Күйістілердін трихостронгилидоздары trichostrongylidoses -жиі субклиникалық түрде арықтау, анемия, асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы белгілерімен өтетін нематодалық аурулар. Этиология



бет4/9
Дата28.05.2020
өлшемі32,56 Kb.
#71451
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ (1)

Клиникалық белгiлерi айқын емес. Тек, алғашқы клиникалық көрiнiстер қозыларда ғана айқын. Олардың денелерi қызып, күйi төмендейдi, көзге iлiнетiн кілегей қабықтары бозарады, мал әлсiрейдi, азыққа тәбетi төмендейді. Жүрiсi ауырлайды, көп жатады, алқымы мен төсi домбығады, iшi үздiксiз өтедi, нәжiс түсi шырыш пен қан араласып, қоңыр боп көрінеді, соңынан мал өлiмге ұшырайды. Ересек сақа малдарда қаназдық, көтеремдiк, дамылсыз iштiң өтуi

(диарея) байқалады.



Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлексе көтерем, iшектiң кiлегей қабығы қабынған, қаптаған нүктелiк қанталаулар байқалады, кейбiр жерлерiн күлдiреген жаралар басқан. Ағза қуысы сұйық қан мен құрттарға толған.

Балау зардапты балаңқұрттарға қарай нәтижеленді. Өлген малда ағзаларды жарып сойғанда табылған буностомдар ауруды растайды.

Емі. Қойларды дегельминтизациялауға фенотиазин 1г/кг дозада, нафтамон, нилверм гемонхоздағы дозада, альбендазол, альбен, альвет, панакур және т.б. тағайындалады.

И.Таразинаның (1963) деректері бойынша тиабендазолдың азықпен 50мг/кг дозада берілген мөлшері өте жоғары тиімді.



Алдын алу шаралары. Әр 6-7 күн сайын ауыспалы жайылымды қолдану буностомозды алдын алуға мүмкіндік береді. Жайылымдағы малға фенотиазинтұз қоспасын беру химиопрофилактикалау болып табылады. Қоздырушының тері арқылы енуін ескере, қойды ылғалды мезгілдерде (жаңбырлы жазда) тұрған орындарын құрғақ биік жерлерге ауыстыру жағдайларына көңіл аудару. Қой қораларындағы температура деңгейін қалыпты деңгейде ұстау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет