Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет29/30
Дата07.09.2022
өлшемі1,56 Mb.
#148899
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
А.Ж.Алмағанбетова

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім Оқылым
Бөлімше 2.12 Шығарма кейіпкерлерін ің іс-əрекетін бағалау

САБАҚ: Әдебиеттік оқу

Мектеп:261

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



СЫНЫП: 2 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары

2.2.12.1 Кейіпкерлердің іс-əрекетіне, мінез-құлқына өз пікірін білдіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  1. Оқушылар суреттер бойынша әңгіме құрай алады.

  2. Оқушылар тірек сөздер арқылы өлең құрастыра алады.

  3. Әңгіме мен өлеңнің айырмашылығын біледі.

Окушылардың көпшілігі орындай алады:

  1. Суреттерден ертегі желісін таба алады.

  2. Кейіпкерлерге мінездеме бере алады.

  3. Оқиға желісін талдай алады.

  4. Әңгімеден проблема таба алады.

  5. Проблема шешімін таба алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

1. Әңгіменің негізгі идеясына тән мақал-мәтел таба алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  1. Төменде берілген тірек сөздерді өмірде қолдана алады.

  2. Әңгіменің негізгі идеясы аясында мақал-мәтелдер қолдана алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Шапан- чапан –
Қиқым- крошка-
Мамық – пух –
Торғай – воробей-



Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:айтылым

Талқылауға арналған сабақтар:ашық сұрақтар

  1. Неліктен анасы қызына ескерту жасады?




  1. Қызы анасының ескеруін қалай қабылдады?

  2. Қызы өзіне қандай сабақ алды?

  3. Торғайға мақта не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Алдыңғы оқу:

2.2.11.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, əңгіме, өлең) жəне стильдегі (көркем жəне бейкөркем) мəтіндердің айырмашылықтарын табу.

Жоспар

Жоспрланған
уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар

Басы

Ширату жаттығулары
1-жаттығу. «Бір уыс мақта» ертегісінің бірнеше сюжеті бейнеленген суреттер береміз/
Берілген суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырыңдар.
2-жаттығу
Осы берілген суреттерді пайдаланып өлең құрастырыңдар.
----------------- болмайды,
------------------ қалмайды.
----------------- қадірін білсең,
------------------ қолдайды.
3-жаттығу
Өздерің құрастырған әңгіме мен өлеңнің айырмашылықтарын табыңдар.

Суреттер
Қағаз
Қалам
Тірек сөздер

Ортасы

4-жаттығу
Берілген суреттер қандай әңгімеге тән екендігін табыңдар.
«Бір уыс мақта» мультфильмін экраннан көрсету.
5- жаттығу
Оқиға картасын толтырыңыздар.
А тауы › кейіпкер
ахуал
шешім проблема оқиға
6-жаттығу
Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.

Суреттер
видео
оқиға картасы
қағаз

Соңы

Сөздік жұмысы
Шапан- чапан –
Қиқым- крошка-
Мамық – пух –
Торғай – воробей-
7-жаттығу
Өмірде мақтаның пайдасын жазыңдар
8-жаттығу
Әңгіменің негізгі идеясы бойынша мақал-мәтелдер айтыңдар.

Сөздік жұмысы


қағаз

Мақал-мәтелдер



Бағалау критерийлері

Дескриптор

Ұпай
саны

Оқушылар суреттер бойынша әңгіме құрай алады.
Оқушылар тірек сөздер арқылы өлең құрастыра алады.
Әңгіме мен өлеңнің айырмашылығын біледі.
Суреттерден ертегі желісін таба алады.
Кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
Оқиға желісін талдай алады.
Әңгімеден проблема таба алады.
Проблема шешімін таба алады.
Әңгіменің негізгі идеясына тән мақал-мәтел таба алады

Берілген суреттер бойынша әңгіме құрай алады.

Берілген тірек сөздер арқылы өлең құрастыра алады.


Әңгіме мен өлеңнің мазмұнын оқи отырып салыстыра, ажырата алады


Әр түрлі мазмұндағы берілген суреттерден ертегі желісін таба алады.
Кейіпкерлерге мінездеме бере алады.

Оқиға желісін сұрақтарға жауап беру арқылы талдай алады.


Әңгіменің негізгі идеясын, проблемасын таба алады.
Проблема шешімін таба алады.

Әңгіменің негізгі идеясына тән мақал-мәтел тауып айта алады



8

8


8

8


8

8


8

8


10



Бағалау

0-32 ұпай жинаса « талпынады»
33-74 ұпай жинаса «жетістікке жетті» деп бағаланады



74

Анықтау тәжірибесінде оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды оқыту тәжірибесінен соң бақылау түрінде қайта орындатуда оқушылардың теориялық ойлауы, белсенді оқу дағдылары шектеліп қалмағанын, сөйлемді одан қалды мәтінді талдауға ұмтылыс барын жоғарыдағы тапсырмаларды орындату кезінде де байқадық.


Қорытынды

Педагогикалық эксперимент ұсынып отырған әдістемеміздің тиімділігін анықтап берді және соған лайық жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқытуға арналған әдістемелік құрал жасаудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтап берді деп айта аламыз.


Түйіндей келгенде мынадай тұжырымдар жасалынды:
1. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесі алғаш рет қарастырылып отыр. Практикалық түрде сапалылығы мен тиімділігі дәлелденген әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесі бастауыш сынып оқушыларының белсенді оқу дағдыларының қалыптасуына тірек бола алатынын ғылыми-теориялық негіздер анықтап берді.
2. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сынып оқушыларының кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру арнайы іріктелген білім мазмұны мен арнайы жаттығулар жүйесі негізінде жүзеге асыруға болады.
3. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқытуда «субъект-субъектілік» қатынас жүйесі ұстанылса ғана білім берудің гуманистік мақсаты жүзеге асырылады.
4. Әдебиеттік оқу пәнін оқыту жүйесінде біржақтылық болмауы тиіс. Дәстүрлі оқыту жүйесінде барлық әдістемелік құралдар мұғалімге арналса, қазіргі кезде оқушының бейнесі алынып отыр. Негізіне келгенде «субъект-субъектілік» қатынасқа негізделген оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушының оқу-танымдық қызметте орындайтын әрекеттерінің біріне-бірі адекватты болуын қамтамасыз ететін әдістеме ғана өміршең бола алады.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамыту әртүрлі ширату жаттығулары арқылы және белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізуге болатын әдістеме ғана өміршең болатыны практикалық тәжірибелерді талдау кезінде дәлелденді.
Сонымен қатар, ғылыми-теориялық тұғырларымызды кең арнада анықтау арқылы, жаңа бағытта, мұғалім мен оқушының арасындағы дидактикалық қарым-қытынастың гуманистік салада, өзара ынтыүдерісін құрудың жаңа мүмкіншіліктері анықталды деп толығымен айтуға негіз жасалынды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет