Тіласты нервінің қызметін тексеру. Тексеру реттілігі:
Науқасқа тілін көрсетуін өтінеді;
Тілінің қалай жатқанына назар аударады;
Тілде атрофия, фибрилляциялық жиырылулар, треморбар-жоқтығын тексереді.
Тіласты нервінің ядросында ауыздың дөңгелек бұлшық етін иннервациялайтын талшықтардың жасушалары орналасқан. Сондықтан тіласты нервінің ядросы зақымданған кезде еріндердің құрғауы, қатпарлануы болады, ысқыру мүмкін болмай қалады.
. Тіласты нервінің зақымдану симптомдары: Глоссоплегия – тіласты нерві ядроларының екі жақты зақымдануына байланысты тілдің
қозғалмай қалуы.
Дизартрия – тіл бұлшық еттері талшықтарының жыбырлап дірілдеуі нәтижесінде сөйлеу қабілетінің қиындауы.
Анартрия – сөйлеу мүмкіндігінің жойылуы
Есеп №7 Науқаста физикалық жүктеме және психомоторлық қозудан кейін гипертензионды криз барысында кенеттен қатты бас ауру сезімі пайда болды, оң аяқ-қолында қимыл-қозғалыс жоғалып, есінен танып қалды. Объективті: сана сезімі – комa. Желке бұлшық етінің ригидтілігі, Брудзинский және Керниг симптомдары оң. Оң жақтағы мимикалық бұлшық еттер мен тілдің орталық парезі, оң жақтық спастикалық гемиплегия. АҚ=220/120 мм.с.б.б.