызекі сөйлеу стиліне жатады. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір – бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйрененді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет. Әр сыныптың бағдарламасына қарай оқушылар ждаңа сөздер меңгереді. Мұғалім оқушыларға жеке сөздерді жаттаумен тынбай, сол сөздерді қатынастыра отырып қазақша сөйлем құрастыруға үйретеді. Яғни оқушы неге осылай айтамыз? Қалай айтуға болады? Дұрысы қайсы деген сұрақтарға жауап іздейді.

Оқушылар өздерін қоршаған ортамен таныса отырып сөздік жұмысын іске асырады. Өздеріне аты белгісіз зат не құбылыспен танысқанда, оның өзімен немесе атауымен чөздік арқылы танысады. Сөз – тілдің құрылыс материалы. Ал грамматика болса сөздердің өзгеру мен сөйлем ішіндегі байланыстың заңдылығын үйретеді, қалыптастырады. Бұл заңдылықтарды білу үшін түрлі сөйлемдер, сөз тіскестері меңгеріледі.

Оқушы ең алдымен тілдің дыбыстық құрылысын меңгеруі шарт. Ол үшін дыбыстарды дұрыс айтуға (орфоэпиясын) жаттығады. Ол мұғалімнің айтқанына еліктей отырып, қазақ тілінің фонетикасын, сөзге түсетін екпінді, интонацияны, сөздерді дұрыс оқуды меңгереді, жаттығады. Мұғалім оқушыларды бірімен сөйлеу мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне (дауыс ырғағы, өзін ұстау, сөйлеушіні тыңдай білуге) үйретуі қажет.

Оқушылардың өздеріне айтылған сөзді тыңдай білуге, оны түсініп, сөйлесе білуі (бір – бірімен) , сұрақтарға жауап беруі, сұрақ қоя білуі мұның бәрі олардың сөздік қорының тілдің грамматикалық құрылысын дұрыс меңгеруіне байланысты. Осының нәтижесінде оқушылар бір – бірімен кезектесіп сөйлесуге жаттығатын болады.

Оқушылар қазақ тілін де, ана тілін де байланыстырып, сөйлеу білуі үшін оқығанын, түсінгенін, өз пікірін айту бала – бақшадан үйретіліп, жаттықтырылуы керек. Оқушының түсінігін тыңдау арқылы оның сөздік қорын, сөйлем құрастыру дағдысын, мазмұнын қалай түсінгенін анықтауға болады. Әдетте балалар басқалардың айтқан әңгімесін тыңдай отырып, соларға еліктеп өз түсініктерін (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) айтуға жаттығады.

Тілді оның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы ролін зерттеу – адамның бүкіл таным қызметінің қалыптасуын қарастыруда ерекше маңызға ие болып отырған ғылымның басты мәселесіне айналды. Ал баланың танымдық қызметі баланың өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауы, яғни ұрпақтан – ұрпаққа бұрынғылардың тәлімі мен тәрбиесі, іс – тәжірибесінің берілуі процесінде қалыптасады. Балғын шақтан есейіп, ересектер қатарына өту барысында баланың психикалық дамуының негізгі бір формасы - өзара сөйлесу, пікірлесу арқылы өзгелердің іс – тәжірибесін бойына сіңіру болып табылады. Балалар тілінің рөлін, олардың сөйлесу қызметін зерттеу ғылымның басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Ғылыми тұрғыда негіздей отырып, бала тілін, сөздік қорын зерттеуге алғаш ден қойған психологтар болды. 1940 жылдары О. Моурер фонологиялық даму теориясының негізін қалаушылардың бірі болды.

Р. Якобсонның болжамы бойынша балада алғашқы фонологиялық дағдылардың қалыптасуы алғашқы он – онекі айлық кезеңде басталады. Яғни, сөйлеу қабілетінің дамуына немесе оның жан – жақты дамуының бір бөлшегі ретінде қарастырса, енді біреулері (Д.Ольмстел 1971; Д. Стэмп 1969;) бала тілінің дамуын оның өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауына байланысты қалыптасатынындығын дәлелдеуге тырысады. Б. Московичтің пікірінше, бала бірте – бірте айқындала түсетін дыбыстық бірліктерді айтуды үйрене бастайды, буындардан ол өз бетінше дыбыстық құрылымдар түзуге (сөздер құрастыруға) бейімделеді.

Әдетте бала өзіндік сөйлеу әрекеті тән. Кейбір идеалистік бағыттағы психологтардың ( Д. Элласберг, Э. Клапаред, К. Бюлер) пікірі бойынша, баланың сөйлеу әрекеті бірден пайда болады. өз тіліндегі сөздік қорға қанағаттанбаған екі жасар бүлдіршін өзінше тілдесуге қажет сөздер ойлаптабады. Ол сөздер тек өзінің айналасындағы азғана ортаға түсінікті болады.

Баланың сөздік қоры 1 жыл 8 айдан асқан соң жедел дамиды. Егер 1,5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25 – тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішінде сөздік қордың басым бөлігін зат есімдер (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12%) құрайды.

Әрбір жас кезеңдегі сөздік қордың қалыптасуындағы балалардың өзіндік ерекшеліктері мен сөздерді қабылдау және қолдану ерекшеліктеріне де баса назар аударады.

Тілдің гамматикасын меңгеру баланың жалпы дамуымен де (ақыл – ой қызметінің кеңеюі, өз бетінше ізденістері) сабақтас дамиды. Сондықтан да түрліше әрекет жасау барысында баланың мазмұнды өмір сүріп, ой - өрісін дамытуы, үлкендермен тілдік қарым – қатынас жасауы оның тілінің дамуына ықпал етеді. Олардың сөздік қоры молайып, алғашқы грамматикалық формаларды меңгеруі жетіле түседі.

Баланың сөйлеу білуге деген алғашқы талпынысы – оның дамуының бастапқы кезіндегі басты нәрсе. Ол үлкендердің сөйлеген сөздерінен бірнеше мәрте қайталанатын белгілерді ептеп түсіне бастайды. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, екі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мектеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3,5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жеткізе алады.

Зерттеулер көрсеткендей түске, үлкендікке, заттың жай күйіне байланыстыерекшеліктерді жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады.

«Сөзге» қарағанда, балаға сол зат, белгі, құбылысты көрсету, оларды ажырата отырып көрсету арнайы үйретусіз-ақ тез қабылданады. Сөз жалпылама ұғым болғандықтан, бала тез арада өзі қабылдаған сөздерді белгілі бір топтарға бөле отырып меңгере бастайды. Баланың өз бетінше меңгеруі алғашқыда әрине, қателесусіз жүрмейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс арсындағы байланысты білдіретін сөздер (кеңістік, сан т.б.) сезімдік қабылдауға негізделеді де, балаға көрінбейтін болғандықтан, ол нәрселер мен байланыстарды үлкендер түсіндіреді.Бұларды түсінуге талпыну және тілде қолдану баланың ойлау қабілетін дамытады. Сол секілді үлкендердің сезімдік, эмоциялық күйін білдіретін сөздерде балаға түсінікті бола бастайды да, бала да эстетика, адамгершілік туралы алғашқы түсінік қалыптасады.

Балада алғашқы кезде өз шамасын байқап көру қасиеті үлкендермен, заттармен байлнысқа түсу, яғни сөз арқылы жүзеге асады. Алғашқыда ол зат пен құбылыстың аттары арқылы,ал кейінірек жіктеу есімдіктері арқылы, содан соң өзін басқа балалармен салыстыру арқылы жақсы және жаман қаситтерді ажырата бастайды.Сөздік қорын дамыту арқылы бала ертегі, өлең тыңдауға, ән салуға, мәнерлі де, мәнді сөйлесуге бейімделе бастайды.

Демек, баланың алғашқы сатысында оның физиологиялық және физикалық дамуы мен ойлау белсенділігі үлкенденрдің жүйелі тәрбиелік жұмыстарына байланысты болады. Өмірдегі құбылыстарды көру, есту арқылы бұл жаста бала психикасында үлкен өзгерістер байқалады. Ол өзін қоршаған құбылыстарды, үлкендердің сөздері мен іс-әрекеттерін ойын арқылы ойнап, сол ойындарда қолдана бастайды.

Дұрыс ұйымдастырылған ойындарда балаларда жақсы дағдылар қалыптаса бастайды, яғни ойын – ойды дұрыс дамытады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Н.А.Менчинскаяның пікірінше, «таным, танымның қалыптасуы өзара байланысты екі процестен тұрады: білімді игеру және оны қолдану».

Баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеуі бірінші сигналдарға қарағанда жетекші орында болады, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал сөздік қоры мен ойлау жүйесі нашар дамыған балалардың сөздік қоры, сөз байланыстары тек белгілі бір ғана бағытта болады да, әр түрлі жағдайдың өзгеруіне қарамай, олардың жауаптары бір жақты болады. Психиклалық процестердің дамуындағы сөйлеудің рөлі жайындағы бұл саладағы зерттеулердің объектісіне жататын көптеген өзекті мәселелерінің туындауына әкеледі.

Балалардың тілінің дамуы мен қалыптасуын зерттеу балалар технологиясы мен психолингвистиканың проблемаларын шешуде ғана емес, сонымен қатар тілдің табиғаты жөніндегі аса маңызды, әсіресе, балалар тілі онтогенезін, оның осы арқылы тілдің лексикалық, грамматикалық категорияларын, оның фонологиялық жүйесін және мәтін тудыру механизмдерін танып-білуді аса маңызды роль атқарады.

ХХI ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында балардың сөйлеу тілін зерттеу психологтар мен тілші ғалымдар назарын өзіне аударды, балалар ойлауының, ой-өрісінің деңгейін білдіретін алғашқы жиілік сөздіктер пайда болды.

Оқушылардың сөйлеу әрекеті, оның құрылымдық-типологиялық ерекшеліктері жоғары лингвистикалық шамалар лексикалық, морфологиялық, семантика – синтаксистік ерекшеліктер нәтижесінде қалыптасады.

Элькониннің пікірінше, бала қызметінің барлық жағы мазмұны, формасы бойынша қоғамға байланысты, сондықтан бала өз өмірінің алғашқы ағашқы күндерінен бастап, қоғамдық дене болып табылады. Оның адамзатқа тән мәдениетке жетуі белсенді әрекетіне байланысты болады. Баланың сөздік қоры сыртқы жағдайлармен, динамикалық әрекетпен сипатталады. Баланың жеке іс - әрекеттерінің күшеюіне және өзге балалармен көбірек араласуы оның өз жолдастарынан көргендері мен алған әсерін айту үшін монолог түрінде түсіндіру, айту қажеттілігін тудырады. Бұған қоса әрекеттердің өзара байланысуы, бір нәрсеге баға беру, бұйыру т.б. формасында да сөйлеуі үнемі даму үстінде болады. Мұның барлығы балалардың сөздік құрам мен тілдің грамматикалық құрылысын интенсивті меңгеруіне әкеледі де, олардың сөзі бір-бірімен байланысты, жүйелі бола түседі. Ауызша тілді меңгерудің жүйесіз түрінен мектепте морфология мен лексиканы үйретудің жүйелі тәсілдеріне көшу үшін мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше тілімізде жиі және сирек қолданылатын жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар.

Тілдің синтаксисі мен семантикасына квантитативтік әдістер қолдануда көптеген қиындықтар бар: біріншіден, өте үлкен мөлшердегі сөз, сөз тіркестерінің жиыны қажет, екіншіден, мәтіндердегі сөз тіркестерін қарастыруда жекелеген қиындықтар туындамай қоймайды.

Балалар тілін квантитативтік әдіспен зерттеу – олардың лексика – грамматикалық ерекшеліктерін ашуда, сонымен қатар бастауыш білім беру кезінде оларға берілуге тиісті материалдың сандық және сапалық ерекшеліктерін анықтай отырып, алынған зерттеу нәтижелерін көркем әдебиет пен публицистикалық жанрдағы үлгілермен салыстыру арқылы тілді меңгертудің кейбір тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда аса маңызды.

Құрастырылған стандарт негізінде бастауыш білімнің бағдарламлалары жарық көрді. Сауат ашу әліппе мен оқу кітабынан тұрады. Бастауыш сынып пәні бойынша оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәденниетін қалыптастыру; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту; ана тіліне деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, ізгілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарын көздейді.

Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлеу, сөйлем, сөз дыбыс және олардың шартты белгілерімен танысады. Дауысты, дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық материалдар талдау әдісімен беріледі. Тіл дамытудың төрт міндеті жүзеге асырылады.

-сөздік қорын дамыту;

-байланыстырып сөйлеуге үйрету;

-грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;

-сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет