инфузионды терапия;
дегидратационды терапия;
мидың ісінуіне қарсы терапиясы;
тыныс алу, жүрек-тамыр жүйесі, су-тұз алмасу функцияларын түзету;
құрысуға қарсы терапиясы;
нейропротекция.
Зерттеу әдісін өткізіңіз
Жұлын пункциясын жасау техникасы-
Құрал жабдықтар: мандрені бар ине (Бир инесі), йод, спирт, штативке салынған мақталы-дәкелі тығындары бар 3 стерильды пробиркалар, стерильды лоток, стерильды сүлгілер, лейкопластырь, су манометрі.
Науқаспен немесе оның ата-анасымен жағымды қарым-қатынас орнату. Процедураның мақсатын, жүргізілуін түсіндіру. Оның өткізілуіне жазбаша рұқсат алу. Науқасты кушеткаға, үстелге немесе төсектің шетіне қарай оң жақ бүйіріне жатқызу. Қол-аяқтарын ішіне қарай максимальды жақындатып, омыртқа доғасын жазу.
Дәрігер қолын өндеу: ең алдымен спиртке, кейін йодонатқа малынған тампонмен сүрту.
Пункция орнын белгілеу: йодты тампонмен мықын сүйектерінің жоғарғы нүктелерін қосатын сызықты өткізу. Бұл сызық 4-ші бел омыртқасының қырлы өсіндісінің үстінен (5-ші бел омыртқасының жоғарғы шеті) өтеді. Пункцияны 3-4-ші немесе 4-5-ші бел омыртқаларының арасында жасайды.
Операция алаңын тесу орнынан бастап (3-ші және 4 -ші бел омыртқасы арасында) алдымен йодпен, соңынан спиртпен, стерильді құрғақ тампонмен құрғатып сүртеді.
Науқасты қатаң түрде бүйірінде, сандарын ішке, ал басын кеудеге келтіріп жатқызу, арқасы кушеткаға перпендикулярлы және осы қалыпты сол және оң қолмен бекіту (көмекшінің көмегімен).Пункция жасар алдында Вишневский бойынша жергілікті инфильтративты анестезия жүргізілу керек. Тескеннен кейін мандренді инеден алып инеге манометрді бекітіп, ликвордың қысымын мм.су бағанасында өлшеу.
Манометрді абайлап ағытып, инеден ағып жатқан ликворды кезекпен 3 стерильды пробиркаға 1,5 мл-ден толтыру.
Инені шығарған соң, тескен орынды спиртпен сүртіп, стерильды салфетканы салып, оны лейкопластырмен теріге бекіту.
Науқасты палатаға ауыстырып, төсекке жатқызу. Науқасқа төсекте жастықсыз 2-3 сағаттай, одан кейін бүйірлетіп 12 сағаттай жату қажеттілігін айту. Науқасты пункциядан 3 сағат өткен соң, жатқан қалпында тамақтандыруға рұқсат беру.
Жолдаманы толтырып, ликворы бар пробиркаларды белгілеп, зертханаға жеткізу (1- бактериологиялық зерттеуге, 2 – цитозды анықтауға, 3 – биохимиялық зерттеуге).
Есеп №5
Науқас қатты бас ауруына, құсуға, жарықтан қорқуына, көз алдындағы екі еселенуге шағымданды. Ауырып жүргеніне 1 апта болды, дене қызуы жоғарылаған, шаршағыштық, тәбеті төмендеген, бас ауруы, әлсіздік мазалайды.
Объективті тексергенде: дене қызуы 38,4°С, есі анық, бірақ тез қажиды. Фтизиатр дәрігерде бақылауда тұрады. Менингеалды симптомдар оң. Бас-ми нервтері: сол көз алмасының сыртқа қарай қылилығы, сол көзінде мидриаз, птоз анықталды.
Жұлын сұйықтығының қысымы = 210 мм су бағанымен жоғарылаған, аралас плеоцитоз лимфоциттер есебінен жоғары (лимфоциттер = 70, нейтрофилдер = 25), глюкоза = 1,22 ммоль/л, хлоридтер = 80 ммоль/л); ликворды тұндырған кезде «фибринді қабық» түзіледі.
Неврологиялық синдромдды атаңыз.
Жалпы интоксикация синдромы,Менингеальды синдром,Мидың негізінің зақымдалу синдромы(Синдромы поражения основания мозга)
Болжам клиникалық диагноз қойыңыз.
Туберкулезді менингит,Базилярлы формасы
Нерв жүйесінің қандай құрылымдары зақымдалған?
Перифериялық Жүйке Жүйесі-Бас ми нервтері
Патологиялық үрдісте қай бас-ми нерві зақымданған?
2 жұп көру нерві-көз алдындағы екі еселену
3 жұп көз қозғалтқыш нерві-птоз,мидриаз
6 жұп әкеткіш нерв-көздің қылилығы
Қарашықтың жарыққа реакциясын анықтау-Дәрігер сырқаттың бетін жарыққа қаратып отырғызады да,екі көзін алақанымен жауып қойып,кезек-кезек ең әуелі бір көзді,содан кейін екінші көзін ашып,қарашықтың реакциясын байқайды.Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады.
|
Конвергенция мен аккомодацияны зерттеу- Қарашықтың конвергенциялық реакциясын тексеру үшін дәрігер сырқаттың бетінен 50-60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қозғалмай қарап отыруын өтінеді де оны мұрнының ұшына таяу әкеледі. Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауының ішіне қарай ауысады (конвергенция)
Аккомодация реакциясын тексеру үшін дәрігер сырқаттың бетінен 50-60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қозғалмай қарап отыруын өтінеді де оны мұрнының ұшына таяу әкеледі. Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауынын ішіне қарай ауысады да онымен қатарласа қарашық тарылады (аккомодация)
|
Көз алмасының қимылын анықтау үшін дәрігер сырқаттың басын иегінен ұстап тұрады да, оған көзінің алдында 20 см қашықтықта онға, солға, жоғары, төмен және мұрнының ұшына кезекпе-кезек бағыттала ауыстырылып тұрған неврологиялық балғаға қарауын өтінеді
|
Менингеалды белгілерді зерттеу- Көбінесе менингит кезінде аяқ-қолдарда контрактуралар байқалады, олар түзетуге бейім. Менингиттің ерте симптомы - мойын бұлшықеттерінің қатаюы: науқастың басы артқа лақтырылған, бастың қозғалысы қиын. Керниг пен Брудзинскийдің белгілері де тән - жоғарғы және төменгі, немесе қарсы. Кернигтің симптомы - жамбасқа бүгілгенде тізе буынындағы аяқты түзете алмау. Брудзинскийдің жоғарғы симптомы - науқастың басын кеудеге пассивті иілуімен, жамбас пен тізе буындарындағы аяқтардың еріксіз бүгілуі пайда болады. Брудзинскийдің төменгі симптомы - жамбас буынында бір аяғының пассивті иілуімен және тізе ұзаруымен науқас екінші аяғын еріксіз иілдіреді. Кішкентай балаларда Лесаждың іліну симптомы бар: егер сіз менингитпен ауыратын баланы қолыңыздың астында ұстап тұрсаңыз, ол аяқтарын тізе мен жамбас буындарында бүгеді және оларды осы қалыпта бекітеді; сау бала бұл тестте аяғын еркін созады және созады.
|
Есеп№6
72 жасар науқас ұйқыдан оянғаннан сон пайда болған оң жақ аяқ-қолындағы әлсіздікке, сөйлеуінің қиындауына шағымданды. Анамнезінде ми тамырларының атеросклерозы мен артериалды қан қысымының 200/100 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы бар.
Неврологиялық статусында: Шарко белгісі оң жақ бетінде оң және тілдің оңға қарай ауытқуы, сөздері анық емес, оң жақ аяқ-қолында рефлекстер жоғары, оң аяғында Бабинский симптомы оң, клонус шақырылады және оң жақтық гемигипестезия, гемианопсия анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |