Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, малдың дене қызуы көтерiлiп, тамыр соғуы мен демалуы жиiлейдi, мал күйсiзденедi, кiлегейлi қабықтары бозарады, алқым тұсынан жалқаяқ байқалады, iшi өтедi, құйрығы мен артқы аяқтары сұйық нәжiспен былғанады, дерт өршiген сайын түлiк етiнен айырылып, көтерем халге жетеді, өлiмге де ұшырауы ықтимал. Созылмалы түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жүнi ұйысып, түскiш келедi, жағының асты iсiнiп кетедi, тышқақтайды, азып-тозып, өлiмге ұшырайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлексе өте арық, көтерем. Оның кеуде және құрсақ қуыстарында 2-3 л. сары сұйық жиналған. Тоқ iшек пен тiк iшек қатпарлары жуандаған, iшi қоңыр түсті сұйыққа толған, ал оның арасынан хабертиялар табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған, қалыңдаған. Кейбiр ішек тұстарының бүрлерi жойылып, қанталаған және жарақаттар басқан.
Балау. Нақтылы диагнозды хабертиидің зардапты балаңқұрттаррын анықтай отыра немесе тік ішекке тереңдете формалин ерітіндісін клизма түрінде шайып, диагностикалық дегельминтизация жүргізе растайды. Өлген мал өлексесінде тоқ ішекте хабертиилер мен тән өзгерістер табылуы диагноздың түпкіліктілігіне нұсқайды.
Емі. Дегельминтизация жүргізуге фенотиазиннің (1г/кг) судағы суспензиясын жарма жемге 10:4:100 арақатынасында қосып немесе ұннан дайындалған болюс түрінде 2 рет (24 сағаттан кейін) беріледі.
Керек болған жағдайда 12-16 күннен соң үшінші рет дегельминтизация жүргізіледі. Дәрілеу таңертеңгілікте - аш қарынға атқарылады. Жаппай дегельминтизацияны фенотиазинді жарылған жеммен 1:20 арақатынаста қосып, әр малға 15-20г есебінен, топтан бере өткізеді.
Нафтамон 0,5г/кг дозада фенотиазинді қолданғандай, 2 рет өткізіп, 12-16 күндері үшінші рет жүргізіледі. Суспензияны сырлы я болмаса ағаш, шыны ыдыста қолданар алдында (ex tempore) дайындалады.
Нилверм 10%-тік ерітінді түрінде тері астына немесе азықпен 15мг/кг дозада қолданылады.
Дитразиннің ылғалдаған жеммен қоспасына 0,5г/кг дозада азықтандырады.
Жоғарыда көрсетілген препараттарды жаппай қолданар алдында біршама мал басында зияндылығын тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |