Кодексі «Инвестициялар туралы» -заң Сапарғалиев Г. «Мемлекет және құқық»



бет1/2
Дата20.05.2024
өлшемі47 Kb.
#202604
түріКодекс
  1   2
Байланысты:
5221e9ae-c37e-4cc7-8834-c549fff71318


Тақырып: Қаржы құқығының негіздері

Жоспар: 1.Қаржылық және бюджеттік қатынастар


2.Салықтық құқықы негіздері
3.Инвестиялық қатынастар құқық негіздері
Әдебиет: 1. ҚР Салық Кодексі
2. «Инвестициялар туралы» -заң
3. Сапарғалиев Г. «Мемлекет және құқық»
4. Сабденов С. «Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңде»
Алматы 2002ж.
Сабақ мақсаты
міндеттері:

  1. Білімділік – мемлекеттің қаржылық қызметін қөрсетіп, салық құқығын түсіндіру

  2. Дамытушылық – тест, топшамалар қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін артттыру.

  3. Тәрбиелік – парламент қолдаған заңдарды біліп жүруге тәрбиелеу.



1.Қаржылық және бюджеттік қатынастар
Қаржының басты мақсаты –мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз өту.Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларып бөлу және пайдалану жатады.
Ақша қорларын жинау тәсілдері:
1.Иелерінен ақшасы міндетті түрде, қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2.Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем)
3.Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.
Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландырү, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінін қүқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шыгысы) реттейді.


2. Салықтық құқықы негіздері
Салықтық қүқық - заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін күқықтык нормалардың жиынтығы. Салыктық қүқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген қатынастарға кешуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды және әлеуметтік-экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептсу мен толеу тәртібі жоніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындагы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің аткаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:
А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік қүралдары мен мүлік салығы.
Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді, радиоэлектрондық қүралдарды және жиілігі жоғары қүрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизия мен радио хабарларын тарату үйымдарына радиожілілік спектірін пайдалануға рүқсат бергені үшін алынатын алымдар.
Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожілілік спектірін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемақылар.
В. Мемлекеттік баж.
Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.
Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаган нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.
Салықтардың қалыптасқан турдегі уш функциясы бар:
1.Фискалдық - салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.
2. Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.
3. Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе ынталандыру функциясы.
Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметті айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы атқарылады.
Салықтық құқыктың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық мәселері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б. есептеледі.
Төменде салықтардың әрқайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра отырып жалпы сипаттамасын береміз.
1. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін түрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды түлғалар болып табылады.
Объектілері салық салынатын, төлем көзінен салық салынатын табыс пен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. Жылдық жиынтық табыс пен шегеріс жасау арасындағы айырма ретінде есептелген табыс осы салықтың салық салынатын табысы болып табылады.
Жылдық жиынтық табысқа салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері, соның ішінде: тауарларды (жүмыстардан, қызметтер көрсетуден) өткізуден түсетін табыс пен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан (дивиденттер), үтыстар, сыйақылар және т. б. жатады.
Ставкалары. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі өндіріс қүралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, ал резидент еместерден 15 % салық үсталады.
Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып табылады. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің түрып жатқан орны бойынша (ағымдағы айдың 20-шы жүлдызынан кешіктірмей) жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет