Ұйымдастырушылық –
ізденушілік
Ғылым орталығы.
|
1. Әңгіме жүргізу.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде неше ай бар?
- Кәне, барлығымыз атап айтайықшы?
- Қазір көктем мезгілінің қай айы?
2. Суретпен жұмыс.
- Балалар, суретте Асан ағамыз қандай жұмыс жүргізіп жатыр?
-Ия, балалар ауланы тазартып жатыр. Көктем мезгілінде адамдар айналаның бәрін тазартады.
-Біз балабақшаның ауласына не отырғыздық?
- Ағаштар, гүлдер отырғызы.
Көктемнің басында осындай жұмыстар жүргізіледі. Ағаштар мен гүлдер әдемі болып өсу үшін қандай қамқорлық көрсете аламыз?
-Ия, балалар, ағаштардың, гүлдердің түбін қопсытып, суғарып, арам шөптерін жұлып отырамыз.
Айналамызды таза ұстау - біздіңбасты міндетіміз, себебі айнала таза болса, біз демалатын ауа да таза болады.
3. Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
-Ауладағы шашылып жатқан қоқыстарды қайда саламыз?
- Балалар, қоқыстарды, арнайы қоқыс жәшігіне саламыз.
Сендер үйлеріңде ана- әкелеріңнің бақшада қандай қандай жұмыстар жүргізеді?
-Балалар олардың бізге қандай пайдасы бар?
3. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Шарты: жерде жатқан қоқыстарды қайда тастау керектігін бағдаршамен сызып көрсету.
Өзін – өзі бағалау.
|
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Үш ай бар.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
Балалар суретке қарайды.
Балалар өз ойларын айтуға тырысады.
-Бұл суретте көктемдегі қоршаған ортаға тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
-Гүлдер, ағаштар т. б.
Шапалақ ұрады, бір отырып, бір тұрады.
Балалар өз ойларын ортаға айтады.
-Ауладағы гүлдерді, жұлуға болмайды, ағаштарды сындыруға болмайды. Өйткені үлкен кісілердің еңбегін бағалай білуіміз керек.
- Ол табиғатқа әдемі көрік, сән береді.
|