Көкшетау 2006 ббк 88,3я 73 /5к/ к 76



бет9/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,82 Mb.
#36321
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

8.4. Ой операциялары.

Адамның ойы бір жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей – бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет етіп отырады. Ой тәсілдеріне анализ, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру жатады.

Анализ – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу.Анализ /талдау/ тәжірибелік /ойлау – сөйлеу процесінде жүріп жатады/ және ақылдық /теориялық/ болып бөлінеді.

Синтез – бұл әр түрлі бөлшектер, қасиеттер мен әрекет – қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Анализ бен синтез тұтас нәрсенің қарама – қарсы екі жағы . Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды демек ой тәсілінің осы екі түрін қатарынан қарастыру керек.

Абстракциялау дегеніміз – ұғымдардың кездейсоқ белгілеріне көңіл аудармай, тек маңызды ерекшеліктерін оқшаулап бөліп алу.

Нақтылау – ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Яғни жалпы ұғымдардан жалқы, нақты ұғымдарға көшу.

Топтастыру - заттар мен құбылыстардың, жағдайлардың топқа және шағын топтарда белгілеріне қарай ойда топтастыру және біріктіру.

Салыстыру – бұл әр түрлі заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекет.Салыстырудың түрлері: а/бір жақты; ә/көп тарапты; б/үстірт және тереңдей; в/тікелей және жанама.

Гипотиза – болжау, жағдайларды шешудің проектісі.

Инсайт – кейбір мәселелерді тез арада шешуді түсіну.



8.5.Ой және сөз.

Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседе. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі аркасында адам өзінен бүрынғы үрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.

Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мең ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың “Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде” деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады.

Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық жүйелілігі, сыншылдығы т.б. сапаларымен ажыратылады.

Ойының кендігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Ой-өрісінің кендігіне қарама-қарсы қасиет ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шырқ айналдырады да жүреді.

Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да, басқаша пікірмең келуге батылы жетпейді. Мұндай адам ой әрекетін өз қажетіңе жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың өзінде-ақ ақыл-ойдың кендігін ерекше қастерлеген. Мәселен, “Ой ойласаң тең ойла, тең ойласаң, кең ойла” деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындыгы айтылған.



Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарың көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді. Бұған қарама-қарсы қасиет — ойдың асығыстық түрі. Мұңдай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай “ауырдың үстімен, жеңілдің астымен” жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармаскыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді. Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу —адамның жақсы касиеттерінің бірі. Мұндай адам алдындағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл нағыз творчестволық /шығармашылық/ ойдың иесі. Кейбіреулер бұған қарама-карсы өз бетімен ештеңе айта алмай, көбінесе, басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді.

Тақырып 9: Қиял.

9.1. Қиял туралы түсінік.

Қиял – бұл елестерді қайта құру және солардың негізінде бейнелер қалыптастыру, оның жүзеге асуы жаңа материалдық және рухани байлық жасауға әкеледі, қиял сондай – ақ өмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген объектінің бейнесін жасау. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың, сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын елестеулер бір қалыпта тұрмайды, ақыл – ой елегінен өтіп, өзгертіп, бір – біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы бірі – қиял пайда болып отырады.

Қиялдың физиологиялық механизмдері өте күрделі және олар былайша сипатталады. Үлкен ми сыңарлары қыртысының негізгі қызметі - өткен тәжірибелер жинақталатын уақытша байланыстар жүйесін құру. Бұл тәжірибе адамның дүние туралы елестер мен білімдерінің жиынтығынан тұрады.Уақытша байланыстар жүйесі құбылмалы – ол өзгереді, толықтырылады және қайта құрылады. Коиплексті тітіркендіргіштің зат немесе белгілі ситуация болып табылатын талдау процесінде бөлінетін бөлшектерімен белгілі арақатынасқа түседі, жаңаша қиылысып ситезделеді. Осының нәтижесінде адам реалды шындықты қайта құрылған түрінде және мәнінде бейнелендіретін жаңа бейне немесе жаңа бейнелер жүйесі жасалады. Қиял бейнесінің бәрі сөз арқылы қалыптасады және айқындыққа, мазмұнға ие болады.



9.2. Қиялдың түрлері.

Қиялды іс - әрекетіне қарай екі түрге бөлуге болады. Бірі - өткенді еске түсіретін қиял, екіншісі – қайта жасау қиялы. Әрекет дәрежесіне орай қиял активті /белсенді / және пассивті /енжар/ болып, екіге бөлінеді. Белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді.



Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен қандай да бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалаған оқу жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, географиялық не тарихи карталармен танысқанда, сызылмалар мен іс жобаларын оқығанда өте қажет. Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген басқа адамдар сөзінен туғызуға болады Жасампаздық қиял бейнелерін туғызуда адамның көңіл күй жағдайын да ескермеске болмайды.

Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі. Мұндағы “жаңа” түсінігі екі – талай мәнге ие объективті жаңалық және субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне – бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне - әрбір жеке адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін ашатын жаңалығы. Қажеттіліктерді қанағаттандыу жолында көрнекі елес туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану – шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті. Шығармашылық қиял бейнелері түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Осындай тәсілдердің бірі – элементтерді тұтас, бүтін жаңа бейне етіп қиыстыру болып табылады. Қиыстыру – бұл негізгі элементтерді жай үйлестіре салу емес.Жаңа бүтінге енетін элементтердің өздері қайта жасалып, өзгереді, сөйтіп жаңа қатынастарға түседі. Қиыстыру – бұл белгілі элементтердің қосындысын ғана емес, шығармашылық синтез. Шығармашылық синтездің нәтижесі - өзінің ерекше құрылымы және өзіндік мазмұны бар бейне. Жаңа бейне жасаудың онша күрделі емес, бірақ ұтымды тәсілінің бірі – агглютинация.

Әсіелеу және кеміге көрсету әдістері акцент жасау тәсіліне жатады. Әдеби, скульпторлық және сурет арқылы бейне жасаудың өте кең тараған тәсілі – тнптік бейне жасау.

Фантастикалық бейнелер. Шығармашылық қиял бейнелерінің тағы бір түрі – фантастикалық бейнелер. Бұларға діни – мистикалық, ертегі – фантастикалық, ғылыми – фантастикалық бейнелер жатады.

Қияалдың ерекшк түрі – арман. Армандау - өзімізге ұнаған болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ келешекте орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет.



Арманға адамның мұраттарын, оған үлгі болып саналатын бейнелерді де жатқызуға болады. Мұрат – адамның өзін - өзі қалыптастыруы жолында жетуге талпынатын нысанасы. Мұрат бейнесінде жеке адамның даму тенденциясы көрініс береді.

9.3. Қиялдың тәсілдері.

Қиял айналасындағы тіршіліктің әсер етуінен, оны өзгертудің жаңалаудың керектігінен пайда болады. Қиялдың жаңа образдарының пайда болуы үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер бар. Олар:

Аглютинация – бірнеше заттардың жеке элементтері мен бөліктерінің бір бейнеде

қосылуы.

Гиперболизация /әсірелеу/ – заттарды үлкейту немесе кішірейту, кейбір бөліктерін

өзгерту.

Өткірлену – қандайда бір жеке белгілеріне көңіл бөлу.

Схематизация – фантастикалық бейнеге негіз болған елестер бірігіп,

айырмашылықтары көмескіленіп, ұқсас тараптары алға тартылады.

Типтендіру – бұл белгілі идея мен дүниетаным иелері болып саналатын адамдар

бейнесі.

Акценттеу – түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан тыс

кейпімен көзге түсуі.

9.4. Оймен қиялдың байланысы.

Тақырып 10: Адамның ерікті – эмоциялық сферасы.

10.1. Сезім және эмоция.

Сезім-адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі-оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері-қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т.б.көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материал рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерлеуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.“Эмоция” ұғымының төркіні-“емовера”деген латын француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні-тітіркендіру, толқу. Бұл-жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция-адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды ісәрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, ісәрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық –күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық-әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күйшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді.Сөйтіп, адамның сезімі күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі-эмоция-жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар. Сонымен, эмоция – дегеніміз - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

Адам эмоциясы,негізінен,тіршілік ортасы мен әлеументтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тә - ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдану, қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық - әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болады. Ч.Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі-адамдарға тән ар мен ұят,ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді. Адам-эмоцияларынның ішінде оның күрделі түрі “көңілдің”алатын орны зор. Көңіл-адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды, шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады.

Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы орталықтардың нервтік қозуынан және вегатативтік нерв жүйесіеде жүріп жатқан физиологиялық процестерден болатынын көрсетеді. Сол сияқты, ми қыртысы астының өзі де үлкен ми сыңарлары қыртысына күш беруші ретінде оған жағымды әсер етеді. Эмоциялық процестер адам организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек – тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғыззады. Эмоциялық күй кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді,көз қарашығы үлкейеді, терлеу, бозару, қызару байқалады, жүрек, өкпе, орталық нерв жүйесіне қарай қанның ағызы күшейеді. Әр түрлі көңіл күйлері вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы қозатын ішкі мүшелердің өзіндік өзгерістерімен қосарланады.

Электрофизиологиялық зерттеулер эмоциялық күйлер үшін нерв жүйесінің айрықша құрылымдарының орасан зор маңызы болатынын көрсетіп отыр. Эмоциялық күйге келу мен қоршаған жағдайда эмоциялық бағдар жасау негізінен алғанда таламус, гипоталамус және лимбика жүйесінің қызметтерімен анықталады.



Ретикуляр /немесе тор түстес/ формациясы қызметін жүргізілген ең жаңа зерттеулер ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің белсенділігінің арттыратынын ашты.

10.3. Жеке тұлғаның сезімдері.

Қоғамның нақты талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі - адамгершілік сезімдері. . Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар. Адамгершілік-моральдық сезімдер. Қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. “Мораль”-“морале” деген француз сөзі. Мағынасы-адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеументтік жағдайы-мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады. Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізгі-белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер-борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отба-сындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.



Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі-балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі-адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.

Эстетикалық сезім - обьективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылы-ғы мен сенімділігін қабылдап,оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләзаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты түрде дамиды. Эстетикалық сезім-мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістенуші фактор ретінде қарастырылады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады. Практикалық – немесе практикалық сезім, адамның іс - әрекетімен, өзгерісімен, жетістіктерімен, іске асуындағы қиыншылықтарымен, оның аяқталуымен байланысты.

Стеникалық – адамның іс - әрекетін белсендендіретін /активтендіретін/ сезім.

Астеникалық – шамданған енжар /пассивті/ сезім.

10.4. Эмоция мен сезімнің функциялары.

Эмоцияның негізгі функциялары:

  1. Сигналды / адамның организмінде немесе қоршаған ортадағы өзгерістеріне байланысты ренжудің пайда болуы және өзгеруі/.

  2. Реттеу / эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттіліктің қанағаттандырылуы үшін керек заттың бейнесі көрініп, содан заттың өзіне деген әмесқойлық пайда болып,ол өз кезегінде адамды әрекетті орындауға ниеттейді, ынталндырады.

  3. Бағалау / адамның әрбір сетуацияларына және олардың мәнін байқататын эмоциялар; эмоциялық көңіл – күйлерінде адамның ішкі жан дүниесі көрсетіледі.

  4. Коммуникативті / ым – ишара, дене қозғалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөніндегі өз қатынас талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізеді./.

10.5. Ерік. Ерік туралы түсінік.

Ерік – адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы. Ерік алға мақсат қоюдан басталады.Ал мақсат адамға айқын, ашық, саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін, адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік – саналы әрекеттен туындайды. Адамда өзінен - өзі пайда болатын қимыл /жатқанда қозғалу, дене мүшелерінің қимылдауы т.б/ еріксіз қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік – жігеріді көрсетуге қатысы жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет: а/ алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;

ә/ жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді жеңу;

б/ мақсатқа жету жолында қайреткерлік, ерлік, табандылық

көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т.б.

в/ қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т.б.

Еріктік мінез – құлық, еріктік әрекеттердің физиологиялық механизмдері мына төмендегідей болып келеді. Үлкен ми сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл қозғалысты басқаратын учаске орналасқан. Ол ми қыртысының барлық учаскелерімен, соның ішінде баолық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгі бір учаскесінде пайда болған қозудың қимыл – қозғалыз учаскесіне жетіп, онда да осындай процесс туғызу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

10.6. Еріктік іс - әрекеттің құрылымы /структурасы/.

Еріктік әрекеттерді қарапайым және күрделі болады.



Қарапайым, әдетте, мақсат қою және орындау деген екі буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз келіп отырады.

Күрделі еріктік әрекетте мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буын айқын бөлінеді.

10.7. Жеке адамның еріктік сапалары.

Адам бала кезінен белгі бір дәрежеде ерікпен реттелетін әрекеттер мен қылықтар жасайды. Өмір тәжірибесі әрекеттің реттелуін жеке адамның еріктік қасиеттері түрінде нығайтып отырады. Бұл қасиеттер басқа да жеке адамдық ерекшеліктермен бірге адам мінез – құлқының стилін құрайды. Бірақ адам басқа адамдармен бірге өмір сүреді.Ол қоғам мүшесі, өзінің идеологиясы, моралі, салты мен дәстүрі бар таптың өкілі. Практикалық әрекетінде жеке адам өзінің индивидуалды қажеттіліктерін, мүдделерін және өзі бірге өмір сүретін адамдардың идеяларын, моральдық нормаларын, дәстүрлерін жетекшілікке алады.



Жеке адамның еріктік қасиеттерінің негізгілері мыналар:

  1. Қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиетті мақсатқа ұмтылушылық деп аталады.

  2. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиет батылдық деп аталады.

  3. Мінез – құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп аталады.

  4. Ұстамдылық немесе сабырлылық деп бөгет жасайтын психикалық көңіл күйді және шаршап – шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік – жігер қасиеті айтылады.

  5. Өзі талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиет дербестік деп аталады.

  6. Дербестікке қарама – қарсы ерік қасиеті иланғыштық.

/Қараңыз.Әдебиет. Сәбет Бап – Баба. Жалпы психология. Алматы 2003ж.203 – 206 бет./

11. Темперамент.

11.1. Темпераментке жалпы сипаттама.

Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез – құлықтың табиғи ерекшеліктері.

Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл – қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің бәріне толық пстхологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтанған.Алайда, дәстүрлі қабылданған темераменттің төрт /сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик/ түрінің психологиялық сипатын түсіну үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолданылады:1.Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда

болуынасебепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап - әрекеттің туындау шапшаңдығы.

2. Жауап - әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған

ырықсыз жауап - әрекет дәрежесі.

3. Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және

кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет – қылығының қарқындылығы

/табандылық, зейін қою, бағдар таңдау т.б./

4.Жауап - әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс - әрекетінің өзін пайда

еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі

жағдайлар /көңіл – күйден, кездейсоқ оқиғалардан/, болмаса ниет, мақсат, талғаи т.б.



  1. Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жатқылық көрсетуі.

  2. Жауап - әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым – ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

  3. Экстраверсия, интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.

  4. Сезімдік қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет