Кіріспе. Зерттеу тақырыбының өзектілігі


§ 1. Күндегі гравитациялық қызыл ығысу



бет14/16
Дата24.02.2022
өлшемі450 Kb.
#133269
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
stud.kz-16742

§ 1. Күндегі гравитациялық қызыл ығысу.
Салыстырмалық теориясы бұрынғы оқулықтарда Күннің сәулелерінің гравитациялық қызыл ығысуы жөніндегі эксперименттер қолайлы болған эксперименттер деп санайды. Күн Жерден 1,5*1013см қашық болғандықтан, оның Жердің бетіндегі потенциалы 1013 см2//сек2, ал Жердің өзінің потенциал айырмасы 2*1015см2/сек2. Дәлірек айтқанда Күннің тартылыс өрісі өте біртексіз. Себебі, ол қашықтық квадратына кері пропорционал кемиді. Сондықтан біз осындай біртексіздік жарықтың толқын ұзындығына әсері жөнінде алғышарттар жасауымыз екрек. Қарапайым жағдайда, егер ешқандай біртексіздік жарықтың толқын ұзындыығна әсер етпейді десек, онда болжанған қызыл ығысу мынаған
  тең болады.
Әрине бұл өте кішкентай шама, бірақ Күннің спектріндегі орнын дәл өлшеуге болғандықтан, қара спектрдің сызықтары бар. Бұл сызықтар спектрді түзейтін химиялық элементтерді анықтайды. Күннің спектріндегі сызықтардың толқын ұзындығын соған сәйкесті химимялық элементтің толқын ұзындығымен салыстырып қызыл ығысуды анықтауға болады. Осылайша гравитациялық қызыл ығысу экспериментте анықталады. Бірақ оның шамасы жарықтың шығатын Күн бетіндегі аймақтың орнына тәуелді болады. Егер Күн дискісінің центрі бақыланса, онда ол кіші және максималь болады. Егер жарық Күн дискісінің шетіне келсе, бұл құбылыс толығымен түсініксіз. Бірақ ол эквиваленттік шартына сәйкес келмейді. Бірнеше таза астрофизикалық құбылыстар қызыл ығысу береді. Бірақ оның шамасы Күндегі орнына байланысты өзгермейді деуге негіз жоқ. Тағы бір қиыншылық туады. Ол зерттелетін сызықтар асимметриялық формада және ол Күннің орнына байланысты өзгереді. Бақыланған қызыл ығысу шамасы Эйнштейннің қызыл ығысуы шамасына жуық. Бірақ, спектр сызығының түзілуінің физикалық жағдайы анықталғанша, белгілі бақылауды эквивалентілік принципінің дұрыстығын тексеретін бірден –бір мәлімет деуге әлі де болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет