Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет37/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

БЫТ-ШЫТЫ
ШЫҒУ

Быт-шыты шықты, быт-шыт болды
де-
ген тіркестер тілімізде жиі қолданылады. Жалпы мағынасы да айқын 
– «күл-талқан болды, парша-паршасы шықты» дегенді білдіреді 
(ҚТТС, 1976, II, 596), сондықтан бұның құрамындағы 
быты
неме-


68
не, 
шыты
немене деп, жеке-жеке іздеп ойланып жатпаймыз. Тіпті 
әрі-беріден соң бұл екі сөз 
тырс-тырс, күрк-күрк
дегендер сияқты 
еліктеуіш қос сөз болып көрінеді. Ал еліктеуіш сөздердің көпшілігінің 
дербес лексикалық мағынасы болмайды, олар еліктеуден (естуден, 
көруден, сезуден т. т.) туған дыбыстар болып келетіні белгілі.
Мағыналы қос сөздердің әр сыңарының өз алдына лексикалық 
мазмұны (мағынасы) болатыны да белгілі. 
Быт шыт(ы)
қос сөзі 
көмекші етістіктерсіз жеке қолданылмағанымен, оның екі сыңары да 
мағыналы сөздер екені көрінеді. 
Быт (бут
) сөзі – монғол тілінде өзімен 
тіркескен етістікке «барынша, мүлде» деген сияқты мән беретін, орыс 
тілінің 
раз-/рас-
приставкаларының қызметіне ұқсас келетін үстеу 
сөз екен. Мысалы, 
бут цохи(х)
«талқанын шығару, әбден ойрандау», 
бут ниргэ(х
) «күл-талқан ету» деген мағыналарда қолданылады. Тегі, 
қазақша 
күл-талқаны шығу, күл-паршасы шығу
дегендердегі 
күл
сыңары да осындай қызмет атқаратын сияқты: 
талқаны шығу
дегенің 
орнына 
күл-талқаны
шығу десек «мүлде талқандалу, быт-шыт болу» 
деген қосымша мәнмен (семантикалық реңкпен) атаймыз. Айырмасы 
монғолдың 
бут (быт
) сөзі етістіктің алдында тұрса, қазақша 
күл
де-
ген есіммен тіркесіп барып көмекші қабылдап, күрделі етістік жасай-
ды. Қазақ тіліндегі қос сөздердің мағынасы күңгірт сыңарларының 
(компоненттерінің) түптөркінін, семантикасын зерделеген Әбілбек 
Нұрмағамбетов те бұл қос сөзді талдаған. Ол 
бут
сөзі монғол тілінде 
«күл-талқаны шығу» дегенді білдіреді деп сәл жаңсақтау көрсеткен. 
Өйткені 
бут
тұлғасы – біріншіден етістік емес, үстеу іспетті сөз, 
ол бір нәрсені әбден талқандау, ойранын шығаруды білдіретін 
сөздердің алдында келіп, оны күшейту, әсірелеу (
тым, аса, әбден, 
өте, мейлінше, барынша
деген сияқты) мән беретіндігін жоғарыда 
айттық. Монғол тіліндегі: «1) бөлшектеу, бұтарлау 2) шашу, шашып 
тастау 3) қуып жіберу» мағыналарын беретін 
бутарла(х),
«ұсақтау», 
«айыру» мағынасындағы 
бутархайла(х)
етістігі де, «ұсақталу, 
ұнтақталу, шашылу» деген мағынада жұмсалатын 
бутра(х)
сөзі де 
біз талдап отырған 
бут
сөзімен реңктес (мағыналық реңктері жақын) 
сөздер сияқты. Сірә, қазақ тіліндегі 
бұтарлау, бытырау, бытырату, 
бытыранды
сияқты етістіктердің түбірінде 
быт/бут/бұт
сөзінің се-
мантикасы бар деуге болатын сияқты. Демек, 
быт/ бут/бұт
– түркі-
монғол тілдеріне ортақ бірлік (сөз). Ал 
шыт
сыңарына келсек, оны 
зерттеуші Ә.Нұрмағамбетов түркі тілдердің сібірлік тобындағы ха-
кас тілінде 
чіт- 
«жоқ болу, жоғалу» мағынасында қолданылатын 
сөз деп анықтайды. Демек, 
шыту
етістігінің түркі тілдерінде «жоқ 
болу, жоғалу» мағынасы бар болса, қазақ тіліндегі 
шытынау 
сияқты 


69
сөздердің де мағынасы (немесе мағыналық реңктері) жағынан алтай 
түркілері тіліндегі 
шіт-/шыт- 
сөздерімен түбірлес болуы мүмкін. 
Қысқасы, бұл – этимологиялық ізденістердің нысанасы. Ал қазіргі 
(осы кітаптағы) бізге керегі – 
быт-шыт
(болды) дегендегі қос сөздің 
екі сыңары да түркі-монғол тілдерінде жеке лексикалық бірліктер 
екендігін көрсету болды. Сөйтіп, 
быт-шыт
қос сөзін 
күл талқан, күл 
парша
сөздерінің тепе-тең баламасы болар деп топшылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет