КОГНИТИВТІЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
А.Т.Аширова
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет
қ.Алматы, Қазақстан
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында тіл білімі когнитивтілік ретінде анықталған жаңа парадигманы бастан кешірді. Бұл парадигманың негізгі белгілері бейнелеу мен түсіндіруді қажет ететін жаңа танымдық принциптер мен жаңа шыншылдықпен ұштасады.
Когнитивтілік теориясына алғаш көңіл аударған шетел ғалымдары болатын. Олардың пікірінше ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниеге келген ақпараттар теориясының симпозиумдық легі деп аталған. Осындай ғылыми тұжырымдардың нәтижесінде когнитивтік зерттеу орталықтары ашыла бастады. Адамның танымдық әрекетінің күрделі құбылыс екені ғылыми жаңалықтардың жаңа легін тудырады. Ендеше когнитивтілік антропоцентристік парадигмадағы базалық ілімнің жаңаша бастамаларын тануға жол ашары сөзсіз. Сондықтан когнитивтіліктің теориялық бағыттары жетіліп, түрлі зерттеулердің легін тудырады.
Ғалымдар тіл білімінің жаңа принциптеріне мыналарды жатқызады: экспанстонизм ( басқа ғылымдарға шығудың белседі жолы), антропоцентризм, функционализм және эксоплонаторлық (тілдік жағдайларды түсіндіруге талпынудың тиімдісі).
Аталған принциптердің ішінде біздің зерттеулеріміз үшін ең маңыздысы функционализм болып табылады.
Антропоцентризм принципі бойынша кез келген ғылыми зерттеу обьектісі біріншіден адам үшін, оның өмірінің маңыздылығына байланысты зерттелінді.
Адам барлық ғылыми теориялық таралымдардың алғышарты ретінде басында тұрады.
Қазақ тіл ғылымында когнитивті лингвистика теориясы этнолингвистика, лексикология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан зерттелуінде. Қазақ тіл ғылымында адам санасындағы жинақталған білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі жеке сөздер арқылы көрінуін зерттеуге үлкен көңіл бөлінуде.
Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымы маңызды орынға ие болып есептелінеді. Когниция адам миының көп уақытта жинақталған білім қорының негізгі өзегі болып табылады. «Когниция» интеллектуалдық және «ментальдық» деген атаулардан гөрі когниция өте күрделі, ал қалған екеуі оны толықтырушы атаулар деп таныған жөн.
«Язык представляет собой инструмент, орудие, средство, … механизм для осуществления определенных целей и реализация человеком определенных намерений как в сфере познания действительности ее описания, так и в актах общения, социальной интеракции, взаимодействия с помощью языка» (Кубрякова Е.С.)
Ғалымдар айтқандай, «тіл-құрал, қару ... белгілі мақсатқа жетудің және адам жасаған ойларды қарым-қатынас актісінде, сондай-ақ әлеуметтік интеракцияда танудың, тілмен өзара байланысты механизмі» функционалдық тіл білімінің постулаты болып табылады.
Е.С.Кубряков функционалдық қатынас барлық лингвистикалық білім категориясы үшін негізгі мойындауға тұрарлық маңызды ролі бар деп санайды. Когнитивтік ғылымда зерттелінетін процестер емес, осы процестердің түп негізінде қалыптасқан жасырын болмысы қарастырылады. Қазіргі таңда когнитивизм, ең алдымен коннитивтік ғылыммен байланыса тұрып когнитивтік психология, когнитивтік философия, лингвистика және жасанды интелект сынды өзінің мақсаты ретінде адамды әмбебаптық сипаттау мен танымдық іс әрекетті түсіндіретін ғылымдармен табысады. Когнитивтік ғылымның негізгі сұрақтары адам санасындағы білімнің сақталуы мен белгілі бір жағдайдағы олардың жұмыс істеуі болып табылады. (Шварц 1995: 359). Көптеген зерттеушілердің пікірінше, когнитивтік ғылымның негізгі теориясының фактісі – метальдық репрезентациялардың (өмір) болуы адам танымының анықталатын қасиеті болып есептелінеді. Когнитивтік лингвистиканың жетістіктерін когнитологтар былайша көрсетеді: когнитивтік лингвистика – тіл тануды адам арқылы көрсету; сан алуан жағдайлардағы қарым-қатынасын кең түрде ашу, оның интеллектісі мен санасын, барлық танымдық және ойлау процесімен, сондай-ақ олардың негізіне жататын механизм мен структуралардың байланысуы. «Репрезентация» сөзі когнитивтік ғылымды көптеген пікір таластыруға әкеп соқтырады. Репрезентация дегеніміз не? Ол адам ой-санасында қандай роль атқарады? деген сұрақтарға жауап іздейді. Когнитологтар когниция жүйесіндегі бекітілген репрезентацияларды ақпараттық болмыс деп түсінеді. Бұл ақпараттық блоктар ұзақ уақыт есте сақталатын когнитивтік структуралар ретінде қолданылып, адамдық фактор мәселелерінің шешілуі, тілді түсіну сыный ой – туғызушылық операцияларды жасауға жол ашады.
1. Когнитивтік білім тарихында адам психикасымен қарым-қатынасымен жалғасып келеді. А.А.Потебня, Г.Штейндаль, В.Аундт пікірінше тіл біліміне психологиялық бағытталу болып саналады. Когнитивтіліктің лингвистика саласындағы негізгі бағыты тіл мен адам санасын біртұтас бүтін жүйе тұрғысынан қарастыру деп санайды. Адам миында кодталған тілдік жүйе белгілі бір ретпен танымдық тұрғыдан жүйеленіп күрделі құрылым ретінде зерттелінер бағыт деп таниды. Когнитивті грамматиканың принциптері психолингвистиканың дәстүрлі бағдарламасының инверсиясы болып табылады. Когнитивті лингвистика тіл білімін психологиялық гипотезалар арқылы түсіндіреді.
2. Когнитивті лингвистикалық семантикадан когнитивті грамматикаға дейінгі бағыттар американ лингвистері Л.Талми және Р.Лангакер еңбектерінде көрініс тапты.
3. Ол жасанды интелекет сияқты ұғымдардың дамуы нәтижесінде тұрғаланды. Когнитивті ғылымның аясында 70 жылдың жартысынан бастап лингвистикалық зерттеулерде кең ауқымда таныла бастады. АҚШ-та бұл бағытты көбіне «когнитивті грамматика», ал Ресейде «когнитивті семантика», яғни лингвистиканың тарихи бағытын білдірілуімен осы ұғымдар пайда болған. Когнитивті лингвистиканың ғылымға келуі 50 жылдардағы бүкіл методологиялық дамуының іргетасын генеративті грамматикада Н.Халискидің, лингвистикалық семантикадағы ашылған жаңалықтардың, лингвистикалық прагматиканың, мәтін теориясының қосындысынан қаланған. Көптеген зерттеулердің бастамасы тілдік фактілер сияқты бағыттаушы тілден тыс факторлармен де түсіндіріліп отырған. Когнитивті лингвистикада үлгі ретінде когнитивті құрылым және адам санасының түсіну процесі мынадай:
Фрейм (Минский, лингвистикада Ч.Филлмарға бағытталған), когнитивті үлгі (Д.Ж.Лакофф) немесе табиғи түсініс (Ж.Фоконье), 2S өлшемді белгілі (Р. Джакендофф), семантика-грамматикалық категория (Л.Талми), когнитивті операция консептуалды қолданыс ретінде (Р.Шенк, Ч.Ригер), «білім сатысы» деген негізгі білім системасын жан-жақты үйретуде (А.Ньюэлл) т.б. болып табылады. Ең негізгі когнитивті лингвистикалық публикациялық бөліністі жасау үшін Р.Лангакердің «когнитивті грамматика негіздері 1987, 1991». «Біз күткен метафоралар» (Г. Лакофф, Н.Джансон 1980), «Семантика және когниция» ( Р.Джакендофф1983) «Жаңа заманғы метафора теориялары» (Г.Лакофф 1993) когнитивті лингвистика көптеген бастаулардың негізгі көзі ретінде қаралуда. Қазргі тіл ғылымында концептуалды зерттеулерге үлкен назар аударылуда. В.А.Маслова бұл туралы былай дейді: «матреиал поэзии, выбравший в себя индивидуальные авторские интенции, становится благодатной почвой для лингвокультурологической и филологических изысканий» ( 2006. С206). Олай болса концепт лингвистиканың және филологиялық зерттеулерді басшылыққа алады. Д.Әлкебаеваның концепт туралы ғылыми пікіріне зерделі көз салсақ концепт сөзінің мәні тіл ғылымының көптеген басқа ғылым туындыларының байланысы сипатын толық танытады екен. Атап айтқанда, адамтану, мәдениеттану, этнография, танымдық философиялық, логикалық қисындылық арналардың негізін құрайды. Тіл туралы мәдениеттің қайнар көзі болғандықтан, тілді адам санасы арқылы зерттеу үлкен жаңаша зерттеулердің бастауы болды. Тілді зерттеудің жаңа ұстанымдарын зерттеушілер экспансионизм деген ұғыммен байланыстырады. Тілді зерттеу басқа ғылымдармен байланыста жаңаша зерттеулерге негізделеді екен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ахмедьяров К.К. Формирование и развитие метеязыка русской лингвистической поэтики: Автореф.Д-ра филал.наук. Алматы , 2003
Әлкебаева Д.Қазақ тілінің прагмастилистикасы. Алматы.
Белянин В.П. Психолингвистический и концептуальный анализ художественного текста с позиций доминаты логический анализ языка. Концептуальный анализ. Москва, 1990.
Маслова В.А. русская поэзия ХХ века. Лингвокультурологический взгляд. Москва
Фрумкина Р.М. Концпт, категория, прототны Лингвистическая, экстралингвистическая семантика. Москва, 1992.
ОБРАЗЕЦ ЗАЯВКИ ДЛЯ КАЖДОГО СОАВТОРА
Аширова Анар Тишибаевна
Кандидат, доцент филологических наук
Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Преподаватель
г.Алматы, мкр Аксай-4, дом-32, индекс 050063
87013143501
Anara_314@mail.ru
Согласен с публикацией статьи на сайте «Социосфера» до выхода сборника из печати Нет
Достарыңызбен бөлісу: |