Күні: Білім беру саласы:«Таным» Оқу іс – әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»



бет60/109
Дата16.06.2020
өлшемі249,34 Kb.
#73577
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   109
Байланысты:
Қоршаған орта

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: күз мезгілінің суреті, үлестірмелі материалдар.

Билингвальды компонент: Табиғат

Әрекеттердің

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс - әрекеттері

Ұйымдастырушылық,

оқытушылық,

қызықтырушылық


Таңғы жиын

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен қол ұстасып:

-«Сәлем», -дейміз,-алтын Күн,

- «Сәлем», - дейміз,- Жер-ана.

- «Сәлем», -дейміз баршаңа, -деп, бір-біріне тілектерін айтады.


Балалар әуен ырғағымен тербеледі.

Балалар қайталайды.



Ұйымдастырушылық –

ізденушілік


Ғылым орталығы

1.Балаларға ақындардың күз мезгілі туралы өлеңі оқылады.

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Балаларға өлеңнің мазмұны түсіндіріледі.

2. Сұрақтар:

-Балалар, өлеңде қандай сөздердікездестірдіңдер?

-Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

-Күзде жаз мезгіліндей ыстық болмайды, күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп,құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар жылы киінеді.

3.Суретпен жұмыс.

Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою.

-Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

-Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер, қандай күйде болады?

-Құстар қай жаққа ұшып барады?
4.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз,

Сәбіз, қияр тереміз,

Бәрін себетке саламыз,

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.


5.Ойын: «Көкөніс пен жемістер».

Шарты: балалар көкөніс пен жеміс аттарын жаңылмай айтып шығуы тиіс.


6.Үлестірмелі материалмен жұмыс,

Күзгі ағаш жапырақтарын ретімен

Қалай жапсыру керектікін тусіндіреді.

Өзін –өзі бағалау.



Балалар тәрбиешінің көмегімен жауап береді.

Балалар суретке қарап тәрбиешінің көмегімен әңгімелейді.


Балалар тыңдайды.

Балалар бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


-Жапырақтар сарғайады.

-Гүлдер солады.

Адамдар жерге түскен жапырақтарды жинайды.
Өлең жолдарын қайталап, мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар ұжым болып бірігіп ойнайды.

Балалар тапсырманы тәрбиешінің көмегімен орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет