Бет және тіл асты нервінің қызметін зерттеу Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін тексеру реттілігі:
Маңдай бұлшық етін тексеру – қабағыңызды көтеріңіз;
Қабақ бұлшық етін тексеру – қабағыңызды түйіңіз;
Көз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – көздеріңізді сығырайтыңыз;
Жақ бұлшық етін тексеру – екі ұртыңызды томпайтыңыз;
Күлкіге қатысты бұлшық еттерді тексеру – тісіңізді ақситыңыз;
Ауыз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – еріндеріңізді алға қарай түтікше етіп керіңіз.
. Бет нервінің зақымдануы кезіндегі симптомдар: Нерв фаллопий арнасында зақымданса, тілдің дәм
сезу қабілеті және есту қабілеті бұзылады:
Дәмді артық сезеді - гипергейзия;
Дәмді нашар сезеді – гипогейзия;
Дәмді мүлде сезбейді – агейзия;
Дәмді шатастырып алады – парагейзия.
Дауыс жаңғырып естіледі – гиперакузис;
Дауыс нашар естіледі – гипакузис;
Дауысты мүлде естімейді – анакузис.