Тақырыбы: «Қарақат бұтағы»
Мақсаты:Дәстүрден тыс әдісті пайдалану арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Мақталы таяқшаларды пайдаланып, суретті қағаз бетіне түсіру. Балалардың табиғат әсемдігіне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам, мақталы таяқшалар.
Мақталы таяқшалармен жұмыс істеу үлгісі: Жай қарындашпен қарақаттың сабағының пішіні салынады.
Сабақтың төменгі жағынан бірнеше кішкентай бұтақтар салынады.
Қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып, салынған сурет боялады.
Мақталы таяқшамен бөлінген кішкентай бұтақтар бойына нүктелерді түрту арқылы қара түсті қарақаттар салынады.
Сабақтың жоғарғы жағына қылқаламмен жапырақтарды бейнелеуге болады.
Көркем сөз: Аулада бар бүлдірген,
Жалықпа тер бір-бірден.
Қышқылтым тәтті қарақат,
Қарақат теру рақат-ақ!