Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Логотерапия және оның құрылымына қандай анықтама берер едіңіз?



бет20/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

19.Логотерапия және оның құрылымына қандай анықтама берер едіңіз?


Логотерапия деген не? Қайдан шықты? Нені білдіреді? Негізінде оны көпшілігі логопедпен шатастырады. Бұл ілімнің негізін қалаушы В.Франкл. Бұл бағыт негізінен психоанализдің ережелеріне негізделген, алайда гуманистік психотерапиямен тығыз байланысты
Логотерапия грек тілінен аударғанда «сөзбен емдеу» дегенді білдіреді. Ол гректің «Логос» сөзін «МӘН» деген мағынада алған. Қазақша «Хикмет ілімі» дейміз. Ал терапия «ем» дегенді білдіреді. Екеуі «Мәнмен емдеу» немесе «Хикмет шипасы» деген мағынаны береді. Бұл еңбек ең басында суицид кеселіне қарсы жазылған. Бірақ онда суицид сөзі сирек қолданылады. Себебі Франкл оны сирек қолданған. Ол аурумен емес, оны тудырушы «вирусты» жоюмен щұғылданған. Бәлені бәрі түпкі негіздің сананың тоқырауынан шығады. Франкл оны «рухани болмыс» деп таныды.
Рухани қасиеттерді танумен шұғылданған білімпаздар ықылым заманнан бар. Сол ізденіс келе-келе ХІХ ғасырдың аяғында «экзистенция» атаумен түрлі салаға бөлініп, бөлек ғылым болып кетті. «Экзистенция философиясы», Экзистенция психологиясы», «экзистнция анализі» деп кете береді. Экзистенция латынның «ex-sistere1 сөзіне шыққан. Мағынасы: «даралану» «бөліну», «көзге түсу», «пайда болу», «іргелену» деген. Яғни адамды іштен өзгерттетін қасиеттер жиынтығы.
Мысалы, ел ішінде қарапайым бір адам тіршілік кешеді дейік. Ол- көптің бірі, ешкім елеп-ескермейді. Бір күні ол күрт өзгереді. Мінез-құлқы, дүниетанымы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы 180 градусқа өзгереді. Сырттай қарасаң ештеңе көрінбейді. Сол баяғы адам. Ішкен-жегені, барған жері, араласқан ортасы- сол күйі. Бірақ көз алдымызда өзгеріп жатыр.Шындығында оның өзі емес, ойы өзгереді. Ой-пікірі тіршілігін түрлендіреді. Міне осы кезде көрінбей жүрген дереу дараланып, тұлғаланады. Сөздерімен, ізгі істерімен, ақылды шешімдерімен дараланады. Осы өзгеріп, қалыптанып жатқан тіршілікті «экзистензия» дейміз. Адам толық қалыптасып, жасалынып, біткен болмыс емес. Соңғы демі үзілгенше тіршілігі түрлене береді
Баланың барлық проблемасын шешіп, алтын табақпенас тартсаң да, бұл дүниеге сыймай, айналасын ала тайдай бүлдіре береді. Өмірін сүріп біткенше мың құбылады. Неше балаңыз болса, сонша экзистенция көресіз. Бір –біріне ұқсамайды. Біреуіне берген тәрбиені екіншісіне сол күйінде қолдана алмайсыз. Әр бала әр тарапта ізденеді.Неге? Себебі экзистенциялық сұрақтар қыспаққа алып, жасы есейген сайын қылбұрауды тарылта түседі. Қартайған сайын: «Не істеп жүрмін? Бұл дүниеге қайдан келдім? Ақирет шынымен бар ма? Өлім деген не? Өлген соң өмір бар ма? Бізді құдай жаратты ма? Ар-ұят деген не? Тағдыр деген не? Тағдырымды өзгерте аламын ба, әлде түрлі себепке жетектеліп жүремін бе? Жауапкершілік деген не? Не үшін жауаптымын? Кімнің алдында жауаптымын? Деген сұрақтар ішке әлемнен щұбатылып шыға береді. Франклдың тілімен айтқанда «Адам дүниеге келгенде кім екенін толық көрсетпейді. Бірақ міндеті –«КІМ» екенін көрсету».
Қорытындылап айтатын болсам,Логотерапияның адам өмірінде болып жатқан біп құбылыс.Мысалы, туылғаннан бастап ата-анамыз бізге жақсы тәрбие беріп,адамның ала жіюін аттама,ұрма,алдама деп үйретті. Өскенде жақсы адам боласың немесе қоғамға да,адамға да пайдаң тиетін адам боласың деген миссияларды түсіндіреді.Ол да бір логотерапияға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет