Кіріспе зерттеу жұмысының көкейкестілігі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БАРЫСЫ



бет10/15
Дата31.03.2022
өлшемі22,57 Mb.
#137388
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Туған өлкем

3 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БАРЫСЫ
3.1 Теңіз көрінісін материалда орындау

Өзімнің туған өлкем Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылы.


Жанбай ауылы Каспий теңізіне жақын орналасқан. Сондықтанда дипломдық жұмысымды пейзаж жанры, моринистік жанры, Каспий теңіз көрінісін бейнелегенді ниет еттім. Теңіздің буырқанған сәтін бейнелеу үшін бірнеше нұсқалар жасау керек болды. Соның ішінен ғылыми жетекшім ұнатқан біреуін таңдап алып тоқуды бастадым. Тек қана теңізді бейнелемей, қасына теңіз құсы – шағаланы қосу керектігін ойға алған мен жетекшіммен ақылдасып, теңіздің үстінде жемін аңдып жүрген сәтін көрсеттім. Жалпы теңіз аумағы бір Атырау аумағында жатқандықтан, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» деп аталатын бағдарламасында: «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені», - деп жазғанындай мен өз туған жерімде жүргенімді мақтан қылып, сол көңіл-күйімді кенеп бетіне түсіруге тырыстым. Менің дипломдық жұмысым – кенеп бетінде майлы бояумен орыналатын кескіндемелік шығарма. Қазақтың кесіндемесі – тың, қызықты һәм болашағы бар көркемдік құбылыс. Бірнеше онжылдықтың ішінде оның толыққанды қанат жаюына қазақтан шыққан алғашқы суретшілер легі Ә.Қастеев, Ү.Әжиев, Қ.Телжанов, М.Қалимов, С.Сариев, Г.Исмайлова, А.Ғалымбаева, М.Кенбаевтар септігін тигізсе керек. Қазақстанда қалыптасқан салт бойынша тоқыма бұйымдар атам заманнан қолданылып келген, үй ішіне оңашалық пен жылылықты дарытқан. Осындай дәстүрде өсіп-өнген Қазақстан қолөнершілері орасан зор, ауыз толтырып айтарлық өнер туындыларын дүниеге келтірді. Қазақ халқы талай ғасырларда қиыншылықтың қырына қарамай кейінгі ұрпақ үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнеті болу үшін күрескенде неше түрлі азапты – от пен судың тар жол, тайғақ кешуінен өтті.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Туған өлке». Толқын — ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан құбылыс. Туған жер – шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекенімде жүргендіктен, осындай құбылыс бойымнан байқалған шығар. Жалғыз шағала қазірде өмірлік жұбын тапқанша әзірге жалғыздық күйін кешіп жүрген мен де болуым мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет