«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет86/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Бейімделу

Адаптация

Adaptation

Альтруизм

Альтруизм

Altruism

Жүйкелік анорексия

Анорексия нервная

Anorexia nervosa

Биологиялық жас

Биологический возраст

Biological age

Бластула

Бластула

blastula

Булимия

Булимия

Bulimia nervosa

Жастық сағат

Возрастные часы

Age clock

Қиялдағы көрермендер

Воображаемые зрители

Imaginary audience

Жұмыстың сыртқы факторлары

Внешние факторы работы

Extrinsic factors of work

Генотип

Генотип

Genotype

Генетикалық кеңес беру

Генетическое консультирование

Genetic counseling

Деменция

Деменция

dementia

Лонгитюдті әдіс

лонгитюдный метод

longitude metod

Тест

тест

test

Проективті әдіс

проективный метод

projection metod

Индивид

Индивид

individual

Жеке тұлға

Личность

personality

Зерттеу әдістері

Методы исследования

methods of the study

Анкета әдісі

Анкетирование

questionnaire

Бақылау

Наблюдение

observation

Эксперимент

Эксперимент

experiment

Зигота

Зигота

zygote

Инстинкт

инстинкт

instinct

Когорт эффектісі

Когорты эффекты

Cohort effects

Инсульт

Инсульт

stroke

Орта жастағы дағдарыс

Кризис середины жизни

Man in midlife crisis

Қоғам

Общество

Society

Жыныстық хромосомалар

Половые хромосомы

Sex chromosomes

Кәсіби цикл

Профессиональный цикл

Occupational cycle

Психологиялық жас

Психологический возраст

Psychological age


Бейімделу - Пиаже теориясындағы процесс, осы процесс негізінде нәрестедегі схемалар түрі өзгереді, нақтыланады, дамиды.

Альтруизм – адамгершіліктік бағалаудың орталық мотиві мен критериийі болып басқа адамның және әлеуметтік қоғамның қызығушылықтары мен құндылықтары табылатын жеке тұлғаның құндылықтық бағдарлану жүйесі.

Жүйкелік анорексия – адам өзінің толықтығын көп ойлап, тамақтан бас тартады. Өлімге дейін әкелуі мүмкін.

Биологиялық жас - өмір сүру барысында адамның қарым-қатынастар жүйесінде өзінің орнын білуі.

Бластула – ұрықтанудан кейін пайда болатын жасуша ішін толтырып тұратын сұйықтық.

Булимия – тамаққа байланысты мінез-құлықтың бұзылуы, адам бұл бұзылыс кезінде тамақты шектен тыс ішіп, бірақ өз денесінің толықтығына көңілі толмайды.

Жастық сағат – ересек адамның өзіндік даму критерийі ретінде пайдаланатын өмірлік ішкі уақыттық графигінің түрі.

Қиялдағы көрермендер- жасөспірімдердің өзіне басқа адамдар көңіл аударып тұрғандай сезінуі.

Жұмыстың сыртқы факторлары – жұмыстан қанағат алушылық, ақшалай, мәртебесін көтеру, ынталандыру түрінде болуы мүмкін.

Генотип- белгілі бір индивидтің гендерінің жиынтығы.

Генетикалық кеңес беру- болашақ ата-аналарға балаларының қандай болып туылатындығы жөнінде кеңес беру жұмысы.

Деменция- танымдық ауытқушылықтармен, амнезиямен, тұлғалық өзгерістермен сипатталатын бұзылыстар жиынтығы, қарттық жастың келуімен байланысты.

Лонгитюдтік әдіс- ұзақ уақыт бойына бір ғана объектіге көптеген зерттеулер жүргізу.

Тест – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі.

Проективті әдіс – адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.

Индивид- биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі.

Тұлға - адамның қоғамдық мінез-құлық және сана формаларынигеру нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік –психологиялық мәні.

Зерттеу әдістері – тұлғаның психологиялық көріністерін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Анкета әдісі – вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі.

Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.

Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.

Зигота – ұрықтану нәтижесінде пайда болатын бірінші жасуша.

Когорт эффектісі - әртүрлі жас топтарына жататын адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар.

Инстинкт – белгілі бір жағдайда барлық адамдарға тән мінез-құлық.

Инсульт - өлімге дейін әкелетін мидағы қанайналымның күшті бұзылысы.

Орта жастағы дағдарыс - орта жастағы адамға тән қанағаттанбаушылық сезімі.

Қоғам - өзара әрекеттескен адамдардың ұйымдасқан тобы.

Плацента – жатыр қабырғасында орналасқан ұлпалық жабын.

Жыныстық хромосомалар – адамның жынысын анықтайтын жиырма үшінші жұп хромосома.

Кәсіби цикл – жұмыс жасайтын адамның өмірлік кезеңдерінің өзгеріп отыратын жүйелілік.

Психологиялық жас – адамның қоғам мен ортаның талаптарына бейімделуі.

Реферат тақырыптары:
1. Отандық және шетел психологиясындағы жас кезеңдеріне бөлуді салыстырмалы талдау

2. Онтогенездегі психикалық дамудың теориялық мәселелері

3. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең

4. Баланы мектепке даярлаудың кейбір мәселелері

5. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой дамуының диагностикалық мәселелері

6. Бастауыш мектеп жасының танымдық іс-әрекеті психикалық даму факторы ретінде

7. Жеті жастағы баланың есеюі және үлкендердің оған қоятын талабы арасындағы қарама-қайшылық. Бұл қайшылықтың оқу әрекетімен ұштасуы

8. Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері

9. Жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқының психологиялық себептері, оны түзету жолдары мен тәсілдері

10. Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері

11. Жеткіншек жасындағы ұлдар мен қыздардың жыныстық даму ерекшеліктері

12. Ересектің өзге адамның жағдайымен санасу (эмпатиялық) қабілетінің дамуы.

13. ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы

14. Студенттердің жеке басын, танымдық іс-әрекетін зерттеуге жүйелі-құрылымдық тұрғыдан келудің ықпалы

15. Студенттердің біріккен іс-әрекет шартына әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі

16. Еңбек ұжымында біріккен іс-әрекет шартында кәсіби бейімделудің психологиялық механизмдері

17. Психологтың әртүрлі жас топтарымен атқаратын іс-әрекетінің ерекшелігі

18. Қазіргі герантология мәселесі

19. Қартаюға психологиялық дайындық мәселесі

20. Әр жас ерекшеліктеріндегі дағдарыс мәселелері


10. Оқу өндірістік, дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттары қарастырылмаған.
11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Бағаны қою саясаты: 2 кредит




Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Жұмыс үшін балл

Орын

даған жұмыс саны

1

Дәріске белсенді қатысу

100

15

2

Семинарға белсенді қатысу (практикалық сабақ)

100

15

3

СОӨЖ сабағына белсенді қатысу

100

30

4

СӨЖ тапсырмаларын орындау

100

30

5

Рубеждік бақылау

100

2

6

Емтихан

100

1




Қорытынды

100

15,5

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті.

Сабаққа кешікпеу.

Сабақ үстінде сөйлеспеу.

Сабаққа дұрыс, тиісілі киініп келу.

Сабақтан себепсіз қалмау, ауруына байланысты қалған уақытта анықтама көрсету.

Қалдырған сабақтарын оқытушының белгілеген уақыттарында тапсыру.

Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Сабақтан қалмау.

Оқу үрдісіе белсенді араласу.

Үй тапсырмаларын толық мұқият орындау.

Курстастарымен және оқытушылармен ашық, қайырымды, төзімді қарым-қатынас орнату.

Барлық сабақтарда кері байланыс орнатуы.

Ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға , пікірталастарға тарту.

Пунктуальдылық және жауапкершіліктің болуы.

Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеу.

Сағыз шайнамау т.б.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс соңында студенттер педагогика ғылымының даму тарихы, жүйесі, басқа ғылымдармен байланысы, методологиялық негіздерін, педагогикалық процесстің мәнін, заңдылықтарын, кезеңдерін, ҚР “Білім туралы” және т.б. заңдарын, тұлға дамуының факторларын, оның дамуының жас және жеке ерекшеліктерін, тәрбие заңдылықтарын, принциптерін, тәрбиенің отандық және шетелдік үлгілерін, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, ұжымдық тәрбие негіздерін, тәрбие түрлерін, отбасы тәрбиесінің негіздерін меңгеріп шығуы тиіс.



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізіледі.



Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Адам дамуындағы зерттеу мәселелері.

  2. Адамның психологиялық дамуының зерттеу әдістері.

  3. Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері

  4. Жас ерекшелік психологиясының әдістері
  5. Жас ерекшелік психологиясындағы психодинамикалық бағыт


  6. Дамудың психоәлеуметтік теориясы

  7. Бихевиоризм және үйрету теориясы

  8. Даму психологиясындағы когнитивтік бағыт

  9. Д.Б. Эльконин бойынша психикалық даму кезеңдері

  10. А.В. Петровский бойынша тұлға дамуының кезеңдері

  11. Гендер, хромосомалар, жасушаның бөлінуі

  12. Генетикалық және хромосомалық бұзылыстар

  13. Генетикалық кеңес беру

  14. Адам дамуына ортаның әсері
  15. Биологиялық алғышарттар

  16. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара әрекеттесуі


  17. Нәрестенің дүниеге келу процесі, кезеңдері.

  18. Нәрестелік шақтағы денелік және моторлық даму

  19. Нәрестелік шақтағы сенсорлық даму

  20. Нәрестелік шақтағы когнитивтік даму
  21. Туғаннан пайда болатын ерекшеліктер және даму тенденциялары


  22. Нәрестенің эмоционалдық сферасының дамуы

  23. Ересектермен қарым-қатынастың бала дамуына әсері

  24. Тілді меңгерудің алғышарттары

  25. Нәрестелік шақтағы қозғалыстар мен қимылдың дамуы

  26. Қоршаған ортаға бағдарлануының дамуы

  27. Ерте балалық шақтағы ақыл-ойдың дамуы

  28. Қабылдаудың дамуы

  29. Ойлаудың дамуы

  30. Белгілік функцияның пайда болуы

  31. Заттық әрекет және іс-әрекеттің басқа түрлері

  32. Тұлғалық қалыптасудың алғышарттары

  33. 3 жас дағдарысы

  34. Ерте балалық шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
  35. Мектепке дейінгілердің денелік дамуы


  36. Мектепке дейінгілердің когнитивтік дамуы

  37. Мектепке дейінгілердің оқуға дайындығы

  38. Жанұядағы қарым-қатынастар жүйесіндегі баланың ролі

  39. Тілдік және эмоционалдық қарым-қатынас

  40. Өзін мақұлдатуға деген қажеттілік

  41. Идентификация механизмінің дамуы



8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Кіші мектеп жасындағы денелік даму және морфо-функционалдық өзгеріс

  2. Кіші мектеп шағындағы когнитивтік даму

  3. Сөйлеу және сауаттылық

  4. Сыртқы бейнесі

  5. Ересектердің көңілінен шығуға ұмтылыс

  6. Жыныстық идентификация

  7. Жеке тұлғаның психологиялық уақыты

  8. Кіші мектеп шағындағы оқушылардың сезімінің дамуы

  9. Баланың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны

  10. Тілдік және эмоциональдық қарым-қатынас

  11. Жанұядағы және мектептегі ересектердің қарым-қатынас стильдері
  12. Мектепке дайындық


  13. Оқу әрекетінің жалпы сипаттамасы

  14. Кіші мектеп шағындағылардың оқу және ойын әрекеті

  15. Ақыл-ойдың дамуына оқу әрекетінің әсері

  16. Жеке тұлғаның дамуына оқу әрекетінің әсері
  17. Жасөспірімдік шақтағы денелік даму және бейімделу


  18. Жасөспірімдік шақтағы когнитивтік даму

  19. Жасөспірімдік шақтағы сөйлеудің дамуы

  20. Сенсорлық даму
  21. Өзіндік «Мен» және идентификация


  22. Жеке тұлғалық дағдарыс

  23. Жасөспірімдік шақтағы өзіндік сана

  24. Жасөспірімдік шақтағы қабылдаудың дамуы

  25. Ойлаудың дамуы

  26. Зейіннің, естің, қиялдың дамуы
  27. Жасөспірімдік шақтағы даму міндеттері


  28. Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастар

  29. Жасөспірімдік шақтағы қиындықтар

  30. Өзін қабылдатуға деген ұмтылыс

  31. Жыныстық идентификация

  32. Жеке тұлғаның психологиялық уақыты мен әлеуметтік кеңістігі
  33. Жасөспірімнің ересектермен қарым-қатынасы


  34. Құрдастарымен қарым-қатынасы, достық .

  35. Қарама – қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым-қатынасы
  36. Жастық шақ кезеңіндегі даму перспективалары


  37. Жалпы денелік даму

  38. Когнитивтік даму

  39. Хейвингхерт бойынша даму міндеттері

  40. Эриксон бойынша даму міндеттері

  41. Левинсон бойынша әйел адамдардың өмірлік кезеңдері

  42. Гулд бойынша трансформация

  43. Левинсон бойынша ер адамның өмірлік кезеңдері
  44. Жеке тұлға, жанұя және жұмыс


  45. Стернберг махаббаттың үш компонентті теориясы

  46. Жұптың құрылуы және қарым-қатынастардың дамуы
  47. Кәсіби даму кезеңдері

  48. Мамандық таңдау және кәсіби дайындық


  49. Когнитивтік даму

12.ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ.

№1 корпус. №102 каб.

1. Бабаев, С.Б. Корнеки психология: Электронный учебник. Оку куралы /С.Б. Бабаев, А.А. Жумадуллаева.-А:Нур-пресс, 2008.-100б.

2. Волков Б.С. Детская психология:от рождения до юности [Электронное учебное издание] /Науч.ред.Б.С.Волков.-3-изд., /испр.и доп.-М.: Тривола, 2003.

3. Психологическое тестирование личности:теория и практика [Электронное издание].-М.:Равновесие-Медиа. Ч. 1: Личность,мотивация,потребности.-2003.

4.Жарыкбаев К. Жантану негиздери [Электронное учебное издание] Алматы:Жогары оку орындарынын Кауымдастыгы.



13. ПӘН БОЙЫНША АРНАЙЫ АУДИТОРИЯ ЖӘНЕ КАБИНЕТТЕР ТІЗІМІ.

№7 корпус. 221 ауд. «Ресурстық» орталық.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет