Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет43/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ЕМСЕУ, ЖЕМСЕУ
. Махамбет ақынның Баймағамбет сұлтанға 
айтқан атақты сөзінде:
Еділді көріп 
емсеген

Жайықты көріп 
жемсеген
Таудағы тарлан шұбар біз едік, – 
деген жолдар бар. Мұндағы екі сөздің (
емсеу, жемсеу
) мағынасын 
тап басып бірден айтып беру қиын. Ал іздестірсек, мыналарға көңіл 
аудартуға болады. 
Емсеген
сөзінің түбірі 
еңсеу ~ аңсау
«бір нәрсені 
қатты қалау, тілеу, құмарту» болар. Мұны Л. Будагов осылай көрсетеді: 
«
еңсемек
– бір нәрсені қалау, аңсау (иметь жажду)» (Будагов, II, 392). 
1912 жылы Қазанда шыққан «Ақын» атты кітапта:


76
Адыра қалғыр Көк Жайық 
Садағын сала байланып, 
Астана жұртын айланып
Ерлерім 
еңсеп
келген жер, – 
деген жолдар бар. Осындағы 
еңсеу
сөзі мен 
Еділді көріп емсеген
деген 
сөз бір деп танимыз. «Шора батыр» жырында:
Тауда өскен тас түлек 
Еңсейді
де 
жемсейді,
– 
деп келеді. Қазақ тілінде 
аңсау
вариантында айтылатын бұл сөз 
өзге кейбір түркі тілдерінде, мысалы, қырғыз тілінде 
еңсеу 
түрінде 
айтылады: 
эңсе
- – қатты аңсау (сильно желать) (Юдахин, 956). Ал 
аңсау
вариантының қырғыз тіліндегі негізгі мағынасы «шөлдеу, 
сусау» (қазақ тіліндегі 
аңқасы
кебу
дегенмен салыстырыңыз). Бұл 
жерде 
ң
мен 
м
дыбыстарының алмасып келуі келесі тармақтағы 
жемсеген
сөзіне ұйқасуынан болу керек. Өйткені бұл сөздің 
еңсеу
варианты қазіргі қазақ тілі үшін түсініксіз: бейтаныстау сөздің 
тұлғасын өзгерте салу – тілде бар құбылыс.
Келесі жолдағы 
жемсеген
сөзінің түбірі – 
жемсе
-. Ол 
жем
сөзіне -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет