Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері пәнінен практикалық ЖҰмыстар



бет1/8
Дата25.10.2022
өлшемі109,81 Kb.
#154859
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
практ сабақ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері (1)


КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

1 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Жиындар және оларға қолданылатын амалдар.


Тапсырмалар:
1. Жиындардың жұптарын Эйлер дөңгелегінің көмегімен бейнелеп беріңіз:
а) А – Педагогика және психология институтының студенттерінің жиыны.
В – бірінші курс студенттерінің жиыны.
б) А – Педагогика және психология институтының студенттерінің жиыны.
В –Университет студенттерінің жиыны.
2. Эйлер дөңгелегінің көмегімен бейнелеп беріңіз:
а) А В, егер А∩В=Ø; б) А В, егер А∩В Ø; в) А∩В, егер А∩В Ø;
г) А / В, егер А∩В=Ø; д) А / В, егер А∩В Ø; е) В / А, егер В∩А= Ø;
ж) В / А, егер В∩А Ø; з) В А; и) А В; к) А=В.
3. Эйлера-Венн диаграммасының көмегімен бейнелеп беріңіз:
а) U – Үшбұрыштар жиыны. А – Тікбұрышты үшбұрыштар жиыны. Ā – Тікбұрышты емес үшбұрыштар жиыны.
б) N – Біртаңбалы натурал сандар жиыны. В – Жұп натурал сандар жиыны. В – Тақ натурал сандар жиыны;
4. Жиындардың берілу тәсілдерін еске түсіріп, мына жиынды математикалық символ арқылы жазыңыз:
С жиыны 5-тен кем бір таңбалы сандар жиыны.
6. А – барлық студенттердің жиыны. В – БОПӘ мамандығы студенттерінің жиыны. С – 1-курс студенттерінің жиыны. Мына жиындардың арасында қандай қатынас бар және оларға сипаттама беріңіз: AUB, A∩B, A∩B∩C, А/В, AUС, AUBUС.

2 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Сәйкестік, оның түрлері және қасиеттері.
Графтар теориясының элементтері.
Тапсырмалар:
1. А = (ұшақ, зымыран, адам, мәшине, тасбақа). В = (5км/сағ, 6км/сек, 850км/сағ, 5м/мин, 100км/сағ). Қозғалыстағы қай денеге қандай жылдамдық сәйкес келеді?
2. M={а,б,г,ж} және N={ә,в,ғ,з} жиындары берілген. Алфавит бойынша М жиынының әрпінен кейін келетін N жиынының әр әрпін сәйкестендіріңіз. Қандай сәйкестік құрылды? Жауабыңызды негіздеп беріңіз.
3. С={0,3,4,6,7} жиынында Р қатынасы берілген: «х санының у санынан 3-еуі артық».
а) Р қатынасына қатысты Х жиынындағы сандардың жұптарын жазыңыз;
ә) Р қатынасын теңдеудің көмегімен жазыңыз.
4. Жұп сандардың жиынын қандай эквивалентті кластарға бөлуге болады? Мысалдар келтіріңіз.

3 практикалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет