Күні: Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Дәрумендер»



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#123497
1   2   3   4   5
Байланысты:
1513600652-1

Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: Алмаларды сипаттай алуы.
Түсінеді: Алмалардың түстерін,түрлерін пайдасын ажыратып түсінеді.
Істей алады: Кесте бойынша тақпақ айта
айта алады.

Айы/күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: « Аңдар қысқа қалай дайындалады?»
Мақсат : Балалардың жабайы жануарлар,олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту және кеңейту.
Міндеттер:
1.Тәрбиелік : Табиғатты сүюге, оны қорғауға, аңдардың тыныс тіршіліктерін бақылауға, аялауға тәрбиелеу..
2.Білімділік:. Жабайы жануарлардың жүнінің түсін ауыстыру,қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы туралы білімдерін кеңейту.
3. Дамытушылық: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым байланысты анықтау қабілетін дамыту.
Сөздік жұмысы : Қорек жинау, тіршілік ету.
Технологиялық қамтамасыз ету: Сұрақ- жауап,түсіндіру,көрсету.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық


Ұйымдастырушы
лық-ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік

1. Шаттық шеңбері:
Арайлап таң аатты,
Күн сәулесін таратты.
Қайырлы таң балалар ,
Қайырлы таң апай.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Күз мезгілінде күн суық болады. Кейбір жануарлар ұйқыға кетеді. Кейбіреулері өздеріне тамақ жинап дайындалады.

. Мына жұмбақты ойлап тапсаңдар, бүгін не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер?


- Ең айлакер аң…
 Ең қорқақ аң…
- Балды жақсы көретін аң …
- Үстінде тікенегі бар...
- Аң патшасы...
- Батыл аң…
Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз? Бұларды бір сөзбен жабайы жануарлар дейміз.Неге жабайы жануарлар деп айтамыз? Себебі олар орманда өмір сүреді. Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді?
Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Қоян, түлкі, қасқыр олар қысқа қорек жинамайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Себебі, өздеріне қорек таба алады. Қоян, қасқыр, түлкі, тиін қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.
Аю жаз бойы өзінің қорегін жинап, қысқа дайындалады екен..



Сергіту сәті
Қорбандаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп ,теріп алайық,
Қалтамызға салайық.


Дидактикалық ойын.
« Құйрығын тап » ойыны.
Балаларға жабайы жануарлардың суреттерін беріп олардың құйрықтарын табуға көмектесу.
« Көңіл-күй» әдісімен қорыту.



Қимылмен жасайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Түлкі
Қоян


Кірпі
Арыстан
Қасқыр

Жануарлардың атын қайталап айтады.


Қимылмен көрсетеді.


Ойынды ойнап көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: Жабайы жануарлардын аттарын.
Түсінеді: Жабайы жануарлардың жүнінің түсін ауыстыру,қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауын.
Істей алады: Ойын кезінде жануарлардың құйрықтарын табады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет