Сабақтың тақырыбы: «Еңбек құқығының негіздері»



Дата11.07.2017
өлшемі135,56 Kb.
#21080
түріСабақ
Пәні: Адам. Қоғам. Құқық.

Сынып:т 10 «А»

Күні: 04.04.2014 ж

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек құқығының негіздері»

Сабақтың мақсаты:

Б:Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының мәнің терен түсіну

Д: Нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына, өз құқығының сақталуына, өзгенің құқықтарын құрметтеуге үйрету.

Т: Еңбекке деген жауапкершілікке тәрбмелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: пікірлесу, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Еңбек туралы заң.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау: «Жеке құқықтың негізгі салалары»

Жаңа сабақ:



Сабақтын жоспары:

1.     Еңбек құқығының түсінігі.

2.     Жеке еңбек шарты.

3.     Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Мұғалім сөзі: Қазіргі қазақстандық құкық салаларының ішіндегі еңбек құкығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек құқығы деп жұмыс берушімен жұмысшының арасында туындапған қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп танылады. Оларға мыналар жатады:

-  жұмысқа орналастырумен байланысты құқықтық қатынастар.

-  ұйымдастырушылық – басқарумен  байланысты құқықтық қатынастар.

-  ұжымдық шарттан туындайтын байланысты құқықтық қатынастар.

-  жұмысшыны кісіби дайындау және біліктілігін арттырумен байланысты құқықтық қатынастар.

-  еңбек қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуымен байланысты құқықтық қатынастар.

-  еңбек дауларын қараумен байланысты құқықтық қатынастар.

 

2 –ші тақырыпша бойынша оқушыларды 2 баладан бөлемін, 1-оқушы - жұмыс беруші, 2- оқушы – жұмысқа орналасушы.



Рөлдік ойыннның мазмұны:

  1. Оқушылар (жұмыс беруші мен жұмысқа орналасушы) еңбек шартының мазмұны көрсетілген құжатты дайындайды.

  2. Еңбек шартының қолданылу мерзімін анықтайды.

  3. Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату жағдайларын көрсетеді.

Осы аталған тапсырмаларды орындаудың үлгілері (үлгі) қағаздардың алдын ала әр оқушыға дайындалғаны дұрыс.

 

Мұғалім түсіндіреді: Жеке еңбек шарты дегеніміз жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша формада жасалынатын екі жақты келісім, онда жұмыскер белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша, ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жүмыс беруші жұмыскерге еңбек ақыны және заңнамада, өзара келісімде көзделген басқа ақшалай төлемдерді уақтьшы және толық көлемде төлеп түруға, жұмысқа жағдай жасауға міндетенеді.



Жұмыс берушімен келісімге отырған және жеке еңбек шарты бойынша тікелей жүмыс атқаратын, белгілі бір жасқа толған жүмыскер бір жағынан, сол жүмыскер еңбек шартьш жасасқан, оған тшсгі жүмыс беретін заңцы немесе жеке түлға — жүмыс беруші, екінші жағынан, сол жеке еңбек шартының жақтары болып табылады. Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген. Орта білім алса немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кетсе, 15 жасқа жеткен адам ата-анасының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартына отыра алады. Жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін 14 жасқа толған оқушыны, сабақтан бос уақытында, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының) рұқсатымен, денсаулыққа зиян келтірмейтін жұмысқа тартуға болады. Келісім жазбаша формада (арыз) беріледі. Жеке еңбек шартына кәмелетке толмағанмен бірге ата-ана (қамқоршы) да қол қояды (Еңбек туралы Заңның 11 бабы).

Мемлекеттік қызметке тұратын адам 18 жастан кіші болмауға тиіс, егер мемлекетгік қызметкерлердің тиісті санатына қатысты республика заңында басқадай көрсетілмеген болса. Мемлекеттік  қызметте болудың ең жоғарғы шегін алып тастады.



Жұмыс  беруші дегеніміз — жұмыскер өзімен құқықтық қатынаста болатын заңды немесе жеке тұлға. Сол себепті кәсіпорын, мекеме, ұйым, кооперативтер, фермерлер жөне еңбек шарты бойынша жалдау негізінде жұмыс беретін басқа кез-келген зандық және жеке тұлға жұмыс беруші болып табылады. Жұмыс берушілердің еңбектік құқықсубъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен бойда туындайды.

Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіліл жасалады. Тараптар қол қойғаннан кейін оның бір данасы қызметкерге беріледі. Жеке  еңбек шартыңда мыналар көрсетілуге тиіс:

 1) тараптардың реквизиттері:

жұмыс беруші - занды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші — занды тұлғаның құрылтай кұжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уакыты;

жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, иесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші — жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәлан-дыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген куні;

қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген куні; әлеуметтік жеке коды-ның нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);

2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);

3) жеке еңбек шартының мерзімі;

4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;

5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене жұмысын немесе зиянды немесе кдуіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін берілетін кепіддіктер мен өтемақылар;

6) жұмыс уақыты мен демалыс уакытының режимі;

7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;

8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

9) қызметкердін құқықтары мен міндеттері;

10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;

11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;

12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.

Жеке еңбек шарты жасалып, оған тараптар қол қойғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті. Бұйрық қызметкерге қол қойғызып хабардар етіледі.

Занда көрсетілген тәртіп бойынша жұмыс беруші қызметкермен жеке еңбек шартын жасасу үшін мынадай құжаттарды талап етуге құқылы:

- қызметкердің еңбек кызметін растайтын құжаттар, яғни еңбек кітапшасы (болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты, не жұмыска кабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

- жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;

- әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлік;

- зейнетақы шарты;

- білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжат (диплом, куәлік, т.б.)

- 16 жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлік;

- зандарда көзделген өзге де құжаттар.

Кейбір реттерде жұмысқа түсушілерден міндетті түрде медициналық тексеруден өту талап етіледі. Олар: 18 жаска толмаған қызметкерлер; еңбек жағдайы өте ауыр және өте зиянды жұмысқа қабылданатын қызметкерлер, тамақ өнеркәсібі мекемелерінін кызметкерлері.

Жеке еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес мынадай мән-жайлар бойынша токтатылуға тиіс:

1) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде кұжатын көрсеткенде үш күн мерзімде;

2) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі занды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда;

3) қызметкер кайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;

4) сот қызметкерді әрекетке кабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, сонын салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда.

Жеке еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуды  мына негіздер бойынша бөлген жөн:

1) тараптардың келісімі бойынша;

2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша;

3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша.

Жеке еңбек шартын заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзуға мына жағдайларды жатқызуға болады:

- сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысқан қызметкерлер мен жеке еңбек шартын бұзу;

- белгіленген сынақ мерзімінен өтуден бас тартқан қызметкерлермен жеке еңбек шартын бұзу;

- қызметкердің сайланбалы қызметке ауысуы т.б.

Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталып, оны тоқтату мен бұзу негіздері бұйрықта, еңбек кітапшасында заңға сәйкестендіріліп көрсетілуі тиіс.

Жеке еңбек шарттың қызметкердің бастамасы бойынша бұзу

Өз  еркімен жұмыстан босанғысы келетін әрбір қызметкер бұл жөнінде жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс. Ескертудің негізгі мақсаты жұмыс берушіге жұмыстан өз еркімен босайтын қызметкердің орнына жаңа қызметкер тандап алуға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл мерзім біткеннен кейін қызметкер жұмысты тоқтатып, онымен толық есеп айырысуды талап етуге құкылы.



Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке еңбек шартын бұзу негіздемелерінің заңда көзделген. Заңда көзделмеген негіздер бойынша қызметкерді жұмыс берушінің ынтасы бойынша жұмыстан шығаруға болмайды.

1.     Заңдарға сәйкес ұйым таратылған кезде, сондай-ақ жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған жағдайда жеке еңбек шарты тоқтатылады.

2. Жеке еңбек шартының қызметкерлер санының немес кестесінің қыскаруы салдарынан бұзылуы жұмыс көлемінің нақты қысқаруы сияқты жұмыс көлемін өзгеріссіз қалдыруға; немесе тіптен көбейгенімен қызметкерлер санын қысқартуға; мүмкіндік беретін түрлі техникалық және ұйымдастыру шаралары жүргізілген кезде де болуы мүмкін.

3. Қызметкердің лауазымына немесе атқаратын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты жеке еңбек шатын бұзу.

4. Егер қызметкер еңбекке уакытша жарамсыздығы салдарынан жұмысқа екі айдан астам уақыт келмесе жеке шарт бұзылуы мүмкін.

5. Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге жұмыска ауысудан бас тартса шарттың бұзылады.

6. Жұмыс  беруші еңбек жарақатын алған немесе кәсіби аурумен ауырған қызметкерді еңбек кабілеттілігі калпына келгенше немесе мүгедектігі аныкталғанша бұрынғы жұмысындағы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақысының айырмасын төлеп неғұрлым женіл жұмысқа ауыстыруға міндетті. Ал неғұрлым женіл жұмыска ауыстырудан бас тартқан қызметкермен жеке еңбек шарты токтатылады.

7. Еңбек жағдайлары өзгеріп, кызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе жұмыс берушінің бастамасымен шартты бұзуға жол беріледі.

8. Қызметкердің дәлелді себептерсіз өзінің еңбек міндеттерін екінші кайталап орындамауы, егер ол бұған дейін әкімшілік жаза алған болса, шартты бұзуға негіз болып табылады.

9. Бір рет тәртіп бұзушылық үшін, оның ауырлығына қарамастан ҚР ЕтЗ 26-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда шартты бұзуға жол беріледі. Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына мыналар жатады:

- бір жүмыс кұнінде дәлелді себептерсіз жүмыста үш сағат бойы болмау. Бір жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз үш сағат бойы жүмыста болмау қыдырымпаздық болып табылады.

- жұмысқа алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де түрдегі уыттық улану жағдайында келу.

-  жұмыс күні ішінде алкогольді, нашақорлық масандық немесе өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану кызметкерді жұмыстан шығаруға дербес негіз бола алады.

-   қызметкердің енбек қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, оның жарақат алу мен аварияларды коса алғанда, ауыр зардаптарга әкеп соғуы мүмкіндігі.

-  жұмыс орны бойынша соттын заңды күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның ішінде ұсақ заттарды) ұрлау.

 10. Егер іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімнің жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жаса жеке еңбек шарт тоқтатылады.

11. Білім беру саласында тәрбиешілік міндетті атқарушы қызметкердің аталған жұмыста жалғастыруға сыйымсыз моральға жат қылық жаса жеке еңбек шарты тоқтатылады.

12. Кызметкердің өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік, кызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де кұпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуі, егер ол жұмыс берушімен шарт жасасу кезіңде бұл туралы колын койғызып таныстырылған болса, жеке еңбек шарт тоқтатылады.

13. Іркіліске байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысудан және ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан реттерде шартты бұзуға жол беріледі.

14. Заңсыз босатылған қызметкер соттың шешімі бойынша бұрынғы қызметіне қайта алынғанда жеке еңбек шарты тоқтатылуы мүмкін.

 

3



Жұмыс уақыты дегеніміз — жұмыс берушінің актілеріне және жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбегі міңдеттерін орындайтын уақыты. Жұмыс  уақытының мына түрлерін бар: ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты.

Қалыпты жұмыс уақыты. Еңбектің күн, апта, жыл бойғы, адамның дамуына және өмір сүруіне зиянын тигізбегін ұзақтығы қалыпты деп танылады. Еңбек туралы  заңнамаға сәйкес кәсіпорындардағы жұмыскерлердің қалыпты ұзақтықтығы  аптасына 40 сағаттан кем болмауы тиіс жұмыс уақытының ұзақтығы. 6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағттан;

6 күндік жүмыс аптасына – 5 күн – 7 сағат, ал бір күн – 5 сағат болып белгіленген.

 Жұмыс уакытының кысқартылған ұзақтығы еңбекті қорғау, оқуды өндіргіш еңбекпен табысты үйлестіру үшін қолайлы жағдай тудыру, өндіріске кәмелетке толмағандарды және еңбек қабілеті шектеулі адамдарды тарту мақсатында жұмыскерлердің кейбір санатгары үшін белгіленеді.

Қызметкерлердің  жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзактығы:

1) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасы-на 24 сағаттан, яғни 6 күңдік жұмыс аптасында күніне 4 сағат-тан, ал 5 күндік жүмыс аптасына - 4 күн - 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында - күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында - 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн — сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиян-ды жұмыстарда істейтін кызметкерлер үшін — аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.



Толық емес жұмыс куні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс қүніне жасалуы мүмкін.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уакыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жүкті әйелдерді түнгі уакытта жұмыс істеуге тартуға олардын келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уакытта жұмыс істеуге 18 жаска толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.

 

Демалыс уақытынын ұғымы және түрлері



 

Демалыс уақыты кызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз калауы бойынша пайдаланатын уақыты. Оның еңбек зандарына сәйкес мынадай түрлері бар:



1) демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;

2) күн сайынғы демалыс;

3) демалыс күндері;

4) мереке күндері;

5) демалыстар.

Демалуга және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Занда үзілістін тек төменгі ұзактығы ғана белгіленген. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және оны кызметкер өз калауы бойынша пайдаланады. Түскі үзіліс 4 сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі.

Арнаулы үзілістер. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суык, мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-туеіру жұмыстарымен айналысатын қызметкеряерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді,

Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс.

Демалыс күндері. Кызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына — екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;

3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.



Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істемейтін мереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар — Жаңа жыл; 8 наурыз — халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз — Наурыз мейрамы, 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр — Жеңіс күні, 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан — Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы. Жыл сайынғы еңбек демалысы - қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер баска нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 18 күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

Президентің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы - 45 күнтізбелік. Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынын қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы 30 күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.

Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары көсіптік білім мекемелері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика кызметкерлеріне толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу жылы жұмыс істесе беріледі.



Жалақы сақталмайтыи демалыстар тараптардың келісімі бойынша қызметкерге отбасы жағдайына және басқа да дәлелді себептер негізінде берілуі мүмкін. Жалақы сақтталмайтын демалыс оның мерзімі мен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

Зандарда қызметкерлердің кейбір санаттарына әлеуметтік сипаттағы демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66-бабына сәйкес әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін үзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі.

Жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бас-тап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінгі кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу ұзактығына қарамастан жүмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдемақы төленеді.

Оку демалыс. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады. Бұл демалыстар қызметкерге ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына карамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде білім беру ұйымында оқитын кызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде акы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін.

  Сабақты бекіту бөлігінде оқушылармен «Ой шабуылы» жаттығуын өткізу. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз:



  • мен еңбекке араласқанда , ең алдымен ... ( жауабы - еңбек қатынастарына түсемін).

  • менің ойымша, еңбек жағдайының болуы....( жауабы – бұл менің материалдық жағынан қанағаттануыма және өз еңбегімнен рақат табуым).

  • маған жұмыс уақыты мен демалыс уақытын алдын ала білген дұрыс, себебі... (жауабы- бұл мені еңбек тәртібіне, жауаптылыққа, өз уақытымды үнемдей білуге үйретеді)

  • мен еңбек етуге қатысты құқықтарым мен міндеттерімді білу үшін ... (жауабы- Еңбек заңы туралы білімім болу керек).

Үй тапсырмасы: «Еңбек құқығының негіздері»



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет