Көкшетау 2006 ббк 88,3я 73 /5к/ к 76



бет8/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,82 Mb.
#36321
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі  уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақытылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту аралығында психологияда "есдеңгейлері" деп аталған тану кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер уақыт өтуімен шәкір жаттағанын түгелдей жаңғырта, айтып берсе, онда балада бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқышы жаттағанын өз бетінше кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.

Ұмыту материал құрылымын түзуде, яғни жоспарлауда, оның кейбір мәнді бөлшектерін назардан тыс қалдыруда, жаңа жаттағандарын ескілерімен шатастыруда көрініс береді. Ұмытшақтықты жеңу үшін оның туындауына себепші келесі заңдылықтарды білу қажет:

1. Ұмытудың уақыт ішінде желісі әртүрлі. Жатталғанның есте тұрмауы әсіресе материалды бірінші қабылдаудың ізін ала болады, ал кейін дейділеген ақпарат ұмытыла бермейді.

2. Қабылданған материалды қайталап бару жұмыстарын кейінге ысырып қоймай, дер мезгілінде орындап тұрған жөн.

3. Қабылдаудың ізін ала ұмтылған материал бірқанша уақыт өтуімен қайта еске оралады. Бұл құбылыс психологияда реминисценция (жобалай еске түсіру) деп аталған.

4. Материалдың тез істен шығып, ұмытылуы, оның түсініксіздігінен, мағынасына жете ене алмағандықтан да болады. Сондықтан әрдайым мұғалім ұсынылған материалдың жеткілікті деңгейде түсінімді болғанын анықтап алғаннан соң ғана оны есте қалдыруға байланысты жаттығуларға өткені дұрыс.

5. Адамның ұмытшақ болуының үлкен бір себебі  оның айналысқан материалының қызықты болмай, тұрмыстық қажеттілікпен байланыспауынан келіп шығады. Осыдан да ересек адамдардың көбі өз кәсібіне, өмірлік қызығуларына орай өткен оқиғалар мен кезіккен ақпараттарды жадынан шығармайды.

6. Ұмыту желісі материал көлемі мен оны игеру қиыншылықтарына тікелей байланысты.

7. Ұмыту процесінің кем болуы үшін жаттау қызметінен кейінгі іс-әрекет алдыңғы жаттауға кедергі болмай, оны қайталауға байланысты жұмыстармен ұштастыруға мүмкіндік бергені орынды.

8. Ұмытшақтыққа себепші көп факторлардың ішінде аса қатерлісі  адам жүйке жүйесінің әртүрлі сырқаттарға шалдығуы мен бас құрылымының кездейсоқ соққылар мен жарақаттар алуы. Ұмыту қызмет бабымен шаршауға да байланысты. Қажетті материалға назар аударуға кедергі келтіретін шектен тыс әсерлер де ұмытшақ болуға өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Ұмытшақтықпен күресте жоғарыда келтірілген жаттаудың ғылыми негізделген әдістерін білу көп жәрдемін тигізері сөзсіз. Бұл ұсыныстарды елемеуден материалды есте қалдыру мен есте сақтау үшін бекерге уақыт жойып, көп еңбек сарп етіп, ақырында межелеген нәтижеге жете алмай қалу екінің бірінде болатын жағдай.

Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әртүрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме  бұған жауап таба алмай , мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіре, жадқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.

Ес бұзылысы кейде өткендегі оқиғаларды да, қайта тіктей алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен кеңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге, науқас адам санасында өте бір ұзақ уақытта болған қандай да бір оқға, жағдай естен кетпестей орын тебуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұзылуынан да көрінеді: адам белгілі бір уақыт аралығында тәп-тәуір жаттап, материалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айырыла қалады. Мұндай сырқатқа шалдыққандар кейде оқыған, білгендерін түбелегін түсіре, тәптіштеп айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені есіне түсіре алмай, қиналады. Мұндай жайлардан адам есі үзіліске түсіп, оның ой жүрісінің бұзылғанын байқаймыз.

Ес бұзылыстарын зерттеу ми сырқаттарының белгілерін дәл танып, болжастырумен бірге

/ Қараңыз "Жантану негіздері" С. Бабаев (Бап-Баба). Алматы 2001 ж. 154-170 беттер

7.4. Ес теориялары.

Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г. Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді.

Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологі Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бізді беку процесін байқастырды. ХХ ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И. П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И. П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.

Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтанда естің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмайды. (А. Бергсон)

Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л. С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның із-басарлары А. А. Смирнов және П. И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа әрі мәнді заңдарын ашып, жадта қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті "материяның жалпы қасиеті" деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.

Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі  бір-текті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан-алуан. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. Ішінде жойылып кетеді.

1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша өшетініне мән беріңіз: қағу тоқтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.

2. Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жаймен жойыла бастайды.

3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.

Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.

Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес  жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі  шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі  материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық  бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңдан-басқа болмайды.

Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденгендей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.

Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты "топталған не тізбектелген" (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі  уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі  олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі  қарама-қарсылыққа негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі  себеп-салдарлы қатынастардан туындайды (каузальдық ассоциация). Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д. Джеймс, Спенсер, И. М. Сеченов, И. П. Павлов.



Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жинақтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолай ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрлі қызмет етеді, бірі  қоздырушы, екіншісі  тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы  қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.

Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізінде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклейн қышқылыныңмолекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесінде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрамы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.

Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бірі бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған (Д. Мак-Коннел).

Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып (кодталып), организмде еркін қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.

Есте қалдыру және қайтадан жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдай болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес  қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес  ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты  қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік (оперативная) естер ажыратылады.

7.5. Естің негізгі заңдылықтары.

Олардың кейбірі мыналар:

1/ Адамның алдына қойған мақсаты анық, ашық болса, оның жаттайтын материалдары да тез және нәтижелі болып келеді.

2/ Адам жаттайтын материалдарын жақсылап түсінсе, ақыл – ойынан екшелеп өткізсе, олардың өзара логикалық байланыстарын білсе, жаттау нәтижелі болады.

3/ Есте қалдыру және жаттау нәтижелі болу үшін әр уақытта жаттығу, қайталау жқмыстарын түрлендіріп отыру керек:

а/ түйдектеп жаттау.Қайталаудың бұл түрі қонымсыз, нәтижесіз болып келеді. Себебі адам жаттайтын нәрсені дамыл алмай үздіксіз, бірінен соң екіншісін бірнеше рет қайталағанда, жаттайтын материалдың мағынасын жақсы түсініп, олардың арасындағы логикалық байланыстарын дұрыс түсіне алмайды;

ә/ бөлшектеп жаттау. Бұл алдыңғымен салыстырғанда нәтижелі болады. Бірақ мұндай қайталаудың аралары өте ұзақ болмауы қажет.

4/ Жаттау кезінде мүмкіндігінше материалды оқтын – оқтын еске түсіріп отыру керек.Себебі еске түсіру өте белсенді процесс болып табылады.

5/ Егер материалдың көлемі көп болмай, ықшам, түсінікті болса, мұндай материалды тұтасымен бір дегеннен жаттау керек. Егер ол бір – бірімен байланыспаса, фактілер мен даталарды түрлі формаларды жаттау керек болса, оларды бөлшектеп жаттау керек Егер материал түсінікті, ұғымды болғанмен көлемді болса, оны тұтастай жаттауға да, бөлшектеуге де болмайды. Өйткені, бөлшектеуге адамның ерік – жігері көбірек жұмсалады.Материалдың бірі мен бірінің байланыстары түсінікті болып, сол себептен еске түсірудің нәтижесі нашар болады. Жаттау кезінде адам бірнеше сезім мүшелерін оған қатыстырып отырса жаттаудың нәтижесі жақсы болады.

 

Тақырып 8: Ойлау.

8.1. Ойлау туралы түсінік.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі кұрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.



Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өндейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Адам сырткы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығымен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері.

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан “ауытқитын кездері де болады”. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің зандары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.



8.2. Ойдың формалары.

Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ойлау формаларының ең қарапайым түрі – ұғым. Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды / жеке, дара, жалпы жинақтай / өзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып – біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең және ықшам болып келеді.Ой процесінің негізгі формалары – пікір және ой қорытындысы.



Пікір дегеніміз – құбылыстар арасында байланыс орнату. Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзінен - өзі нандырғысы кесе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелденген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.

Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай – ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да / логика оларды жүгініс /посылка/ деп атайды/ пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайға қарай ойыса тұжырым жасауға да болады. Бұл – дедуктивтік ой қортындысы.



8.3. Ойлаудың түрлері.

Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.



1/ Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері – дискурсивті: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

2/ Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл /өнімді/ және қайта жаңғыртушы /қайта жасаушы/ болады. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс - әрекеттің төркін, ішкі мән – мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой – пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет:

1/ жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;

2/ нақты тұлға ой - өрісінен бастау алған субъективті жаңалық.

Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: 1/ шектен тыс сыншылдық;

2/ шешім іздеудегі асығыстық; 3/ішкі шек қоюшылық /цензура/; 4/ регидшілдік /ескі білімдерді қолдануға әуесқойлық/; 5/ конформизм /сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тартыншақтық/.Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы – дайын білімдермен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.

3/ Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және тәжірибелік болып бөлінеді./Қараңыз. Әдебиет. Сәбет Бап – Баба Жалпы психология. А.2003.ж.161б/.

4/ Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау:1/ затты - әрекетті; 2/ көрнекі – бейнелі; 3/ сөзді – логикалы болып түрленеді./ Бұл да сонда.162б /.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет