Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады


Термодинамиканың айналымды процестері немесе циклдары



бет33/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р
1-апта. Ерікқызы М, 1-апта. Ерікқызы М, Тілдер күні тәрбие сағаты, химия вариант№1, химия вариант№1

Термодинамиканың айналымды процестері немесе циклдары


Алдында қаралған термодинамикалық процестер жылудың келтірілуімен, немесе жұмысшы дененің ішкі энергиясының өзгеруімен, немесе екеуінің қатар жүруінен жұмыс алу мәселелерін зерттейді. Цилиндрдің ішіндегі газдың бір рет кеңеюі кезінде жұмыстың шектелген мөлшерін алуға болады. Шынында да, кез-келген процесте цилиндрдегі жұмысшы дененің температурасы мен қысымы сол қоршаған ортаның температурасы мен қысымына теңеседі және осымен жұмысты алу тоқтайды. Демек, жұмысты қайта алу үшін, сығылу процесінде жүретін жұмыс қажет, жұмысшы денені қайта бастапқы қалпына келтіру керек. 7-суретте көрсетілгендей, егер дене 1-3-2 қисығымен кеңейсе, онда ол жұмыс атқарады, рv-диаграммада 13245 ауданы. 2 нүктеге жеткен кезде жұмысшы дене қайтадан жұмыс атқару үшін, бастапқы күйге қайтарылуы керек (1 нүктеге). Денені бастапқы күйіне келтіру процесі үш жолмен жүреді.

7 сурет. Айналымды процестер


Сығылу қисығы 2-3-1 кеңею қисығымен 1-3-2 сәйкес келеді. Бұл процесте кеңеюден алынған барлық жұмыс (13245 ауданы) сығылу жұмысына (23154 ауданы) және оң жұмыс нөлге тең болады. Сығылу қисығы 2-6-1 кеңею сызығының 1-3-2 үстінде орналасқан; кеңеюден алынатын жұмысқа (51324 ауданы) қарағанда сығылу процесінде жұмыс (51624 ауд.) көбірек жұмсалады. Сығылу қисығы 2-7-1 кеңею сызығының 1-3-2 астында орналасқан. Осы айналу процесінде кеңею жұмысы (51324 ауд.) сығылу жұмысынан (51724 ауд.) үлкен болады. Осының нәтижесінде айналымды процестің немесе циклдің ішінде 13271 ауданмен кескінделген оң жұмыс жасалады. Осы циклді шексіз қайталап, келтірілген жылу есебінен жұмыстың кез-келген мөлшерін алуға болады.


Нәтижесінде оң жұмыс алынатын цикл, тура цикл немесе жылу қозғалтқышының циклі деп аталады; онда кеңею жұмысы сығылу жұмысынан үлкен. Нәтижесінде жұмыс жұмсалатын цикл кері деп аталады, онда сығылу жұмысы кеңею жұмысынан артық. Кері цикл бойынша суытқыш (мұздатқыш) қондырғылар жұмыс істейді.
Циклдер қайтымды және қайтымсыз болады. Тепе-теңдікті қайтымды процестерден тұратын цикл қайтымды деп аталады. Мұндай циклде жұмысшы дене химиялық өзгеріске ұшырамауы керек.
Егер цикл құрамына кіретін процестердің бірі қайтымсыз болса, онда бүкіл цикл қайтымсыз болады. Идеал циклдерді зерттеу нәтижелері нақты, қайтымсыз процестерге ауыстырыла алады, ол тәжірибелік түзету коэффициенттерін енгізу жолымен жүргізіледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет