Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет13/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
АЗҒЫРМА, ӘЗӘЗІЛ!
 НЕМЕСЕ САБЫР МЕН СЫБЫР
Сап-сап, көңілім, сап, көңілім!
Сабыр түбі – сары алтын. 
Сабыр қылсаң, жайыңды
Білер ме екен бекзатым?
Көңіл аулап сөз айтар
Арадағы тілхатым;
Ағын судай екпіндеп, 
Лайы жоқ суатым. 
Ауру да емес, сау да емес, 
Құрыды әл қуатым. 
Сап-сап, көңілім, сап, көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Абай 
Төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел көргісі келгендей шарасы-
нан шыға жаздаған жанарлар ойыса- ойыса тау басында соқта –соқта 
болып жатқан қар сілемдеріне тоқтады. Тесірейе, тесіле ұз-а-а-а-қ 
қарады. Олардың да күні өтіп бара жатқандай... Жылдар жылжыған 
сайын, күндері көкжиекте көміліп, сілемдері де кеміріліп, уақыттың 
екпіні ығына көндіріп, өз дегенін істеткендей. Әнеу күнгі кездерінен 
тағы да азайып қалыпты. 
Жанарлар сілемдерді сынай қараған күйі, биіктен не нәрсеге де 
асқақ көз салып тұрған қарағайларға ойысты. «Биіктен бәрін көріп, 
тәкаппарсып тұрысын қарашы...». Олардың паңдығына, пендешілігінің 
жоқтығына, адамдардың қорлығын өзі сияқты көрмейтініне ызасы 
келгендей... 
Дарбазаның түбінде маңқиып қара төбет жатыр. Бағанадан бері 
қыңсылай оның мазасын алған сары қаншық қозған нәпсісінің бетін 
қайтара алмай, төбеттің алды-артын иіскелеп, тістелеп, ыңырсиды. 
Маң төбет мыңқ етпейді. Әлде сары қаншықтың «күндестеріне» ба-
рып, мауқын басқан ба, әлде қартайайын деген бе әйтеуір, өзін «айма-
лап», әлсін-әлсін шабына мұрнын тығып, мауығын баса алмай жатқан 
ұрғашыға көңіл бөлер де емес. Әлден соң «мазамды алма!» дегендей 


28
Клара Қабылғазина
арс етіп, қаншықтың меселін қайтарып тастап, сұлбасын сүйретіп 
әрірек барып жатты. Таңғы тыныштық жалғасын тапты. 
Тек қана жанарларын жас жуған әйел таңғы тәтті ұйқы құшағына 
ене алмайды. Ұйқысыздық күнделікті дағдысына айналғандай. Таңды 
қарсы алады, айналаны көздерімен сұлық шолады, жан-жануарлардың 
тынысын тыңдап, табиғаттың тамашаларына қызығып қарамайды. 
Қайта сарыла, үмітін үзе қарайды. Сары қаншықтың жаңағы әрекеті 
жүйкесіне тиді. Денесі тоңазығандай болған соң үйге кіріп, орындыққа 
жайғасып еді, мияулап ала мысық жетіп келді де, осыны күтіп тұрғандай 
секіріп алдына шықты. Арқасынан сипап еді рахаттанып, көздерін 
жұмып, пыр-пыр ете қалды. «Япырмай, мысық екеш мысыққа да аялы 
алақан керек екен...» Есіне бір келіншектің әңгімесі түсе қалды:
«Алла әйелге, әсіресе, қазақтың әйеліне белшеден бейнет берген 
ғой... Күні бойғы қызметің, сонан соң үй тірлігі, бала қамы. Ерің де бір 
бала сияқты. Тамақтандырып, жинап-теріп, жайғастырған соң әйелдік 
қасиеттерім оянып, айнаға қарап, сымбатыма көз салып, қыздай ти-
ген жарымның қасына қисаямын. Сондайда ол да аяп, аялап, ілтипат 
білдіріп, сипай салса мысық сияқты пыр ете қаламын. Сол сәт ұзағырақ 
болса екен деп, ертең ерте тұратынымды да ұмытып қаламын», – де-
ген еді-ау... Шынында әйел мен мысықтың ұқсастығын байқағандай... 
Әйел әлі отыр. Күн шуағын шашып, нұрын төкті. Үй іші алакөбеңнен 
арылып, жарық болды. Бірнеше айдың жүзі өтті, ойдың орны тола түсіп, 
тіпті ернеуінен аса бастағанына. Енжарлық басып, ешнәрсеге зауқы 
соқпай, жан дүниесі әлем тапырық, ішін қызғаныштың аждаһасы тыр-
нып-тырнап жібергендей болады. Содан көзге жас үйіріледі, екі иығы 
қусырылып, бір уыс болып, дірілдеп жылайды. Егіледі, өксиді сонан 
кейін жанардағы жас бітеді, одан әрі қайтадан тірлігімен тырбаңдайды. 
«Ой, қазекем-ай, түстік өмірің болса, кештік мал жина», – деген ғой.. 
Тағы таң атады, қайталап күн батады. Күн батқан сайын ой тереңі 
мұны батырады. Көз алдынан көлбеңдеп бақытты сәттер өте бастай-
ды: алғаш ақ некесі қиылған сәт, алғаш аналық сезімді бастан кешу, 
алғаш өз тәнінен бөлінген шарананы көру, алғаш олардың балдай 
тілінен рахат алу, алғаш тәй-тәйлау... осындай толып жатқан алғашқы 
сәттер, тіпті бүкіл өмір ортақ болып кеткелі қашан ерімен екеуіне?! 
Сайтан ойлар санасын сансыратып, сан-саққа сараптап, салмақтап 
болған соң қайтадан жарқын күндеріне бет бұрады. Дәурен-ай! Жастық 
шақ-ай десеңші!.. Әдемі көздері, сүйкімді келбеті, тал шыбықтай иіл ген 
тұлғасы, үнемі бір шапағат шашып тұратын мінезі талай жігіттердің на-
зарын аударып, есін кетіретін. Осы ерекшеліктерін бойжеткен сезініп, 


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет