Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет52/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ЗАР ЕҢІРЕУ
. Алдыңғы сөз парсы тілінде 
зари
тұлғасында «жы-
лау, еңіреу», одан барып «шағым, өтініш» мағыналарын береді. 
Зари 
кардан
«жылау» және ауыспалы мәнде «өтіну, жалынып сұрау» 
дегенді білдірсе, қазақша 
зар еңіреу
деген тіркес те осы ұғымда 
қолданылады. Мұнда бір мағынадағы парсыша және қазақша екі 
сөз қатар келіп тұр. «Қазақшаласақ», бұл тіркес 
еңіреу еңіреу
болып 
шығады.
ЗОР САЛУ
. «Қобыланды» жырында:
Зор салмасын
біздерге...
Зор салмасын
жолбарысқа, – 
деген өлең жолдары бар. Қамбар батыр өзін:
Еңбекке белін байлаған 
Қас кедейдің 
зорымыз,
– 
деп таныстырады. «Тауарих хамсадан» берілген бір өлең тексінен:


91
Зор
күн туды, 
зор
күндер, 
Күлкі кетті мол күндер, – деген тармақтарды оқимыз.
Зор
сөзінің бұл күнде сындық мағыналары ғана көрсетіледі
олар: «1) ірі, үлкен, 2) мықты, күшті, 3) ерекше, айрықша». Оның 
заттық мағынасы қазіргі сөздіктерде көрсетілмеген. Ал ертерек-
те қазақтар 
зор
сөзін «күш, мықтылық» деген заттық мағынада 
да жұмсағаны жоғарғы мысалдардан байқалады. Біз талдағалы 
отырған 
зор салу
тіркесі де түсіндірме сөздікке енбеген. Жоғарыда 
келтірілген мысалдың алғашқысындағы 
зор салмау
«күш көрсетпеу» 
деген ұғымда жұмсалған болса, соңғысындағы 
қас кедейдің зоры
«кедейлердің тірегі, алпыс үйлі арғынды, тоқсан үйлі тобырды аң 
етін беріп асыраған күші, қуаты» деген мәнді байқатады.
Бұл күнде 
зор
сөзінің заттық мағынасы өзгеріп, сындық, үстеулік 
мағынада жұмсалады. Бұл сөз парсы тілінде де бар, онда да бұл «күш, 
қуат, мықтылық» деген заттық мағынадағы сөз ретінде берілген. 
Демек, бұл сөзді біз түркі тілдеріне кірме дегеннен гөрі, парсы тіліне 
түркі-монғол тілдерінен енген сөз болу керек деп түйеміз. Өйткені 
«батылдық, ерік күші» мағынасында 
зор
сөзі монғол тілінде де бар. 
Бұл түбірден түркі-монғол тілдерінде ондаған туынды сөз (сын 
есім, үстеу, етістіктер) жасалғаны бұл сөздің түптөркінін көрсете 
түседі. Мысалы, бір қазақ тілінің өзінде 
зорай-

зорла-, зорық
- деген 
етістіктер, 
зораң, зорға, зордан
деген сын есім мен үстеулер, 
зорлық, 
зорлықшы
сияқты туынды зат есімдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет