қоңғыр қаз, олтұрды, ерді
(қазіргі қазақ тіліндегі
қоңыр қаз, отырды, еді
), бұл – көне түркі
тілдері мен қазіргі кейбір түркі тілдеріне тән тұлғалар болғандықтан,
жыр мәтініндегі ескіліктің көрінісі деп санаймыз. Сол сияқты
ол
есімдігінің септелгенде,
аны
(оны),
андан
(одан),
аның үшін
(
ол үшін/
аның үшін
) болып келуі, етістіктің жіктелгенде III жақ көпше түрінде
-
лар
жалғауының қосылып отыруы да (
жыладылар, келділер
)
өзге түркі тілдерінің, оның ішінде ноғай тілінің, яғни жырдың
түпнұсқасы тілінің қалдығы, көрінісі екендігі байқалады. Жырдың
XIX ғасырдың ортасында қазақша жазылып отырған қолжазбасында
жоғарыда көрсетілген тұлғалық ерекшеліктерді сол кезеңдегі және
одан көп бұрынғы, біраз кейінгі кезеңдерде Орта Азия мен Орталық
Азияны мекен еткен түркі халықтарына ортақ деп тапқан «шағатай
жазба (емле) дәстүрінің» тікелей көрінісі, орын алуы деп танимыз.
Ортаазиялық түркі жазба әдеби тілінің (Еуропа ғалымдары «шағатай
тілі» деп атаған) жазудағы орфографиялық дәстүрі (ережелері,
тәртібі) сақталып келгендігі белгілі. Бұдан қазақ жазбалары да қалыс
қала алмады. XIX ғасырдың II жартысындағы кейбір қазақ тіліндегі
жазба дүниелердің көбінде (мысалы, эпистолярлық жазбалар – жеке
адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарында да), XIX ғасырдың II
жартысындағы қазақ газеттері беттерінде берік сақталғанын көреміз.
Ал ертеден қолжазбалары бар болып келген «Едіге» жырының
мәтінін XIX ғасырдың I жартысындағы қазақтар көшірген кезде
«ортақ емле» дәстүрінен көп шығып кете алмаған. Жырдағы кейбір
сөздердің жазылуын әңгіме еткен екенбіз, енді қолжазбаның өн
бойының емлесін, жазу сауаттылығына да тоқталуға тура келеді.
Қолжазбаны ешбір түзетусіз (редакциясыз) баспаға ұсынып отырған
ғалым – П.М.Мелиоранский Шоқанның қолына тиген жазбалардың
орфографиясы өте нашар болғандығын ескертеді (оны Шоқанның
өзі де айтқан екен). П.М.Мелиоранский әсіресе өзі «бірен-саран
кездеседі» деп таныған араб, парсы сөздерінің өзгертіліп, қате
жазылғанын айтады. Бір қызығы – Шоқан бұл жырдың ертерек-
те пайда болғанын оның тілінде араб-парсы сөздері жоқтығымен
281
дәлелдесе, П.М.Мелиоранский араб, парсы сөздері адам танығысыз
болып қате жазылған дейді. Сірә, біздіңше, екі ғалым да сәл ағаттау
пікір айтқан сияқты. Мұнда
әулие, әулиелік қылу, жұпар, ғажайып,
күнәкар, күнә, ақыл ойлады, некелеп алды, аспан, шаһар, молда, сәлем,
һәм, қабыл алды, бейдамақ, кәуір, ділда, Алла, фархал, Аллаң жар
болсын, инану, салтанат, дүлдүл, дәурен, қаһар, арыз қылып айту,
өкпе пәни сөз, кәмәр, иман, күнәйім, пәк болу, дост
сияқты ондаған
араб, парсы сөзі жеке де, тіркес құрап та қолданылған. Шоқан, сірә,
бұларды қазақ тіліне әбден енген кірме бірліктер деп санаған бо-
лар. Ал, шынында, Шоқан жаздырып алған «Едіге» жырында халық
(сөйлеу) тілінде қолданылмайтын, көбінесе дерексіз (абстракт) ұғым
атаулары немесе сын есім, үстеу болып келетін, сондай-ақ күрделі
етістік жасайтын араб пен парсы сөздері мұнда жоққа тән. Ал проф.
П.М.Мелиоранскийдің «Едіге жыр» мәтініндегі бірді-екілі ғана
кездесетін араб, парсы сөздері әбден өзгертіліп бұзылып жазылған
дегенінің де себебі бар. Жоғарыда көрсетілген арабизмдер мен фар-
сизмдер қазақша дұрыс жазылған, ал бірді-екілі мүлде танығысыз бо-
лып кеткен сөздер болса, олар да бөгде тілдік сөздерді ауызша игеру-
де дыбыстық тұлғалары едәуір өзгеріп кететіндігі – заңды құбылыс.
Ғалымның бұларды бұзылып, қате жазылған деп отырғаны тағы да
түсінікті: ертеден, тіпті XX ғасырдың 10-20-жылдарына дейін қазақ
жазба тәжірибесінде араб пен парсы сөздерін түпнұсқадағы қалпында
жазу емле нормасы ретінде орын алып келгені мәлім. Сондықтан
XIX ғасырдың 40-жылдарында жазылған дүниеде шығыс тілдері
сөздерінің «қазақша» жазылғанын П.М.Мелиоранский нормадан
ауытқу, орфограммалық жөнсіздік деп таныса керек.
Шоқан дайындаған (жазып алған, аудармасын жасаған) қолжаз-
баны сөз ете отырып және бір пікірімізді баса айтқымыз келеді.
Қазақ даласында өлең-жырлар көбіне-көп ауызша тарап, ауыз-
ша жырлау арқылы сақталды дейміз. Әсіресе көлемі шағын өлең-
жырлардың ауызша тарап, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырғанына
күмән жоқ. «Ауызша баспаның» өз мектебі, өз тәртібі болған, мұны
ақын-жыраулар шығармашылығы мен өмірбаяндарын сөз еткен
әдебиеттанушылардың көбі көрсетеді. Ал сонымен қатар батырлар
жырлары, лиро-эпостар сияқты ұзақ туындылардың, әсіресе қара
сөз бөліктері араласып келгендерінің қолжазба түрінде таралып,
сақталуы сирек болса да орын алып келген сияқты деген пікірлерді
мейлінше қостаймыз. Мұның бірден-бір дәлелін Шоқанның «Едіге»
жырынан» таба аламыз.
Алдымен, «Едіге» – ноғайлық кезеңнің туындысы, ноғай жұртында
туған жыр. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл жыр Алтын Орда
282
құрамында болған бірнеше ру-тайпа одақтарын құраған ноғай, қазақ,
қарақалпақ, өзбек, Қырым татарлары сияқты халықтардың мәдени
дүниесінде сақталып келген. Бұлардың ішінде бір-біріне жақын
әсіресе ноғай, қазақ тілдеріндегі жыр мәтіндерінің ортақ ұқсас
тұстары баршылық. Жырдың әрбір нұсқасында кездесетін оқиға
желісі бар, ол – Едігені кері қайт деп келгендегі Кең Жанбайдың сөзі
мен оған Едігенің жауабы немесе Тоқтамыстың елімен қоштасқан
монологінде
Достарыңызбен бөлісу: |