Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері пәнінен практикалық ЖҰмыстар


Тақырыбы: Математикалық жаттығулар жүйесі. Тапсырмалар



бет6/8
Дата25.10.2022
өлшемі109,81 Kb.
#154859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
практ сабақ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері (1)

Тақырыбы: Математикалық жаттығулар жүйесі.
Тапсырмалар:
1. Мына алгоритм бойынша есеп құрастырыңыз:

  • Сюжет не жағдаят ойластырыңыз.

  • Есепте айтылатын нысандарды атаңыз.

  • Нысандарға сандық сипаттама беріңіз.

  • Есептің сұрағын не талабын құрастырыңыз.

  • Есептің толық мәтінін құрастырыңыз.

  • Құрастырған мәтініңізді блок-схема бойынша талдау үлгісін көрсетіңіз:


2. Есептерді шығарыңыз және жоғарыдағы блок-схема бойынша талдаңыз:
а) Дүкенде екі күнде бірдей бағамен 8 балалар костюмі сатылды. Бірінші күнгі сатылымнан түскен сома 30 000 теңгені ал екінші күнгі сома 50 000 теңгені құрайды. Әр күндері қанша костюмнен сатылды?
б) Арасы 17 км екі ауылдан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі шаңғышы шықты да, біраз уақыттан соң аялдады. Аялдаған кезде шаңғышылардың бір-бірінен ара қашықтығы 110 км болды. Бірінші шаңғышының жылдамдығы 14 км/ сағ, ал екіншісінікі 17 км/ сағ. Шаңғышылар аялдағанға дейін неше сағат жолда болды?
3. Есептерге блок-схема құрыңыз, шығарыңыз және талдаңыз:

    1. Арасы 1400 км Алматы мен Астана қалаларынан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі жеңіл машина 7 сағаттан кейін кездесті. Олардың бірі 110 км/ сағ жылдамдықпен жүрсе, екіншісінің жылдамдығы қандай болғаны?

    2. Екі қорап ойыншық сатып алынды, оның бірішісінде 32, ал екіншісінде 22 ойыншық бар. Екінші қораптағы ойыншықтар біріншіге қарағанда 100 теңгеге арзанға түсті. Екі қораптың әрқайсысы үшін қанша ақша төленген?

    3. Бір қызметкер компьютерде 2 сағатта 6 бет тереді, ал екінші қызметкер одан сағатына 2 бет артық тереді. Егер олар бірігіп істесе, 160 беттік қолжазбаны қанша уақытта теріп бітірер еді?

    4. Дүкенге әрқайсысында 9 килограмнан 10 жәшік шабдалы және осындай 8 жәшік жүзім әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм жеміс әкелінді?

    5. Теруші 48 сағатта 192 бет, ал оның шәкірті 96 бет тереді. Егер олар жұмысты бірлесіп істесе, 486 бет қолжазбаны қанша уақытта теріп бітірер еді?

4. Есепті әртүрлі әдіспен шығарыңыз. Берілген есептерге кері есептер құрыңыз және шығарыңыз.
а) Теміржол көпірі үш аралықтан тұрады. Бірінші аралықтың ұзындығы 61 м. Үшінші аралықтың ұзындығы біріншісінікінен 27 м ұзын, ал екіншісінің ұзындығы біріншісінікінен 17 м қысқа. Көпірдің ұзындығын табыңыз.
б) Дүйсенбі күні қоймадан 54 тонна көмір, ал сейсенбі күні одан 8 тонна артық көмір жөнелтті. Сәрсенбі күні сейсенбі күнгіге қарағанда 25 тонна кем көмір жөнелтті. Үш күнде қоймадан неше тонна көмір жөнелтілді?
в) Тақтайдың ұзындығы 15 метр. Одан 6 м кесіп алды, ал қалғанын 3 тең бөлік шығатындай етіп кесті. Әр бөліктің ұзындығын табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет