346
XIX ғасырдың орта тұсында актив қолданылған
пысық, төре,
елубасы, онбасы, атқамінер, аға сұлтан, сайлау
сияқты әлеуметтік
лексика тобына жататын сөздер осы кезең үшін неологизмдер бо-
лып танылады. Бұларды өмірге әкелген қазақ қоғамының әлеуметтік
құрылымы болды. Қазақ қауымының сол кезеңдегі саяси-мәдени
жағдаятын зар заман деп танып, осылайша атау да – неолексизм.
Қазақ қоғамына енген жаңа экономикалық жағдайлар қазақ
тіліндегі
шығын, қара шығын, алым, шаңырақ салығы, несие, өсім,
жол сауда, қағаздату
сияқты сөздерге жаңа мағына үстеп, олар-
ды неологизмдер қатарына шығарды. Осы кезеңдегі қазақ тіліндегі
мәдени-рухани өміріне қатысты жаңа сөздерді де табуға болады:
мәселе кітап
(ақыл-үгіттің қағазға түскен нұсқасы),
насихат айту
(өмірден біліп-түйгенін баяндау).
XIX ғасырдың орта тұсынан бастап, қазақтың ақын-жыраулары
өздерінің өлең-толғауларында абстракт ұғымдағы араб, парсы
сөздерін еркіндеу қолдана бастайды және олардың көбі түпнұсқа
тілдегі тұлғасын сақтап қолданылған болып келеді. Мысалы, араб-
ша жазу үлгісіндегі арабтың «ғайын» деп аталатын дыбысының
белгісі, қазақтың
Достарыңызбен бөлісу: