278
тіліндегі ескіліктерді зерттеу (таныту, түсіндіру) емес,
қазақ тіліне
жат (түсініксіз) деген бірліктерді ғана айқындау болғаны белгілі.
Ал түсініксіз сөздердің ішінде мағынасы ұмыт болған көнелері де
(ескіліктері де), бөгде тілдік сөздер болуы да, тіпті қате жазылып,
қате оқылып, қате түсініліп (не түсіндіріліп) жүргендер де болула-
ры мүмкін. Бұлардың бірқатары
XX ғасырдың басындағы қазақ
оқырмандары үшін де, қазіргі қазақ жұртшылығы үшін де әбден
түсінікті, қазақ тілінде бұрыннан бар сөздер екенін айтуға болады.
Мысалы,
әлпештеу, арбаң-арбаң жүгіру, баттауық, баялыш, тау-
ды бөктерлеп жүру, буыршын, шүйгін, сыңқылдау, қушық
сөздері –
күні бүгінге дейін қолданыстағы бірліктер. Олардың кейбіреулерінің
XX ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс, орыс-қазақ сөздіктерінде
не Л.Будагов, В.В.Радлов сияқты ғалымдардың
қазақ лексикологи-
ясына қатысты жарыққа шыққан еңбектерінде кездеспеген болуы
мүмкін. Ал Ж.Сейдалин берген түсініктердің барлығын дәл дұрыс
деуге де болмайды, өйткені ол филолог не жазушы емес, әрине, ана
тілінде ауызданған, балалық шағы мен оқуға (Петербургке) келген-
ге дейінгі жастық шағын қазақ ортасында, өз жұртында өткізген жас
жігіттің қазақ тілін жақсы білгенімен,
көмектесуге деген ықыласы
зор болғанымен, ескі жырдағы көптеген сөздің, әсіресе күнделікті
сөйлеу тілінде көп айтыла бермейтіндерінің мән-мағынасын тап ба-
сып айтып беру – оған оңай шаруа болмағаны анық.
Әрине, қазақ тілін арнайы зерттеп, оған қатысты ғылыми-танымдық
еңбектер жазып жүрген орыс ғалымы П.М.Мелиоранскийдің
«Едіге» жырындағы сөздердің қайсысы XX ғасырдың басында қазақ
қауымында қолданыстағы бірліктер екенін, қайсысының түсініксіз
екенін мүлтіксіз білуі мүмкін
емес еді, бірақ соның өзінде де ескі
сөздердің едәуір тобын дұрыс тауып, түсіндірмелерін бергеніне және
оғам көмектескен қазақ оқыған азаматы – төре Сейдалиндер ұрпағы
Жиһанша Сейдалинге бүгінгі біздер мейлінше разымыз.
Ал біз болсақ, «Едіге» жырының әуелі Шоқан нұсқасындағы ең
алғашқы басылымының мәтінінде кездесетін лексикалық ескіліктер
– жеке сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін және қазақ тіліне тән
емес фонетикалық-морфологиялық өзгешеліктерді теріп,
олардың
мағынасын, «сүйегін» (генезисін), жырда орын алу себептерін тал-
даймыз, айқындаймыз, түсіндіреміз.
Ең алдымен, ескі (көне және ескірген) жеке сөздерді көрсетсек,
олар (әліпби тәртібімен):
Достарыңызбен бөлісу: