Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері пәнінен практикалық ЖҰмыстар


Тақырыбы: Математикалық тұжырым, оның құрылымы және түрлері Тапсырмалар



бет4/8
Дата25.10.2022
өлшемі109,81 Kb.
#154859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
практ сабақ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері (1)

Тақырыбы: Математикалық тұжырым, оның құрылымы және түрлері
Тапсырмалар:

  1. «Сан 12-ге бөлінеді, сан 3 пен 4-ке бөлінеді» сөйлемі берілген. «Егер..., онда...» немесе «сонда, тек сонда ғана...», «қажетті», «жеткілікті», «қажетті және жеткілікті» сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, ақиқат сөйлем құрастырыңыз.

  2. «Ромбтың диагональдары өзара тең» теоремасы берілген. Осы теоремаға кері, қарама-қарсы, берілгенге қарама-қарсы теоремаға кері теоремаларды құрастырыңыз.

  3. Тапсырманы орындаңыз: «Түйе мен жылқыға жүк артып келе жатқан жолаушы: Егер жылқының үстіндегі бір қапты түйеге ауыстырсам, онда түйенің үстіндегі жүк жылқының үстіндегі жүктен екі есе ауыр болады. Ал егер түйедегі бір қапты жылқыға ауыстырсам, онда екеуінің жүгі теңеседі», – деді. Әр жануардың үстіндегі қаптың саны 10-нан кем. Бастапқыда әр жануардың арқасында қанша қап болған?»

8 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Алгоритм, оның түрлері және қасиеттері.
Тапсырмалар:
1. Сандарды көбейту мен бөлудің алгоритмін құрыңыз:
а) 456 · 234; ә) 409 236 : 804
2. Ұзындығы 6 см, ені 2 см болатын тіктөртбұрышты сызғыштың көмегімен салу алгоритмін құрыңыз. Ол қандай алгоритм түрі?
3. Бұрыштықтың көмегімен шаршы салудың алгоритмін құрыңыз.
4. Тапсырманы орындаудың алгоритмін құрыңыз:
а) Мәдина, Аружан, Алмат, Әдия өзеннің арғы жағасына өтпекші болды. Қайық 60 килограмнан артық жүкті көтермейді. Мәдинаның массасы – 35 кг, Аружан – 30 кг, Алмат – 29 кг, Әдия – 28 кг. Балалар өзеннің арғы бетіне қайықпен қалай өтеді?
ә) 7 литрлік шелек пен 3 литрлік банканың көмегімен бидонға 5 л суды қалай құюға болады?

9 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Теріс емес бүтін сандар жиынын (Z0) теориялық – жиындық тұрғыдан (жолмен ) құру.
Тапсырмалар:
1. Жазуды оқыңыз: n(А)=3. Осы шартты қанағаттандыратын жиындардың мысалдарын келтіріңіз.
2. Теріс емес бүтін сандар айырмасының жиындар теориясы тұрғысынан берілетін анықтамасын пайдаланып, 8–2=6 болатынын түсіндіріңіз.
3. Тура теңдік шығатындай етіп, жақшалар қойыңыз:
а) 72 – 24: 6 + 2 = 66; ә) 72 – 24: 6 + 2 = 6;
б)72 – 24: 6 + 2 = 10; в)72 – 24: 6 + 2 = 69.

10 практикалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет