Ұйымдастырушылық,
оқытушылық,
қызықтырушылық
|
Таңғы жиын.
Балаларды шаттық шеңберіне жинап, мынадай жумбақ жасыру.
Жұмбак шешкізу.
-Құйрығы жерге тимейді,
Жотасы күнге күймейді
Ол не екен, балалар? (Балық).
|
Балалар жұмбақтың жауабын педагогтің көмегімен бірге айтады.
|
Ұйымдастырушылық –
ізденушілік
Ғылым орталығы.
|
1. Әңгіме жүргізу.
- Балалар, барлығымыз назарымызды табиғат бұрышына аударайық. Табиғат бұрышында не бар?
- Дұрыс, гүлдер, құстар, аквариумдағы балықтар бар екен.
Енді, аквариумдағы балықтармен жақынырақ танысайық.
2. Суретпен жұмыс.
- Балықтар қайда тіршілік етеді?
- Иә, балалар, суда тіршілік етеді.
Олар сусыз тіршілік ете алмайды.
Балықтардың көптеген түрлері бар.
Олар: сазан балық, шортан балық, жылан балық.
Мына аквариумдағы балықтың аты - алтын балық.
Балық желбезекпен тыныс алады.
Ал құйрығы бұрылу қызмтін атқарады.
-Балықтың дене пішіні қандай болады екен?
Суреттегі балыққа қарайық. Олар ұсақ балдырлар,су өсімдіктерімен қоректенеді.
Балықтардың өсіп, көбейуі үшін біз мезгілімен жем – суын беріп, аквариумның тасын, балдырын жақсылап жуып, тұндырылған суға балықты жібереміз. Міне балалар, балық жанды табиғатқа жатады екен сол себепті оған біз қамқор күтім әркез жасауымыз керек екен. Балықтарға жем көп беруге болмайды. (Көрсету).
4. Сергіту сәті.
Кәне балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп – жізіп аламыз.
5. Ойын: «Балықша жүземіз» Шарты: балалар шеңбер болып тұрып, әуен басталғанда балықтардың қимылын салып жүзеді, әуен тоқтағанда, жүзбей қалған бала ойын шартын бұзған болып саналып, тақпақ айтып береді.
Өзін – өзі бағалау.
|
Балықтар, гүлдер.
Балалар, табиғат бұрышын жақын келеді.
Суда.
Балалар қызығушылықпен тыңдайды.
Сопақша.
Балалар тыңдайды.
Балықтарға жем салуын қарайды.
Балалар тәрбиешінің жасаған іс- қимылдарын қайталайды.
Балалар тәрбиешімен бірге қызға ойнайды.
|