Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақ Әдебиеті – 5 сынып уровня основного среднего образования



бет5/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
#395
1   2   3   4   5


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 9 сынып

уровня основного среднего образования (с неказахским языком обучения)

Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат

Шығарма – 4, cыныптан тыс оқу -4.







Тақырыбы


Мазмұны

Сағат

саны

Өткізілетін

күн

І-тоқсан (9 сағат)

1

1

Кіріспе.

Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері.

1




«Халық ауыз әдебиеті» ( 7 сағат):

2

1

Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. Әдебиет теориясы: фольклор туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ фольклористикасының тарихы»

1





3


1

Тұрмыс-салт жырлары

Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей байланыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік мал, наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Наурызға байланысты өлең-жырлар

1

16.09.


4


1

Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді

Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: шендестіру, баяндау

1

23.09.

5

1

Лиро-эпостық жырлар.

Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Қозының өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Айман-Шолпан» жыры

1

30.09.


6

2

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді

1

7.10.

7

8


1

2


Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы

Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі айтыс үлгілері.

2

14.10.

21.10.


9




Шығарма «Айтыс».

Сыныптан тыс оқу.



Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

28.10.

II-тоқсан (7 сағат)

«Ежелгі дәуір әдебиеті» (1 сағат):

10


1

Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы»

Жазба ескерткіштердің тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арнап, тасқа қашалып жазылған жырлар екендігі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Орхон жазуларының мазмұны, композициялық құрылымы. Жанрлық сипаты. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: жырдың композициясы туралы. Тіл дамыту: жырдан үзінді жаттау. Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991.

1

18.11.

«XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (2 сағат):

11

1

Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары

Жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да, Жайық бол» жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы

1


25.11.


12

1

Бұқар жырау. «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» толғаулары

Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері. Пәнаралық байланыс: тарих, география, электрондық оқулық (Махамбет туралы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991.

1

2.12.

«ХІХ ғасыр әдебиеті» (6 сағат):

13

1

Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай»

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас

1

9.12.


14

1

Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры»

Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр

1

15.12.

15

1

Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)»

Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлиханов. «Қашқария саяхаты»

1

23.12.

16




Шығарма «Шоқан Уалиханов».

Сыныптан тыс оқу.



Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

29.12.

ІІІ тоқсан (10 сағат)

17

1

Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт»

Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы міне-құлыққа үйретуге мән беруі. Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық жасауға, төзімді болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин әңгімелері

1




18

1

Абай Құнанбайұлы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі

«Ескендір» поэмасы. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің түрі мен мазмұнына талап қоюы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сезім иірімдері. «Ескендір» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэмаларындағы шығыстық сарын. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер.

1




19

2

Абай Құнанбайұлы. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

1




«ХХ ғасыр қазақ әдебиеті» (10 сағат):

20

1

Жамбыл Жабаев. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері»

«Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. Әдебиет теориясы: дастан жанры

1




21

1

Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы»

Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан нәзік лирик, сыршыл ақын. «Түркістан» лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері

1




22




Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)

Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік

1




23

1


Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді (І томнан)

М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр.Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі (үзінді)

1




24




Шығарма «Абай жолы».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1




25

1

Ғабит Мүсірепов. «Боранды түнде» (әңгіме

Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Әңгімедегі салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор. Әдебиет теориясы: романтикалық образ. Пәнаралық байланыс: «Ғ.Мүсірепов мұражайы» электронды телесабақ

1




26




Сыныптан тыс оқу.




1




ІV тоқсан (8 сағат)

27


1

Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді

І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары мен би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сматаев. «Елім-ай» романы

1




28

29


1

2


Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі»

Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Махамбет» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі» романы

2




30

31


1

2


Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»)

2




32

1

2


Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.

2




33




Шығарма «Тәуелсіздік Қазақстан».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1




34




Қорытынды сабақ




1





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет