Мемлекеттік қайраткерлердің, ақын жазушылардың және ғалым-филологтардың ана тілі туралы айтқан сөздері, пікірлерін тыңдайық.
1-оқушы: . Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы
2-оқушы: . Тіл- ойлаудың тікелей көрнісі
3-оқушы: . Біз өз тілімізді және Отанымызды сүйеміз. Әр уақытта ана тілін шұбарламай, бүлдіріп сөйлемей, таза сөйлеу керек, тіл байлығын молайтып, тіл тазалығын сақтау керек!
4-оқушы: . Ұлт тілі - өзінің табиғи әсемдігімен ғана бай, құнарлы
5-оқушы: . Әрбір халық өзге ешбір халықта жоқ, болуға тиіс те емес, белгілі мөлшерлердегі сөздерге, терминдерге, тіпті сөз ормандарына иелік етеді
6-оқушы: . Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу - мәдениетсіздік - деп әр оқушы шығып айтады.
Оқушы:
Әкемнің құты
Шешемнің сүті
Сіңірген тұла бойыма.
Бар асылын халықтың
Құйған сана-ойыма,
Туған тілім, өркенде
Бола бер, күшті, көркем де.
Өнер алды - қызыл тіл - деп жырлаған халқымыздың сүйікті ақыны Сәбит Мұқанов.
Оқушы: Сүйемін туған тілді –анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін…
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты-
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным,- деп толғана жырлаған Сұлтанмахмут Торайғыров.
Оқушы: Туған тілім- тіршілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Тілсіз хайуан бишара,
Бишараға не шара? - деп көрнекті ақын Әбділда Тәжібаев тауып айтқан.
Оқушы: Сәлем, Ана тіліміз,
Сенсің асыл үніміз.
Ана тілін сүйеміз,
Бәрі хормен: “Ананың тілі” атты әнді айтады.
Оқушы: Сонымен сүйдім өмірді,
Жаныммен сүйдім елімді.
Көңілге көрік,
Өмірге серік,
Ән мен жыр шалқып туатын,
Сөйлесем көпке
Өрлесем көкке.
Бәрі хормен: Анамның тілі - қуатым.
Анамның тілі - айбыным.
Анамның тілі - ай-күнім.
Ойындар: Ойын өткізу, онда тілге, оқуға байланысты жұмбақ, анаграмма, шараларды шешу ұйымдастырылады.
Кештің жабылуы: Кеш басқарушының”Ана тілі” атынан айтқан қорытынды сөзімен жабылады.
-Рахмет, достарым
Бүгін- ниет қосқан күн.
Аямайтын сырымды
Баяндаймын ғылымда,
Талаптыға бәрі бар…
Менен оқып алыңдар
Айналайын балғындар.
Менен білім алыңдар!
Озат достар оқыды
Ойға білім тоқыды.
Адамдар арасындағы қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, өздерінің үлкендерге деген қарым-қатынасында оны мүлтіксіз жүзеге асыруына байланысты. Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын орындамайтын, әдептілік, кішіпейілдік көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не үміт күтуге болады?
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен адамшылығының белгісі. Ол жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы. Ата-анасы келмес сапарға аттанғаннан кейін де, олардың рухы, әруағы алдындағы міндетін ұмытпаған бала өзінің перзенттік міндетіне адалдық көрсеткен болып табылады.
Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала - ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін де: ”Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” ,- деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып, не қатер төнгенде: “Өзімді алып, баламды аман қалдыр”, деп жалбарынған.
Қарақалпақтың белгілі ақыны И.Юсупов:
Ғарышқа кетсем алдымен өзің сағынар едің,
Егер сен тумағанда мен не қылар едім.
“Жаратушым кім?”- сұраса менен,
О, құдіретті анам! Саған табынар едім,- деген өлең жолдарында ана- бала сүйіспнешілігін жеткізген.
Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің бұлағы- ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Ана баланы дүниеге келтіріп қана қоймайды, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Халықтың халықтығының басты белгісі – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да Ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан – тамыры, елдік жады болып табылатын тілі “ ана тілі” аталады. Ал, нәрестенің өмірінің нәрі – ана сүті. Халықтың ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі “ана сүтін ақтау” деп аталады.
Біздің дініміз де ананы артық ардақтауды талап етеді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен:” Адам алдымен кімді сыйлау керек?”- деп сұрағанда, ол : “Анасын”,- деп үш рет қайталап, төртінші рет сұрағанда, яғни одан кейін кімді?- деп сұрағанда барып: “Әкесін”,- депті.
Ата – ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Алайда, “Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада” демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбей, ата-анасын жерге қаратындар бұрында болған, қазір де жоқ емес. Әсіресе, қоғамда тәртіп әлсіреп, тұрмыс тауқыметі күшейген қара дүрсін бизнес пен жұмыссыздықтың етек алуына байланысты қазіргі кезде отбасылық дәстүрлі қарым - қатынастарға нұқсан келіп отыр. Оған ішімдік пен есірткі араласып, халқымыздың ежелден қастерлейтін ата- ананы, үлкенді, әйелді, қызды сыйлау - қадірлеу сияқты әдеп-инабат дәстүрлері құнсызданып кетті. Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің ғанибеті. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мерейін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Ал, ата-ана сөзіне құлақ салмай, өзі жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді. Ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы риза қылып, үнемі алғысын, батасын алуда. Сонда үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздың өркені өспек.
Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс
Ұлағат сөздер:
Жақсы перзент- сүйеніш,
Жаман перзент- күйініш
Ата-ананы ұмытқан жас- опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы. (Ғ. Мұстафин).
Кімде кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе ата-әжесі секілді қымбатты “қонағы” болса, ол- үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса , ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. (Платон)
Ағайын – алтау, Ана – біреу.
Анаңа ауыр сөз айтпа, атаңа ауыр жүк артпа.
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
“Қабуснамадан”
Ей, балам, ойыңа тоқып алғын, ата-анаңа құрмет-ізет қылуды мойынға алу ләзім.
Себебі баланың түп негізі – ата-ана болып табылады. Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге даяр тұрады. Егер әрбір перзент ақылды дана болса, ата-ананың мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды. Ата-ананың жұмысы- сені тәрбиелеп өсіру және сені жақсылыққа үйрету. Ата-ананың көңілін сен ренжітуші болма, жан жүрегіне қаяу түсірме. Сен ата-ананың хақын адамгершілікпен, ақыл-санамен өте мұқият бол.
Ата-анаң саған жанын салып қамқорлық жасауда, ал сен оларға кереғар іс істесең, онда сен ешқандай жақсылыққа даяр емессің, лайық емессің. Себебі, адам ата-ананың дәрежесін білмесе, басқа біреудің жақсылығына баға бере алмайды. Егер перзентіңнің өзіңді құрметтегенін қаласаң, онда сен де ата-анаңды құрметте. Себебі: ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді, балаң саған соны істейді.
Адам – жеміс, ата-ана – жеміс ағашы. Жеміс ағашын жақсы қарап, күткендей ата-анаңды аялап бақсаң, сен туралы олардың дұғасы қабыл болады. Ал, балалар бірінші бағып-қағатын, асырайтын, жоғыңды жоқтайтын, барыңды мақтайтын ата-ананың қадірін ақтайық. Ата-анамыздың сүйеніші,мақтанышы болайық.
Достарыңызбен бөлісу: |