70
белағаш
деп аталатынын диалектологтер көрсетеді. Біздіңше,
білік
ағаш, белағаш
дегендер – түбірлес сөздер.
Сөйтіп,
білік/білек
,
бел
тұлғалары – «бір
нәрсенің ортан белі,
арқауы» деген ұғымға ие сөздер. Оқтың ұзын арқауы
(ала білек
оқ),
арба доңғалақтарын байланыстырып тұратын арқау ағаш (
білік
ағаш>6елағаш
), үй төбесінің арқауы – бәрі де
бел (біл, білік),
білек
сөздерінің қатысуымен аталады.
Білік
сөзін және бір жерде кездестіретін тәріздіміз. Өткен ғасырда
В.В.Радлов жинап бастырған қазақ текстерінің ішінде «аяғына бұғау,
қолына
білекшін
қойып, зынданға бырақты» деген сөйлемді оқимыз.
Мұндағы
білекшін
сөзі де,
біздіңше, тұтқынның қолын артына
қайырып байлау үшін көлденең қойылатын ағашты білдіретін тәрізді.
Өйткені егер бұл сөз
білек
(қолдың білегі) дегеннен жасалған болса,
оның тіркесіндегі етістік
қойып
делінбес еді,
салып, кигізіп
болар еді.
Бұл жорамалымызға және бір дәлел XIII ғасырдың түркі-араб сөздігін
зерттеген голланд ғалымы Т.Хоутсма мұндағы
білік
сөзін «тек қана
беліне қыстырып жүретін құрал» деп табады (Құрышжанов, 97).
Сірә, ғалым
білік
сөзінің түптөркінінде «бел» (пояс) мағынасы барын
сезіп, сол мағынадан шығарып топшыласа керек. Мүмкін, жоғарғы
білекшін (білікшін
) «кішкене білік» (Хоутсма айтқан белге қыстырып
жүретін сойыл тәрізді қару) дегенді білдіретін болар.
Бірақ бұл
айтқандарымыздың бәрі жорамалымыз ғана, әрі қарай іздестіре түсу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: