Мақсаты:
Оқырманды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Кітапханашы:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлімес.
Мені мен, менікін айрылғанын,
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап «Абайдың биік тұрар өлеңдері» атты поэзия кешіне қош келіпсіздер!
Оқушы:
Даламызда мұңлы үміт
Тұрған кезде қалтырап
Көкіректерге нұр құйып,
Күн боп тудың жарқырап.
Абай- ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмейді,
Асқақтатқан елі еді
Аспандақан жері еді.
Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.
Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.
Жазира, дархан бел еді.
Кітапханашы:
Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгре, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Кітапханашы:
Жүрегімнің түбіне терең ойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпасыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа,, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы » осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық көкірегі ояу түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды. Енді ақынның өмрі туралы деректер тыңдайық.
Кітапханашы: «Абай - Ибраһим» өмірбаяны
Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енген.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрыңғы Семей облысында өтті.
Абай әке жағынан алғанда ТОбықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
Әкесі тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар жас бала қиялы санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала – Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет РИза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3 ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқиды.
Осы 4 жылдық медреседегі және Зайлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
Абай орыстың ақын жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
Ұлы ақынның тұған жері-табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы- барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
Оқушы: «Қыс».
Оқушы: «Жазғытұры».
Оқушы: «Жаз».
Оқушы: «Күз».
Оқушы: «Ғылым таппай мақтанба»
Кітапханашы:
Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан Сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
«Тәңір қосқан жар едің сен»
«Сегіз аяқ»
«Көзімнің қарасы»
«Қор болды жаным»
«Бой бұлғаң»
«Айттым сәлем, Қаламқас»
«Біреуден біреу артылса»
«Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа»
«Сен мені не етесің»
«Ата-анама көз қуаныш»
«Сүйсіне алмадым сүймедім»
«Желсіз түнде жарық ай»
Ән «Көзімнің қарасы», орындайтын Сағатова Гүлзат
Оқушы: «Ескендір» поэмасынан үзінді
Кітапханашы:
«Шын Хакім, сөзің асыл баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадай хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес», - деп қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай, Абай мұрасы қанша заман өзгеріп, дәуір көшсе де өз маңызын жоймақ емес. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ұлы Абайды ұлтымыздың мақтанышы санап, жырларын ұрпақтары ұмытпайтыны, мәңгілік мұраға балайтыны сөзсіз. Әрине, ұлы ақынның мұрасы жатқан бір теңіз іспетті.
Кітапханашы:
Абай –қазақ поэзиясының биік шыңы, құдіретті ақыны. Ол жалғыз қазақ халқының ғана емес, адамзаттың ұлы десек, артық айтқандық болмас. Әлем халқы бас иген дара тұлғамызды қай жағынан әспеттесек те, біздің елдік, халықтық парызымыз болып саналады.
Кітапханашы:
Абай –дара, Абай-кемел, озат та,
Жол салады әрі өлең ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол-қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.
Кітапханашы:
Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен аятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.
Кітапханашы:
Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын
Кітапханашы:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі- қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
Кітапханашы:
Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отір. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «»Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Елбасымыздың «Замандар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» деген сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағалайтынын айқын аңғартады.
Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар, асуларға шақыра береді»,- деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.
«Абай десе, Абайсың, абайладың жан- жақты»,- деп Қасым ақын жырлағандай, Абай мұрасының ғасырдан-ғасырға маңызы артып, тереңдігі таңғалдыра түсуі тегін емес.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.
Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептейміз. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады.
«Абайдың биік тұрар өлеңдері»
/поэзия кеші/
БАҒДАРЛАМАСЫ:
Кіріспе
«Абай-Ибраһим»
өмірбаяны
«Қазақ поэзиясының алтын тұғыры»
жыр шашу
«Ақыны қазағымның - Абай дана»
кітап көрмесі
Достарыңызбен бөлісу: |