Көкшетау 2006 ббк 88,3я 73 /5к/ к 76


Психология ғылымының салалары, зерттеу әдістері



бет2/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,82 Mb.
#36321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1.3. Психология ғылымының салалары, зерттеу әдістері.

Психология сан салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделікті өмірімізге қызмет етеді.

Оларды тудырған- қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономиалық прогрестің әсері.

Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді.Сондай-ақ ғылымның негізгі принциптері ,оның әдістері ,психологияның әр саласында өткізілген зерттеулер негізінде талданып қорытылған және абстракцияланған ұғымдар жүйесі де жалпы психологияның мазмұны болып табылады.

Әлеуметтік психология әр түрлі әлеуметтік қауымдардың – топтардың,ұжымның психикалық көріністерін (олардың көңіл-күйін,қоғамдық пікірін ,еліктеуін т.б ),топтар мен ұжымдардағы адамдар арасындағы өзара қатынастар сипатын ,олардағы жеке адамның алатын орнын зерттейді.

Салыстырмалы психология/бұрын бұл зоопсихология деп аталатын/психологияның салалары ішінен ерекше орын алады ,өйткені ол жануарлардың психикасын зерттейді.Психологиялық бұл бағыттың мәні жануарлардың ,әсіресе дамудың жоғары сатысындағы жануарлардың психикасын зерттей отырып ,адам санасының алғашқы тарихын ашуға болатындығында.

Педагогиклық психология білім беру мен тәрбиелеудің психолгиясымен тығыз байланысты,өйткені ,білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және индивидуалдық ерекшеліктерін ескермейінше ашу мүмкін емес.

Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын ,әр түрлі психикалық процестердің /естің, ойлаудың ,қияалдың ,сезімнің/қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді.

Міндеті:жастық ерекшеліктерді ашу,жасқа қатысты шақтардың біріншісінен екіншісіне өтудің заңдылықтарын белгілеу болып табылады.



Инженерлік психология –еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі.Ол адамның машинамен өзара әрекеті туралы мәселені ,оның өзінде,негізінен өндірістік механикаландыру мен автоматтандырудың жоғары сатыға көтерілген жағдайында ,басқарудың автоматтандырылған жүйесі жағдайында зерттейді.

Спорт психологиясы спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеп дайындайды,спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдарын зерттейді ,жарыстық тартыстар жағдайында спортшының сана көріністерін тексереді ,спорттық шайқастарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады.

Заң психологиясы тергеудің психологиялық аспектілерімен ,куәлар жауаптарының талдауы,куәгерлік көрсетулерді,жауап алуға қойылатын талаптарды талдаумен байланысты проблемаларды зерттейді.Бұл сала сондай-ақ қылмысты адамның психологиялық ерекшеліктерін ,қылмыстың жасалу себептерін ,тұтқынның психологиясын және еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттейді.

Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы ,ұрыс кезіндегі ,әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы пихологиясымен шұғылданады.Әскери психологияның маңызды міндеті-әскери оқу мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады.

Патологиялық психология адамдардың нормальді психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі ауытқуларын зерттейді.Психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология/психикалық дамудың мидың туа біткен ақауларына байланысты патологиялық жағдайларын тексереді/,тифлопсихология /соқыр немесе нашар көретін адамдардың психологиясын зерттейді/,сурдопсихология/есту қабілетінің бұзылуымен байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді/бар.

Психологияның негізгі зерттеу әдістері бақылау және эксперимент.

Байқаудың негізгі қасиеті - психикалық процестерді табиғи жағдайларда танып –білуге мүмкіндік береді



Байқаудың түрлері:интроспекция/өзін-өзі бақылау,ішкі бақылау/,сыртқы / сыртқы бақылау/ерікті,стандартталған /таңдаулы/,қосылған,жан-жақты,срез/қысқа мерзімді/,лонгитюдтті/ұзақ,көп жылдық/.

Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы –зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.

Белгілі жағдай жасай отырып,зерттеуші,біріншіден ,осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге,екіншіден,бір жағдайды өзгертіп ,басқасын өзгертпей сақтауға,сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға ,үшіншіден ,тәжірибені қайталауға,сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.Психологиялық эксперименттің екі-лабораториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар.



Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі,жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады.Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен.Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді /қабылдау,түйсік,еске түсіру/зерттеу үшін де табысты қолданылады.

Табиғи жағдайдағы эксперименттің барысында қызметтің /ойын,оқу,еңбек/әдетті жағдайы сақталады.Табиғи жағдайдағы экспериментті жүргізу кезінде алдын-ала баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және онда қандай психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс беретіндігі анықталады.Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттің жақсы қасиеттерін –біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде

Табиғи жағдайдағы экспериментті одан әрі дамыту оның мынадай,психологиялық-педагогикалық эксперимент сияқты екінші түрінің тууына әкелді. Мұның мәні –оқушыны зерттеу тікелей оқыту және тәрбиелеу процесінде,зерттеу объектісі болып табылатын психикалық ерекшеліктердің белсенді қалыптасуы процесінде атқаралатындығында.



Тест-басқа әдістерден ең алдымен ,жаңа заңдылықтарды ашу үшін емес,сыннан өтетін адамда белгілі бір қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданылатындығымен ерекшеленеді

Тестің мазмұны мен құрылымы алдын-ала жүргізілген көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп,тексеріледі.Тестердің көмегімен адамдардың белгілі-бір іс-әрекетті орындауға әзірлік деңгейлері анықталады.Тестер деп аталатын әдістер ерекше бір топ құрайды.Олар:тест-сынау,тексеріп көру,тест-тапсырма,тест-проективті.



Сұрақ сұрау –бұл әдіс берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданылады.Түрлері: ауызша, жазбаша/анкета/, ерікті/әңгіме/, стандартталған.

Модельдеудің –көмегі арқасында психикалық құбылыстар тікелей зерттелмей ,сол құбылысқа ұқсас модель арқылы зерттелетіндігінде .Модельді жасау үшін зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жеткілікті білім болуы қажет.Сондықтан да модельдің дұрыстығы,толықтығы,жан-жақтылығы белгілі бір құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады.Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан модельдеудің басталуы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты.Модельдеу әдісін қабылдау ,түйсік,ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады.Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде,білім беру процестерін зерттеуде кеңіне қолданылады.

Казіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:

1.Ұйымдастыру әдістері өз ішінде салыстыру әдісі /әрқандай топты жасы қызметі т.б.бойынша салыстыра ,зерттеу/;лонгитюд әдісі/бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап,зерттеп бару/;комплекстік әдіс/зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып,бір объектіні жан-жақты әртүрлі құралдармен зерттеу/.Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады.Мысалы: жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.

1.4 Казіргі заман психологиясы,оның мақсаттары мен міндеттері.

Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу.Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді,жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде ,психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда.Б.Ф.Ломов “Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары” атты еңдегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе,”бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады”,-деп жазды.Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф.Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын,олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын ,сонымен қатар бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап береді .Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы,іс-әрекет категориясы ,жеке адам категориясы ,тіл-қатынас категориясы,сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер-“әлеуметтік”және “биологиялық”.Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің обьектив байланыстарын,оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.

Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп ,қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты.Казіргі күнде бұл қызмет қалыптасып,дамуда,ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы ықтимал.

 

Тақырып 2. Жеке тұлға психологиясы.

Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бар сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан-алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топ жарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай және т.б. толып жатқан өкілдері болады

Жеке адам, тұлға қоғамнан (отбасы, ұжым, т.б.) тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның жан дүниесі тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу, іздену, іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады.

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам  жеке адам болып сипатталады. "Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымызда "адам", "дара адам (индивид)", "даралық (индивидуальность)" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігімін  "адам" түсінігі қамтиды.

Адам  өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде  дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам  адамдық даму нышандарының иесі  нақты адам. Даралық нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері. "Жеке адам" түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланыстарында қалыптасады да көрініс береді. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Адам өмірге дейін қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәннің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын (динамика) белгілейді. Биологиялық құрылым иесі  адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді

 

2.1. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері.

Құрылымының бірінші компоненті /блогы/жеке адамның бағытталығын ,немесе адамның болмыс қатынасын сипаттайды.

Екінші блокті жеке адамның мүмкіншілігі анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды.

Жеке адам құрылымындағы үшінші блок мінез немесе адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлқына сипаты болып табылады.

Басқа барлық блоктардан үстем тұратын төртінші блок басқару жүйесі болып табылады,оны әдетте “мен “ сөзімен белгілейді.”Мен “өзін-өзі реттеу қызметін атқарады: іс-әрекеттің күшейе түсуі немесе әлсіреуі, өзін-өзі бақылау, әрекеттер мен мінез-құлықтардың түзетілуі, алдын-ала таң-тамаша болу және өмір мен іс-әрекетті жоспарлау.

2.2. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік ара қатынасының проблемасы.

Жеке тұлғаның ең төменгі деңгейі биологиялық тұрғыда құрылымдарға арақатынасын белгілейді.оларға жас ерекшеліктері, психиканың жыныстық құрылымдары, темпераменттің және нерв жүйесінің тума қасиеттері.



Естің жеке дара байқалынуы, қабылдауы, түйсік, ойлау, қабілет, тума факторлары ретінде ,даму тұрғысында кемелгендік, осылардың сапасын жаттықтыру-адамның жеке дара ерекшеліктерінің психикалық процестерінің құрылымы болып есептеледі.

Келесі құрылым жеке тұлғаның әлеуметтік іс-тәжірибесінің даралығын кіріктіреді.Оларға : білім, білік, дағды және әдеттері жатады. Бұл құрылым әлеуметтік сипатта қарастырылады.

Жеке тұлғаның жоғары деңгейі -бағыттылық Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз-сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі.

Биологиялық және әлеуметтік ара қатынастар проблемасы психология тарихында әр түрлі психикалық даму теориясын тудырды. Биологиялық пісіп-жетілу теориясы бойынша: адамның психикалық функцияларының тұқым қуалаушылығы сыртқы ортамен байланыспайды, организмнің пісіп-жетілуі биологиялық тұрғыда дамиды. Ортаның жүргізуші ролінің теориясы бойынша: орта-адамның психикалық дамуының шешуші факторы болып саналады.



2.3. Жеке тұлға психологиясы.

Гештальтпсихология.

Гештальтпсихология /немістің gestait -бейне,кескін үйлесімі деген сөзінен алынған/ Германияда бихевиоризммен бір мезгілде пайда болды.Бұл бағыттың негізіне М.Вертгеймердің/1880-1944/,В.Келердің/1887-1967/,К.Коффканың/1886-1941/ еңбектері алынды.

Гештальтпсихология бойынша,мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры емес, күрделірек құбылыс. Сөйтіп психикаға тұтас нәрсе ретінде қарауды гештальтистер басқа барлық бағыттардағы атомизмге қарсы қойды.Тұтас құрылым сапасы бүтінді құрайтын элементтер жиынтығына айнала алмайды және олардан шығарылмайды Керісінше ,бүтін элементтердің сапалық ерекшеліктерін белгілеп берді

Гештальтпсихологияны жақтаушылар қабылдау саласында да көптеген зерттеулер жүргізді .Қабылдаудың түйсіктен сапалық айырмашылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті.Қабылдау актісіндегі фигура мен фон қатысының мәні ашылды және бейненің қалыптасуындағы контурдың ролі аталып көрсетіледі.

Гештальтпсихологияның эксперименттік зерттеулерінің негізгі кемшілігі-түйсіктер комплекстері ретіндегі заттар туралы махистік идея болады.Мұның өзі қабылдаудың шынайы мазмұнын, оның сыртқы ортамен байланысын теріске шығарды.

Психоанализ.

Жеке адам теориясына елеулі үлес қосқан ғалым З.Фрейд. З.Фрейд теориясының негізіне жеке адам дамуының қозғаушы күшіне оның құрлысының арсындағы байланыстар мен келіспеушіліктер туралы түсініктер алынды. Жеке адамды зерттеу әдісінің негізіне психоанализді алып, оның көмегімен жүйке және психикалық аурулардың көздерін анықтады. Зерттеуге алынған адамдардың “ ең төменгі басылыңқы инстинктерін “ анықтағаннан кейін Фрейдистер оны сол адамның мінез - құлқының ең басты көзі деп есептеді.” Фрейдизм “ деп бұл бағыттың аталуы австриялық психиатор З.Фрейдтің /1856-1939/ есімімен байланысты.

З.Фрейд жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырды. Ол адам өзінің қылықтарының туу себебін кейде түсіндіріп бере алмайды деп атап көрсетті. Оларды санамен аңғаруға болмайды және бұлардың нақты себептерін ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға мүмкіндік туады. Мінез – құлықтың түпкі себебін түсіндіру және оны адам, оның ішінде психикалық ауруға ұшырағандарды /емдеу мақсатымен/ саналы түрде аңғаратын ету – Фрейдтің санасыздықты зерттеу үшін жасап шыққан әдісі – психиканы талдау әдісінің міндеті.

Психоанализдің даму мөлшеріне байланысты психоаналитикалық концепциялар пайда бола бастады. Олар: А.Адлердің жеке дара псхологиясы, К.Юнгтің аналитикалық психологиясы, Э.Эриксонның Эго – психологиясы, К. Хорнидің әлеуметтік – мәдени теориясы, Э. Фромның және Райхтың теориялары.



Бихевиоризм.

Бұл бағыттың өкілдері: Джон Уотсон /1878 – 1958 /, Эдуард Ли Трондайк /1874 – 1949 /, Беррес Федерик Скиннер / 1904 ж. туған /,Бандура.

Бихевиористердің пікірі бойынша психолгия сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға келетін және әр кім үшін белгілі, яғни мінез – құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу пәні өзгерді /сананың орнына міне – құлық алынды /,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. “Сана”, “түйсік”, “қабылдау”, ”ерік” деген және басқа терминдер ғылыми мазмұныжоқ сөздер ретінде жоққа шықты. “Стимул” /сыртқы орта қоздырғышы /, “реакция” /организмнің қозуға қайтаратын жауабы / мен стимул мен реакция арасындағы “байланыс” /ассоциация, коннексия / негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул – реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп қарастырады. Психологиялық зерттеулердің мақсаты – ортаға бейімделуге бағытталған мінез – құлықтың принциптерін зерттеу.

1913 жылы американ психологы Д.Уотсонның псхолгияны мінез – құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарады: оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді.

Бихевиоризмнің пайда болуына американ зерттеушісі Э.Трондайктің /1874 – 1949 \ еңбектері елеулі ықпал етті. Оның өзі бихевиорист болмағанымен, ол ашқан бір қатар мінез – құлық прициптері кейіннен бихевиоризмнің өзгермес заңына айналды.

 

 



Іс - әрекет теориясы.

ілдері: Сергей Леонидович Рубинштейн / 1889 – 1960 \, Алексей Николаевич Леонтьев /1903-1979 /.

Іс - әрекет үстінде сана қалыптасады. Сана іс - әрекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс - әрекеттен көрінеді де. Психологиялық зерттеу заты – іс - әреке кезінде жеке адам болып саналады. Демек, назарға тек жеке дара адамның іс - әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттарда психологиялық зерттеулердің объектісіне бірлікті, ұжымдық іс - әрекет те алынып жүр.

Адам іс - әрекет нәтижесі – нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Адам үшін өзін табиғаттан саналы түрде ерекшелеп көрсету тән. Ол өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді.

Гуманистік психология.

Өкілдері: Г.Олпорт, А., Маслоу, К.Роджерс.Мынадай бірқатар мектептерден, тұрғылардан, теориялардан тұрады. Олар: дербестілік, гуманистік, экзистенциальдық, феноменологиялық және т.б.

Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты – бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді.Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманистік психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады.Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты - өзін - өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу.

Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінің бірі Абрахам Маслоу еді. Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1/ физиологиялық қажеттіліктер, 2/қорғаныс қажеттіліктері, 3/ көрек-тағамдық қажеттіліктер; осылардың бәрінен жоғары адамгершілік /гуманоидтық/ қажетсінулер, яғни 4/ шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.

Маслоу теориясының басты кемшілігі – оның биологизаторлық пікірден аса алмағандығында, әдетте, біздің қайырымды, игілікті болып дүниеге келетініміз, жаман болу біздің еркімізде еместігі - әрқайсысымыздың да көңілімізге қонымды.

Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге асыруы тиіс.

 

2.4. Сана туралы түсінік.

Сана – психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпы және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте – болады.Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс - әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: /А.В.Петровский/.

1/ Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымында барша

танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

2/ Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді.Органикалық әлем тарихында

тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам – ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

3/ Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын – ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.Осыдан сана қызметі:мақсат қалыптастыру, себеп – салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс - әрекеттің орындалу жолын айқындау т.б.

4/ Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүесін қамтиды.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады.Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне - өзі есеп береді, демек, сана тек ғана сыртқы білімді емес, өзін біліуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана – сезім түрін де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Адам өзіндік санасы – шексіз, күрделі проблемалардан.Әрқандай тұлға сан қырла өз “Менінің”

көптеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі, болашақтағы өзінің идеялық “Мені” жөнінде не ойлайды, осы “Менді” басқалар қалайынша таниды.Таным субъекті болудан, адам өз санасы аясында зерттелуші объект.

Өзіндік сана дегеніміз не. Бұл мәселені зерттеуші ғалымдардың бірі И.С.Кон былайша түсіндіреді:”Әрбір дара адамның өзін өзі іс - әрекет субъекті ретінде тануға жәрдем ететін психикалық процестердің жиынтығы - өзіндік сана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өз ұғымдары белгілі бір “Мен” бейнесін құрайды.

“ Меннің” психологиялық мәнін А.Г. Спиркин келесідей сипаттайды: “мен” түсінігі өз санасының нұрымен сәулелендіріп, өзін - өзі қабылдаған, таныған және сезген жеке адамды білдіреді ”. “Мен ” - психикалық өмірді реттеп барушы прицип, өзіндік бақылауды жүргізуші рухани күш; бізді өз мәніміз бойынша бүкіл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы, өз санамызды өз бақылауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін әр адамның тұтастай болмысы.

Сананың пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайларға ғана емес, сонымен қатар және ең бастысы әлеуметтік – тарихи заңдылықтарға байланысты.

 


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет