Кіріспе Зерттеудің өзектілігі



Дата15.03.2022
өлшемі14,3 Kb.
#135644
түріСабақ
Байланысты:
Курсовой Молдабай Қ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту...................
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тіл дамыту жұмысын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу...................................................................
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда орындалатын оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі...............................................
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда суретпен жүргізілген жұмыс.........................................................................................................................
Қорытынды................................................................................................................Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................

2
Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне мән берілген. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, олардың айнласындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түісінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса оытрып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүогізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.
Зерттеудің мақсаты: жас ұрпақтың ой-өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім – дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналдағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімін, ой-өрісін жетіле түсуіне негіз болады.
Зерттеудің міндеттері: Жүргізілетін тіл дамыту жұмысының көлемін, мазмұнын жүйесін анықтау; Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданып жүрген тиімді әдіс – тәсілдерді саралап, жинақтау; Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс-тәсілдер жүйесіе жасап, оны тәжірибеде қолдану.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық,
3
педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу процесін бақылау, психологиялық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, әңгіме, эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және қорытындылау, арнайы ойындар, жаттығулар өткізу және оны талдау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: мектепке дейінгі балаларға тілдік қорын байытып, дыбысталуы қиын сөздерді үйрету, балалардағы танымдық көзқарасын байыту және оны дамыту; Тәрбиешілердің әр баламен жеке сөйлесіп, психологяилық көмек білдіру, т.б.
Зерттеудің нормативтік құқықтық базасы: ҚР кодекстері мен конституциясы, Білім туралы заң, Стратегиялық білімді дамыту бағдарламалары және т.б. құрайды.
Зерттеу базасы: ОҚО, Тараз қаласы, №12 бөбекжай-балабақшасы.

4

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет