Топтық тапсырма беру
5 мин
|
«Тәжірибелер алаңы» Әр топқа тәжірибелік тапсырмалар беріледі.
1 топқа. 1 стакан суға 3 ас қасық тұз араластырылып қойылады.
Сұрақ: Суда еріп кеткен тұз қайтадан қалпына келеді ме?
Жауабы: Ерітіндіні қайната отырып, суды буландыру арқылы ас тұзын қайта алуға болады.
2 топқа. 1 стакан суға 2 ас қасық өсімдік майы қосылады.
Сұрақ: Неліктен май суда толық ерімей, су бетіне шығады?
Жауабы: Майдың тығыздығы судың тығыздығынан аз болғандықтан, су бетіне қалқып шығады?
3 топқа. Ыдыстағы су және шикі жұмыртқа беріледі.
Сұрақ: Қандай жағдайда жұмыртқа су бетіне қалқып шығады?
Жауабы: Суға тұз қосқан жағдайда жұмыртқа су бетіне шығады. Тұз қосылған судың тығыздығы көбейеді.
|
Топ мүшелеріне тәжірибелік тапсырмалар беріледі. Қатысушылар зерттейді, талқылайды, қорытындылайды.
|
Ой сергіту.
5 минут
|
«Су ресурстарының ластануы» тақырыбында экологиялық бейне ролик көрсету.
Бейнероликтен қандай ой түйдіңіздер?
Судың ластауына қандай факторлар әсер етіп отыр?
|
Мұғалімдер бейнероликті көреді, өз ойларын ұсынады. Қорытынды жасайды.
|
Қорытынды кезеңі.
Мақсаты:
қатысушылардың алынған
ақпаратты игеру дәрежесін
анықтау.
3 мин.
|
Жұмысымызды қорытындылай келе бүгінгі жетістіктеріміз бен іс-әрекеттермізді талдайық. Ол үшін алдарыңыздағы үш түсте су ертінідісін қойдық.
Жасыл түс- «Маған шебер- сынып ұнады, аларым көп болды»
Сары түс – «Әлі де менде сұрақтар бар»
Қызыл түс – «Шебер-сынып ұнамады, түсінбедім» деп кері байланыс беріледі.
|
Тыңдаушылардың ой пікірі, өзіндік талдауы, өзара пікір алмасады
Қатысушылар кері байланыс береді.
|