Вестфальфеноменін зерттеу ВЕСТФАЛЬ ТАБАН ФЕНОМЕНІ Табанды пассивті сыртқы бетіне бүккенде, үлкен жіліншік бұлшық еттерінің тонусының кернелуінен, табан сыртқа бүгілген қалыпта қалып қалады.
Фуа-Тевенар феноменін зерттеу Балтыр феномені – етпетімен жатқан науқастың балтырын тізе буынынан бүккенде, осы бүгілу қалпында қалып қалады.
Пропульсия, ретропульсияны зерттеу Тепе-теңдікті сақтауға арналған инерция бұзылғандықтан,
• пропульсия - науқасты алдыға итерсе, тоқтай алмай алдыға жүріп кете береді
• латеропульсия – жанына итерсе, тоқтай алмай жүріп кетеді
• ретропульсия – артына итерсе, тоқтай алмай артқа жүріп кетеді
Есеп №4 Науқас аурухананың қабылдау бөліміне қатты бас ауруына, жүрек айнуына, көп реттік құсуға, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға шағымданып түсті.
Объективті: науқастың жалпы жағдайы ауыр, 2 күн бойы дене температурасы 39-40ºС дейін жоғарылаған, беті гиперемияланған, ернінде герпес бөртпелері бар, сан және бөксе аймағында «жұлдыз» тәрізді геморрагиялық қан құйылулар анықталды.
Неврологиялық статусында: науқас уақытта және кеңістікте дезориентацияланған. Жалпы милық және менингеалды симптомдар анықталды. Ошақты неврологиялық белгілер жоқ. Жұлын сұйықтығында: ликвордың түсі сарғыш-жасыл, мөлдір емес, қысымы 300 мм.су бағ. жоғарылаған, нейтрофильді плеоцитоз 3000 клетка, нәруыз = 1,6 г/л, қант = 3,0 ммоль/л.
Невролгиялық синдромды атаңыз.- Жалпы инфекционды синдром, менингеальді синдром, церебральді синдром, экзантема синдромы. Болжам клиникалық диагноз қойыңыз.- Бактериальді(іріңді) менингит. Аралас форма( менингококцемия+менингит). Науқаста нерв жүйесінің қай құрылымы зақымдалған?- Орталық жүйке жүйесі Емдеу тактикасы атап беріңіз.- Мұндай науқастар міндетті түрде ауырлық дәрежесіне байланысты жұқпалы аурулар ауруханасында немесе реанимация бөлімінде емделеді. Нақты науқасқа тиісті терапия тағайындалады, бірақ терапияның келесі принциптерін жалпылама ажыратуға болады:
антибактериалды терапия (патогенді жедел диагностикалау мүмкін болса, этиотропты бактерияға қарсы терапия тағайындалады. Егер патогенді тексеру мүмкін болмаса, алдымен антибиотиктер эмпирикалық түрде тағайындалады, содан кейін оларды ротациялайды);