Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


ч/с, и/а дыбыстарының алмасуын және  г, ғ



Pdf көрінісі
бет36/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ч/с, и/а
дыбыстарының алмасуын және 
г, ғ
дыбыстарының 
түркі тілдерінде сусымалы (түсіп қалғыш) екендігін ескерсек
бурчигна(х)
тұлғасы 
бұрсан(у)
болып шығады. Сөйтіп, 
буырқану
мен 
бұрсану
синонимдерге жақын (екеуінде де «қатты ашулану, қаһар 
көрсету» мағынасы бар) бірліктер ретінде қатар айтылып, бірін-бірі 
толықтыра, айқындай түскен сөздер болып шыққан-ау дейміз. 
БҰРШАҚ
. «Қамбар батыр» жырында өзіне таласқан қалмақ ханы 
Мақтымды Қамбар жеңіп сұлатқан соң, қыз Лазымның (Назымның) 
көңілі орнына түседі, оны жыршы:


67
Мойнынан алған сықылды
Бұрынғы салған 
бұршағын,
– 
деп суреттейді. Осы жырды бастырушылар мойнына 
бұршақ салу
деген тіркесті былайша түсіндіреді: «Бұрынғы кезде басына қатты 
қайғы түскен адам тілек тілеп, мойнына тас (?) байлайтын әдет 
болған, қайғысы жойылғанда ғана мойнына салғанын алады екен 
(«Қамбар батыр», Алматы, 1957, 112). Бұл жерде ескі наным-сенімге 
байланысты әдетті дұрыс көрсеткен, бірақ мұндағы бұршақ – тас 
емес, бұл жері – қате.
Шынында да, өте ертедегі наным-сенім бойынша Тәңірі мен 
әулие-әнбиелерден бір нәрсені қатты тілегенде адамдар мойнына 
көбінесе шылбыр, арқан, жіп, белбеу сияқтыларды салатын болған. 
Оған «Қыз Жібек» жырындағы мына жолдар да дәлел бола алады: 
Сансызбай бала мен Қорен қалмақтың жекпе-жегінде Сансызбайдай 
балғын жастың мерт болмауын Жібек сұлу Құдайынан тілеп:
Көк сандалдың 
шылбырын
Мойнына орап салады

Бір Құдайға зар етіп, 
Мінәжат қып тұрады.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында да:
Мойнына кісесін сап
жалынды енді, – 
деген жолдарды оқимыз.
Ал 
бұршақ
деген «көгеннің желісіне өткізілген лақ, қозы байлай-
тын шағын бүлдірге жіп, бір жақ басы түйіншек, екінші жақ басы 
– ескен жіптің тұйық ілмегі (Қасиманов, 214). Демек, бұл жердегі 
бұршақ
сөзінің аспаннан жауатын бұршаққа да, кішкене-кішкене 
құмалақтай (тастардай) нәрсеге де (мысалы, лобия бұршағы) еш 
қатысы жоқ. Сондықтан 
бұршақ
сөзінің орнына шылбыр, кісе сияқ-
ты өзге де «жіптердің» қолданыла алатынын жоғарғы мысалдар 
дәлелдейді.
Бұл сөз қазақ тіліндегідей мағынада қырғыз тілінде де қолда-
нылады. Сонымен қатар мұнда 
бұршақ
сөзінің екінші мағынасы бары 
және көрсетіледі, ол «жалпы мойынға ілетін жіп» (арқан), осыдан 
барып «тұтқында, қапаста болу» мағынасы туған: 
бурчактан келу
– 
тұтқыннан босанып келу (Юдахин, 162).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет