Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет42/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ДІН АМАН. ДӘН РИЗА
«Алпамыс» жырында әулие-әнбиелерден 
перзент сұрап, көп уақыт ауыл-елінен ұзаққа кеткен Байбөрі бай тілегі 
орындалып, үміті ақталып, еліне келсе, елінің амандығын жыршы:
Барса елдер 
дін аман,
Малы шықты қорадан, –
деп суреттейді. Мұндағы 
дін аман
тіркесінің 
дін 
деген компонентінің 
қазіргі түсінігіміздегі 
дін
(«религия»)
 
сөзіне қатысы жоқ. Бұл 
тіркестің мағынасы – «тегіс аман, мүлде аман-сау». 
Дән риза/дән разы
тіркесіндегі 
дән
-нің де «өсімдіктің ұрығы, тұқымы» деген мағынасына 
мүлде жуыспайды, бұл жерде «әбден риза» дегенді білдіреді. Өте 
ерте замандарда 
дын/дін/дан
сөзінің бір мағынасы – қазіргі монғол 
тілдеріндегі «мүлде, тегіс» деген семантика. Іздестіре түссек, мүмкін 
тағы да осы қатарды толықтыратын тіркестер бар болар. Мысалы, 
діні қатты
тіркесі, мүмкін, о баста 
дін
қатты
дегеннен туып, 
мүлде
қатты
сияқты мәнде жұмсалған болар (бұл – әзірге жорамалымыз). 
Мысалы, 
діні қатты
адам – «өте қатал адам» дегенге меңзейді.
Демек, өте көне, тіпті түркі-монғолдық 
дан/дән/дын/дін
сөзі заман 
(ғасырлар) өткен сайын қазақ тілінде актив қолданыстан ығысып, екі-
үш тіркесте «сіріленіп», сақталған деуге болады. Мағынасы «мүлде, 
әбден, тегіс» деген шылау сөз деп табамыз. 
ЕЛ-КҮН
. Тілімізде 
ел-күн аманда
деген сөз реті бар. «Ер Тарғын» 
жырында Тарғын батыр:
Қаптай қонар елім жоқ
Елім-күнім
Кәрібоз, 
Сөйлесетұғын тілің жоқ, – 
деп астындағы атымен «сырласады». Бұл жерде өзі қызмет еткен 
ханнан әділдік таппай, жалғыз шығып кеткенде, өзін қаумалаған 
елі-жұртының, халқының жоқ екенін айтады, елі де, «қаумалаған 
қарындасы» да астындағы жалғыз аты мен қасындағы Ақжүніс ару 


75
ғана екенін білдіреді. Контекске қарай 
ел-күн
қос сөзінің мағынасын 
оңай ұғуға болады, ол – «ел-жұрт, адамдар». Мұны алдыңғы сөзден 
аңғарамыз, ал 
күн
сыңары немене? Адамдар деген мен аспандағы 
жарық күнді білдіретін екі сөз бұл жерде қалайша «табысып» тұр 
деген сұрақ туады. Іздей қалсақ, бұл тіркестегі 
күн
сөзінің аспандағы 
күнге қатысы жоқ екен.
Күн
көне түркі тілдерінің өзінде-ақ 
ел
сөзімен қосарлана келіп 
(
ел-күн
түрінде), «халық, ел-жұрт» дегенді білдірген (ДС, 169). Осы 
қатарда 
қадаш
күн
тіркесі де бары көрінеді, ол «еркек-әйел туыстар» 
деген мағынада қалыптасқан. Соған қарағанда, түркі тілдеріндегі көне 
тіркестердің құрамындағы 
күн
сөзі «адам, адамдар» дегенді білдіретін 
монғол тіліндегі 
хун
сөзімен іліктес болар деп топшылаймыз. Бұл да 
көптеген сөздердің түркі-монғол тілдеріне ортақ дәуірлерінен келе 
жатқан жұқаналардың (реликтілердің) бірі болар. 
Күн
сөзі түркі 
тілдерінде «адам» мағынасында жеке қолданысында сақталмай, 
ел, 
қадаш
сияқты сөздермен тіркескен (қазірде қосарланған) қолданыста 
орын теуіп қалған «көне сөздердің» бірі болмақ.
Күн
сөзінің қазақ тілінде «адам, кісі» деген мағынада жеке 
жұмсалуы ұмыт болғаны соншалық, бұл тіркесті қазірде 
ай-күн 
аманда
деп қолданады. Бұл қолданыс әр-берден соң логикаға қайшы: 
ай мен күн өлмейтін, өшпейтін, әрқашан аман табиғат нысандары, 
ал 
ел-күннің
, яғни халық, ел, жұрттың амандығы-жамандығы, өсуі, 
өшуі – логикаға сыйымды ұғымдар. Әрине, қалың көпшіліктің, 
тіпті қолына қалам алған жазушы, журналистердің барлығы тегіс 
қазақтың әр сөзінің түптөркінін, семантикалық қозғалысын жақсы 
білулері мүмкін емес, сондықтан бұл күнде 
ай-күн аманда
демей, 
ел-
күн аманда
деп келтіргендері жөн. Тілді жақсы білетін жазушылар 
бүгіннің өзінде 
ел-күн
деп қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет