Кіріспе волейболшылардың секіруінің дамуына дене дайындығының тиімділігі Волейбол ойындарындағы қимыл-қозғалыстардың спортшы денсаулығына әсері 2 Волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйренуде және дамытудағы дене дайындығының әсері


Қимыл дағдысын қалыптастырудың үшінші сатысында



бет17/18
Дата07.02.2022
өлшемі214 Kb.
#87379
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
1 Қуанышов Нурсултан Қуанышович ВОЛЕЙБОЛ Диплом 2012
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Қимыл дағдысын қалыптастырудың үшінші сатысында түрлі жағдайларда амалды бірнеше дүркін орындау барысында қалыптасқан қимыл жүйесінің тұрақтылығымен сипатталады. Қимыл дағдысы да қарапайымдалып, өздігінен орындалатын жағдайға жетеді. Автоматтандыру кезеңдері күрделі жағдайда амалдарды қолдану тиімділігіне назар аударуға мүмкіндік береді. Жағдайды күрделендірудің екінші кезеңінде ойында әдіс амалдарын қолданумен байланысты дағды іскерлігін тәрбиелеуге, ал үшінші кезеңде ойын жағдайын талдауға, саналы іс-қимылды уақтылы таңдап, оны нәтижелі пайдалануға назар аударуға көмектеседі.
Дене сапасы нақты қимыл шабуылдарында байқалады. Дене сапаларының деңгейі жоғары болған сайын (негізінен нақты қимыл дағдысына тән үйлесімдерде) дағды тиімді болмақ. Дене сапаларын жетілдіру қимыл дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі. Алайда, спортшының дене қабілеті толық көрінуі үшін қимыл әдісі кінаратсыз болуы шарт.
Дене сапаларының дамуы қимылды қайта құруды, яғни белгілі бір әдісті өзгертуді талап етеді. Егер волейболшының секіруі жақсарса, бұл шабуыл соққысының әдісінде де (жүгіріп келу, доптың ұшу бағыты мен жылдамдығына қарай сермеу құлашы) көрініс табуы керек. Сонымен, дене сапасы мен қимыл дағдысы арасынад өзара тығыз байланыс болады.
Ойынның жаңа әдістік амалын үйренер алдында тек осы амалға тән құрамды дене сапаларының тиімді деңгейіне дейін дамыту қажет. Дағдыларды оңтайлы ауыстыру принципі бойынша оқушыларда жаңа амалдарды меңгеруді жеңілдететін қимыл дағдылары қоры болғаны маңызды.
Волейболшыларды оқыту әдістемесінде мынадай кезеңдер бар:
Үйренетін амалдармен таныстыру.
Жеңілдетілген жағдайларда амалдарды үйрету.
Күрделенген жағдайларда амалдарды үйрету.
Ойын амалдарды бекіту (қолдану).
Волейболдағы барлық әдістік амалдарды бір сәтке допқа қол тигізу жағдайында орындайды. Қажетті сапалар мен қабілеттерді дамытудың жоғары деңгейі ойын дағдыларын меңгеру үшін қолайлы жағдай тудырады. Волейболдың ерекшелігін ескере отырып, оқу-жаттығу барысында мына жайттарды есте ұстаған жөн:

  1. Волейболшыларда доптың ұшу бағыты мен жылдамдығы мен өз қозғалысын дәл

есептеу керек, бұл іс-қимыл орнына уақытында шығуға көмектеседі. Бұл амалдың жарқын көрінісі – тосқауыл, шабуыл соққысы, қорғаныстағы ойын.

  1. Нақты әдіс амалына қолданылатын арнайы үйлесімді қабілеттерді, сондай-ақ доп

беруде, доп тастауда, шабуыл соққыларында қолды басқару іскерлігіне байланысты бұлшықеттердің жиырылу шапшаңдығын, арнайы дене сапаларын дамыту қажет.
3. Күрделі реакциялар шапшаңдығын, көз бағдарын, байқампаздықты, тәсілдік ойлау мен іс-қимылдың табысты орындалуына жағдай жасайтын басқа да сапаларды дамыту қажет.
Бұл сапалардың дамуы төмен болған жағдайда тәсілдік іс-қимылдарға оқыту тәсілдік айла-шарғыларды, жобаларды, олардың ойындағы қолданылуын үйрену сипатында болады.
Спорттық жаттықтырудың мазмұнын анықтау мен міндеттерін қалыптастырудың негізінде волейболшылардың жарыстық-ойындық іс-қимылдарының құрылымы мен оның тиімділігіне мүмкіндік беретін факторлар жатыр.
Жарыстық-ойындық іс-қимылдарының құрылымы бұл бүтін бір жүйеге біріктірілген құрамдас бөліктердің қосындысы (іс-қимылдар мен әрекеттер). Мұнда алдымен, спортшылардың әдістік-тәсілдік іс-қимылдар жиынын таңдау мен оларды ойын жағдайында тиімді пайдалану іскерлігіне назар аудару қажет. Волейболдағы жарыстық іс-қимылдардың негізгі құрамдас бөліктері әдістік амалдар болып табылады және қарсыласымен жарыстық сайыстың құралы қызметін атқарады, ал тәсілдік амалдар осы сайысты ұйымдастыру түрі болады.
Волейболшылардың жарыстық ойын әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін факторлар:

  • спортшылардың (көлемі, көптүрлілігі) әдістік ойын амалдарымен (қорғаныс пен шабуылдағы әдіс құралдары) жабдықталуы;

  • спортшылардың (көлемі, көптүрлілігі) тәсілдік ойын амалдарымен (қорғаныс пен шабуылдағы әдіс құралдары) жабдықталуы;

  • әдістік-тәсілдік құралдарды тиімді қолдана білу (үйренген амалдар мен тәсілдік әрекеттерді жарыстар мен ойындарда пайдалана білу);

  • ойын әрекеттерінің (қорғаныс пен шабуылда) тиімділігі (жеңістері мен қателіктері);

  • ойын қызметін орындау шеберлігі;

  • таңдаған тәсілдік жоспары мен ойын тәртібін сақтау арқылы ойындағы («қарқынды белсенділік», шығармашылық) белсенділік,

  • арнайы сапалар мен қабілеттердің даму деңгейі;

  • морфологиялық белгілер (бірінші кезекте, бойының ұзындығы);

  • жасы мен спорттық өтілі,

  • рухани ерік-жігер сапасы, жеке тұлғалық қасиеттері, ақыл-ой дайындығы,

  • спортшының жасы, жынысы мен дайындығы, ойын түрлерінің ерекшеліктері арқылы жаттықтыру құралдары мен әдістерінің құрамы;

  • көпжылдық және жылдық айналымдағы дайындықтың түрлеріне уақыттың тиімді сәйкестігі;

  • үлкен дене жүктемесінен және психологиялық қысым түсуінен кейін қалпына келтіру қабілеті, жарыс пен жаттықтыру барысындағы қалпына келтіру іс-шараларының жүйесі;

  • денсаулық жағдайы.

Волейболшылардың оқу-жаттықтыру процесінің негізгі құрамдас бөліктері дайындықтың әдістік, тәсілдік, дене, психологиялық, ілімдік, интегралдық (кешенді-толық) түрлері болып табылады. Дайындықтың әрбір түріне тән өзіндік міндеттері, құралдары мен әдістері бар, олар оқу-жаттықтыру барысын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
Волейболшылар дайындығының негізгі құралы дене жаттығулары болып есептеледі. Оларды белгілі бір тәртіппен дайындық барысында маңызына қарай топтарға бөледі. Жаттығуларды бөлу шартты түрде жүреді, бірақ бұндай амал оқу-жаттықтыру барысын дұрыс құруға, дайындықтың белгілі бір кезеңіндегі міндеттерді шешуге сай келетін көптеген жаттығулардан өзіне керектісін таңдауға мүмкіндік береді.
Жаттығуларды топтастыруда волейболшы-спортшылардың жарыстық іс-қимылдары құрылымы мен оның тиімділігін арттыратын ықпалдар алғышарт болып табылады.
Барлық жаттығуларды жарыстық және машықтану жаттығулары деп бөледі. Жарыстық жаттығуларға екіжақты ойындар (күнтізбелік, бақылау, оқу) мен қорғаныс пен шабуылдағы әдістер мен тәсілдер бойынша жаттығулар жатады. Машықтану жаттығуларына арнайы (ағымдық және дайындық) және жалпыдамытушы (негізгі қимыл сапаларын дамыту мен табиғи қимыл түрлерінің дағдысын жетілдіру үшін) жаттығулар жатады. Жарыстық жаттығулардың өзі волейболды қарастырады. Мұндағы тәсілдік әрекеттер мен әдістік амалдарды жарыстағыдай етіп орындайды.
Машықтану жаттығулары негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдетіп және шапшаңдатуға, ойын дағдыларының сенімділігі мен оның тиімділігін арттыруға арналған. Оларды арнайы және жалпыдамытушы жаттығулар құрайды. Арнайы жаттығуларды дайындық және ағымдық деп бөледі, дайындық жаттығуларының басты міндеті волейболға қажетті арнайы дене қабілеттерін дамытуға арналады, ал ағымдық жаттығуларының басты мақсаты нақты әдістік амалдардың құрылымын тікелей меңгеруге бағытталады. Ағымдық жаттығуларға бейнелеу жаттығулары жатады (әдістік амалды допсыз «орындау»). Жалпыдамытушы жаттығуларды негізгі қимыл сапаларын дамыту мен өмірлік маңызды қимыл дағыдылары мен іскерлігін жетілдіру үшін пайдаланады.
Белгілі бір міндеттерді шешу барысында оларды таңдау үшін маңызды құралдарды топтастырудың белгілі бір құрылымы бар. Жарыс жағдайындағы екіжақты ойын құрылымның шыңы болып табылады. Одан төменде бақылау ойындары тұрады, онда да күнтізбелік ойындарға қатысумен тікелей байланысты міндеттерді атқаратын жарыстар тұрады. Сосын тапсырмалары бар оқу-жаттығу ойындары тұрады. Онда оқушылардың ойын жағдайынан тыс машықтанған жаттығуларын ойында қолдануға үйренуіне бағытталған таңдаулы міндеттерді атқарады. Тәсілдік жаттығулар ойын барысына жақын келеді, мысалы, қорғаныс пен шабуылдағы командалық іс-қимылдар мен оларды бірізді орындау. Тәсілдік жаттығулардың бірізділігі төмендегідей: командалық, топтық және жеке тұлғалық тәсіл. Келесі саты - әдістік жаттығулар, мұнда тәсілдік жаттығуларға жақыны өзгермелі қасиеттері бар (тапсыма, белгі бойынша, т.б.) күрделі ойын барысында әдістік амалды қолдану болып есептеледі. Жағдайды бірте-бірте жеңілдетіп, ағымдағы жаттығуларға келеміз, одан кейін дайындық, соңында жалпыдамытушы жаттығулар тұрады. Негізгі құралдарды пайдаланудың мұндай бірізділігі дағдыны алғашқы меңгеру мен оны одан ары жетілдіру барысында ойын дағдыларын тұрақтандыру маңызды.
Волейболшыларды дайындаудағы құралдардың тиімділігі көп жағдайда оларды қолдану әдісіне байланысты. Әдістерді таңдау спортшылар дайындығы деңгейі мен міндеттері арқылы және олардың жасы, жаттықтырушының кәсіби шеберлігін нақты жағдайда қолдануына байланысты іске асырылады. Қойылған міндеттерге қарай біркелкі міндеттерді түрлі әдістерді қолданып, пайдалануға болады. Мысалы, оқушылар шабуылдағы командалық тәсілдік іс-қимылдарды демалыс үшін жеткілікті үзілістермен орындайды. Жаттықтырушы өз оқушыларының іс-әрекетіне тиісті түзетулер ендіреді. Бұл қайталау әдісі. Осы жаттығуды жарыстармен салыстырғанда жағдайды күрделендіру әдісін пайдалану амалын өзгертумен қайталайды. Жаттығуларды орындау арасындағы үзілісті азайтып (немесе мүлде алып тастайды), ал орындау санын көбейтеді. Біз енді келесі міндетті орындаймыз – яғни таңдаған тәсілдік әрекетін жетілдірумен қатар тәсілдік іс-қимылдар шеңберінде әдістік амалдарды жетілдіріп, арнайы төзімділікті тәрбиелеу қажет (әдістік амалдар дағдысының сенімділігін арттыру).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет