Көкшетау 2006 ббк 88,3я 73 /5к/ к 76



бет12/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,82 Mb.
#36321
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Афазия- жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы. Бұл көбінесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады.

Іштей сөйлеу- тілді нақты коммуникация процесінен тыс пайдалану түрлері. Іштей сөйлеудің тнегізгі үш түрі сараланады: а) іштей айту-“ішінен сөйлеу” сыртқы сөйлеу құрылымы сақталғанымен, фонацияның, яғни дыбыстардың айтылуының болмауы, қиналған жағдайларда міндеттерді ойша орындауда көп кездеседі; ә) іштей сөйлесудің өзі, мұнда ол ойлау құралы болады, арнаулы бірліктерді пайдаланады және құрылымы сырттай сөйлеуден басқаша болады; б) іштей бағдарламалау, яғни сөйлеп айтылғанды, тұтас мәтінді және оның мәтіндік бөліктерін арнаулы мән-мағына бір ліктерінде қалыптастырып бекіту. Онтогенезде іштей сөйлеу сыртқы сөйлеуді интериоризациялау процесінде құрылады.

Белгі- белгілі бір оқиғаның, құбылыстың, процестің нышаны. Белгі ұғымының когнитивті психологиядағы мағынасы кең. Белгілі бір ақпараттарды алу, сақтау, өңдеу, беру кезінде адам психикасының құрылымы мен ақпараттық-логикалық және есептеу құрылғыларының ұқсастықтары анықталады. Психиканың даму теориясында да белгінің алатын орны ерекше.

Қатынас, байланыс (коммуникация)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.

 

Қарым-қатынас- біріккене іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінуі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті, перцептивті.



Сөйлеу- адамдарының материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны. Сөйлеу қарым-қатынас мақсаты үшін не өз іс-әрекетін реттеу және бақылау мақсаты үшін хабарламаларды туындату және қабылдау процестерін қамтиды.

Эгоцентрлік сөйлеу- баланың практикалық іс-әрекетін реттейтін және бақылайтын, өзіне қарата болатын сөйлеу. Баланың автономды сөйлеуі немесе жас баланың эгоцентрлік позициясының сыртқы бір көрінісі.

VII.

Зейін- адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталады.

Индукция- білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай іргерілеуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты.

 

 



 

VIII.

Бинокулярлық көру- қашықтықтағы объектілерді бақылау арқылы көру.

Вебер-Фихнер заңы- түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргішінің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі:

Е = k log P + c, мұндағы k мен с осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатынын айырмашылықтарының субъективтік теңдігі туралы қосымша қйғарымның негізінде неміс психологы және физиологы

Г.-Т.Фехнер тұжырымдады.

Интероцепторлар- ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы жүйкенің аяқталған бөлігі. И. анатомиялық және функциялық принциппен жіктеледі. Анатомиялық принцип бойынша сіңір, буын, бұлшық ет интероцепторларын проприорецепторлар деп аталады. Функциялық принцип бойынша механорецептор, хеморецептор, терморецептор, осморецептор, ноцирецептор болып бөлінеді. И.ішкі мүшелер мен жүйелердің іс-әрекетін рефлекторлы реттеу үшін, гомеостаздың тұрақ тылығын ұстап тұру үшін маңызды рол атқарады.

Бұлшық ет сезімі – адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқаратын бұлшық еттер арқылы сезіну. Бұлшық еттің жиырылуына жүйке импульстары әсер етеді. Дене мүшелерінің барлық қозғалысы өзара байланысты, сонымен қатар ол шартты рефлекс және шартсыз рефлекс арқылы реттеліп отырады. Сезіну де сол арқылы жүреді.

Иіс түйсігі- 1) иісті түйсіну; 2) иісті қабылдау процесі. Иіс сезіну рецепторлары мұрынның жоғарғы бөлігінде иіс сезу эпителийінде орналасқан. Иіс түйсіктері үшін газ тәрізді нысандағы химиялық заттектер стимул болып табылады. Иіс түйсігінің қалыптасуына тактилді, температура, ауру сияқты басқа рецепторлар да қатысады. Иіс түйсігін ғана туғызатын стимулдар-ольфактивті деп аталады. (мыс., ванилин, бензол, ксилол және т.б.)

Түйсік- жануарлардың және адамның психикасы мен мінез-құлығындағы туа біткен құрауыштарының жиынтығы.

Сенсор- 1) жеке рецептор; (мыс., бос жүйке ұшы, торлы қабықтың шақшасы немесе таяқшалар және т.б.); 2) рецепторлы мүше ; (мыс., көз, құлақ және т.б.).

Сенсибилизация- тітіркендіргіш әреке тінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.

Сезгіштік- 1) жалпы алғанда- стимуляциядағы сезгіштік; 2) арнайы мағынасы- әлсіз (нашар) стимулға жауап қайтару, сезгіштіктің төменгі табалдырығы; 3) басқа біреудің сезімін түсіну. Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштің белгілі бір дәрежеде мөлшері мен күші болуы қажет. Бұл- түйсіну процесінде түйсік табалдырығына байланысты.

 

IX.



Апперцепция- адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл- адамның сыртқы әсерді қабылдау кезіндегі психикалық күйіне де байланысты.

Байқағыштық- заттың, құбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Байқағыштық ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б.- танымдық құрылымы мен соған сай шындықты қабылдауды қалыптастыратын қасиет.

Сезгіштік- түйсінуге жалпы қабілетілік. С.филогенезде тірі организмдер қоршаған ортаның факторларына, тікелей биологиялық мәні бар әсерлерге қатысы жөнінен сигналқық функция атқаратын осы факторларға жауап әрекет білдіре бастаған кезде пайда болады.

Сенсорика- бұл қабылдау мен түйсік ұғымдарының біріктірілген түсінігі.

 

 



X.

Амнезия- мидың логикалық (бір бөлігінің) зақымдалуынан пайда болатын адамның есте сақтау қызметінің бұзылуы.

Есте сақтау- материалдық жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Е.с.жаңа алынған білімдердің кейін қалпына келтірілуінің ең маңызды шарты. Есте сақтаудың нәтижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Е.с.процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті Е.с. және еріксіз Е.с. болып саналады. Басқа жағдайлар бірдей бірдей болған ерікті Е.с. еріксіз есте сақтаудан гөрі өнімдірек, жаңа білімдерді меңгерудің жүйелілігін, ұғынымдылығын, бұл процестің басқарылуын қамтамасыз етеді. Е.с. механизімдерінің арасында қайталау маңызды орын алады.

Ұмыту- меңгерілмеген материалдың еске түсірілуі мен қайта жаңғыртылуы мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын процесс.

Мнемоника- мүмкіндігінше көбірек мәліметтердің есте сақталуын оңайлату үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Ес- бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау процестері; осы арқылы бұрынғы тәжірибені қайталап пайдалану немесе сана саласына қайта оралту жүзеге асырылады. Ес субъектнің басынан өткеніні қазіргісімен және болашақтығысымен байланыстырады және дамыту мен оқытудың негізі болатын аса маңызды танымдық функция болып табылады. Есті зерттеулердің пәнаралық сипаты болады, өйткені ол әр түрлі нысандарда өмірдің барлық деңгейлерінде кездеседі және индивидумдық тәжірибенің сақталу процестерін ғана емес, тұқымқуалаушылық ақпараттың берілу механизмдерін де қамтиды. Соңғы уақытта мәліметтерді жинақтау мен іздеп табудың машиналық құралдарының шығуына байланысты бұл зерттеулердің ауқымы анағұрлым ұлғайды.

Елестету- бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саят ын психикалық процесс. Е.субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесіне ойш ақұраудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекеті бағдарламай, алмастыратын, тәріздентіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.

Реминисценция- алғаш рет қалдырған материалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта еске түсіру. Р.терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.

Эйдетизм- бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды объекті көзден таса жағдайда да көріп тұрғандай қабылдайтын ерекше психологиялық құбылыс.

XI.

Абстракция – ойлаудың негізгі операцияларының бірі, субъект зерттеулер үстіндегі объектінің әлдебір белгі-нышанын айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады. Соның нәтижесінде А.терминін білдіретін ақыл-ой өнімі пайда болады.

Гипотеза- бұл белгілі бір проблеманы шешудің болжамданған проектісі.

Дедукция – білімнің көбіне жалпыдан кемірек жалпыға, жекеге қарай қозғалуы, салдардың алғышарттардан шоғырлануы; ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағымсыз байланысты.

Индукция- білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ілгерілеуі. И. дедукциямен тығыз байланысты.

Инсайт- 1)неғұрлым жалпы мағынасы- бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік; 2) стандартты жағдайда- кез келген өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғыну; 3) психотерапияда- біреудің бұрын аңғарылмаған психикалық күйін түйсіну немесе білу; 4) еске түсірмей- ақ, бұрынғы тәжірибеге сүйенбей, бір нәрсені жаңадан дұрыс аңғару; 5) гештальтпсихология- проблемалар сол арқылы шешілетін процесс.

Ойлау- ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі. О.адамның сезімін мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өндей отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып-білуіне мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы әретпен байланысты.

Көрнекі-бейнелі ойлау – ойлау түрлерінің бірі. Жағдаяттарды және олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипаттаиалардың бүкіл сан алуандылығы неғұрлым толық қалпына келтіріледі. Бейнеде заттың бірнеше көзқарас тұрғысынан көрінуі бір мезгілде тіркелуі мүмкін. Көрнекі- бейнелі ойлаудың маңызды ерекшелігі заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттен тыс, “ерекше” ұштасуларын анықтау болып табылады. Өзінің осы сапсында көрнекі-бейнелі ойлау іс жүзінде елестетуден ажыратқысыхз. Көрнекі-бейнелі ойлау- ойлаудың онтогенездік дамуының бір кезеңі.

Сөздік-логикалық ойлау- ойлау түрлерінің бірі, ұғымдарды пайдаланатынымен сипатталады. Сөздік- логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады. Сөздік-логикалық ойлаудың құрылымында жалпылаулардың алуан түрлері өз функцияларын атқарады.

Салыстыру- ойлаудың логикалық амалдардың бірі. Адамның ойлау әрқашан талдаудан және синтезден басталады. Ойлау- түйсік пен қабылдаудан талдау мен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.

 

Пікір- бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын немесе теріске шығаратын талас ой.



Эвристика- 1) жаңалық ашу процесінде қолданылатын арнайы әдістер; 2) өнімді шығармашылық ойлауды зерттейтін ғылым; кең мағынада – шығармашылық туралы ғылым; қазіргі заманғы, неғұрлым тар мағынада – күрделі зияттық міндеттерді орындау кезіндегі іріктеме ізденісті ұйымдастырудың треориясы мен практикасы.

Елестету- бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саят ын психикалық процесс. Е.субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесіне ойш ақұраудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекеті бағдарламай, алмастыратын, тәріздентіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.

 

XII.



Астениялық сезім- өте қатты шаршап-шалдығу, жадап-жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезінде байқалатын жүйкелік-психологиялық әлсіздік.

Аффект- адамның көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-талқан болып сыртқа тебуі (долдану, үрейі ұшу, торығу).

Амбиваленттілік- 1) қанайда бір адамға, объектіге немесе идеяға бір мезгілде қарама-қарсы немесе аралас сезімдерінің болуы; 2) адамға, объектіге немесе идеяға өзінің сезімін немесе қарым-қатынасын үнемі өзгертуге бейімділік.

Апатия- 1) енжарлық, селқостық, сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүддеден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсендеп, сөне бастайды; 2) стоиктерше, адам жанының сезімдерден, барлық құмарлықтан жұрдай болуы.

Шабыт- адамның рухани күштерінің ширығып, өрлеуі, шығармашылық толғанысы; ғылым, техника, өнер туындысының ниеті мен идеясының пайда болуына инемесе жүзеге асырылуына бастайды.

 

Стресс- кез келген әсерден адамда пайда болатын психофизиолгиялық күй.



Көңіл-күй- индивидтің психикалық өмірде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.

 

Эмпатия- өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Э.- адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім.

 

Эмоция- адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Ерік- адамның өз қызметін және әр түрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті.

XIII.

Абулия- әрекеттерді психикалық реттеудің патологиялық бұзылуы. Іс-қимылға деген түрткінің жоқтығынан, шешім қабылдауға қажеттігін аңғарса да, қажетті әрекетті жүзеге асыруға қабілетсіздіктен көрінеді. Абулияны қате тәрбиеден болған және нысаналы жаттығу арқылы жойылатын мінездің белгілері ретіндегі жігерсіздіктен ажырата білген жөн.

Меланхолик- адамдарда кездесетін төрт темпераментің бірі. Бұл сәл нәрсеге реакция білдіретін, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жайбасар адам. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Темпераменттердің қай-қасысы да жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінің туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке-дара қасиеті.

Сангвиник- оптимист адамды белгілеу үшін қолданатын термин. С.типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. С.-әсершіл адам.

Флегматик- эмоциялы қозуы әлсіз, тез қызып желікпейтін, мінезі ауыр адам; темпераменттің бір түрі. Ф. өзіне әсер еткен заттар мен құбылыстарды баяу қабылдайды.

 

Мінез- адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке-дара қасиеті. Жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үлесімі.



Холерик- эмоциялық қозу өте шапшаң, өзінің сезім ркүйін бірдей байқататын, қызу мінезді адам; темпераменттің негізгі төрт типінің бірі.

Талант- қабілеттердің, ең алдымен, арнайы қабілеттерінің дамуының биік деңгейі.

Тест- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.

Френология- адамның немесе жануарлардың психологиялық ерекшеліктерінің бас сүйектің сыртқы бітімімен байланыстылылығы туралы Ф.Галль ұсынған ілім. Негізгі идеясы: бастағы ми қабығы бірнеше орталықтан тұрады; олардың әрқайсысында адамның белгілі бір қабілеті шоғырланған . Сол қабілеттілік күшті дамыған жағдайда мидың тиісті орталығы да өте дамыған болады.

 

Жалпы психология курсы бойынша тест



1.1. Психология ғылымынң анықтамасы, пәні, мақсат-міндеттері.

1. Ертедегі грекше психологияны аударғанда:

А) Өмір туралы ғылым.

В) Сана туралы ғылым.

С) Жан туралы ғылым.

D) Ақыл-ой және жан.

Е) Тану туралы ғылым.

2.Психика – бұл, артығын сызыңыз:

А) объективтік өмірдің, субъективтік образы

В) біздің түйсінуіміз, қабылдануымыз, есте сақтау, елестету, ойлау, қиял, сезім және ерігіміз

С) қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде осы әлемді белсенді бейнелеу процессіндегі жеке түлғаның ішкі жан дүниесі

D) сыртқы объективтік әлемді белсенді бейнелеудегі адамның ішкі субъективтік әлемі

Е) объективті әлемнің айналы бейнеленуі

3.Психологияның ғылыми түрде зерттейтін пән:

А) адам миында болып жататын дәстүрлі емес процесстер

В) фактілер, зандылықтар, психика механизмдері

С) адамның рухани жан-дүниесі

D) адамның санасы

Е) адамның мінез-құлқы

4. Психикалық бейне:

А) Айнала қоршаған шындықтың нақты көшірмесі болып табылады.

В) Таңдаулы мінездемені арқалайды.

С) Айнала қоршаған ортаға әсер ететін фото бейнені көрсетеді.

D) Бейне шартына тәуелсіз.

Е) маңыздылықтың тегін көрінісі.

5. Идеалистік тұрғыдан психика – бұл:

А) Материяның ажырағыссыз құрылысы.

В) Ми құрылысы, шындықтың объективті көрінісі.

С) Ми функциясы.

D) Маңыздылықтың тегін көрінісі.

Е) Трансформация және сыртқы әсерлерді бағдарлаушы.

1.2. Психология тарихының негізгі даму кезеңдері.

6.Идеологиялық философия:



А) "Абсолюттік жан", "елдік ерік".

В) Психика мен материя тең құқылы.

С) Жанды да, ақыл-ойды да ескермейді.

D) Психикалық іс-әрекеттің себеп принципін негізге алады.

Е) Психика материядан туындаған екінші құбылыс деп қарастырылады.

7.Материалистік философия

А) "Абсолюттік жан" идеясы.

В) Психиканы материядан кейінгі екінші құбылыс деп қарастырады.

С) Ақыл-ой мен жанды елемейді.

D) Психика мен материяны тең бірлікте қарастырады.

Е) Психиканы сыртқы дүние мәселесі ретінде қарастырмайды.

8. Психология жеке ғылым ретінде танылды:

А) 19 ғ. 40 жылдары.

В) 19 ғ. 80 жылдары.

С) 19 ғ. 90 жылдары.

D) 20 ғ. басында.

Е) 20 ғ. 50 жылдарда.

9. Психологияның өзіндік ғылым ретінде қабылдануы немен байланысты:

А) Арнайы – ғылыми зерттеу мекемелерінің пайда болуымен.

В) Интроспекция әдісінің дамуымен.

С) Байқау әдісінің пайда болуымен.

D) Аристотельдің “ жан туралы” трактатының шығуымен.

Е) Бірінші университеттің ашылуымен.

10. “ Психология” терминін ғылымға енгізген:

А) Р. Декарт.

В) Г. Лейбниц.

С) Х. Вольф.

D) Аристотель.

Е) З. Фрейд.

11. Психология сана туралы ғылым ретінде қашан туындады:

А) 15 ғ.

В) 16 ғ.


С) 17 ғ.

D) 18 ғ.


Е) 20 ғ.

12. Психология әрекет ғылым ретінде қашан туындады:

А) 15 ғ.

В) 16 ғ.


С) 18 ғ.

D) 19 ғ.


Е) 20 ғ.

1.3. Психология ғылымының салалары, зерттеу әдістері.

13.Экспериментальды әдіске жатпайтын әдіс

А) Бақылау.

В) Өздік бақылау.

С) Іс-әрекет нәтижесін түсіну.

D) Биографиямен танысу (өмірбаянымен).

Е) Тест.

14.Қатарынан қойылған сұрақтарға жауап беруге қолданылатын әдістер:

А) Сұрақ.

В) Бақылау.

С) Эксперимент.

D) Талдау.

Е) Іс-әрекеттің құрылымдарын зерттеу.

15.Оқиғаның табиғи көрінісін есепке алып оған араласпайтын психология әдісі:

А) бақылау

В) эксперимент

С) әнгіме

D) анамнез

Е) анкета

16.Бақылауды ұйымдастырудағы қажетсіз талаптар:

А) зерттелушінің іс-әрекетте, өмірдің табиғи жағдайында өткізілуі

В) бақылаушының зерттелуші адамдардың іскерлік қарым-қатынасың бақылауы

С) өмірдің әртүрлі жағдайларында бақылау

D) бақылаудың нәтижесін хаттау

Е) зерттеу сапаларының көрінісінен арылмайтын арнайы жағдай туғызу

17. Естін ассоциативтік теориясын құрған кім?

А) З. Фрейд

В) И.П. Павлов

С) Аристотель

D) Гипократ

Е) К. Юнг

18.Интеллектіні зерттейтін жалпы қабылданған әдістер:

А) эксперимент

В) тест


С) бақылау

D) анкета

Е) анализ

19.Зерттеудің жоғары нақты нәтижелерін сипаттайтын әдіс:

А) бақылау

В) табиғи эксперимент

С) лабораториалық эксперимент

D) анкета жүргізу

Е) әнгімелесу

20. Арнайы жағдайларды туғызу негізінде зерттеушіні қызықтыратын белгілердің көрінуін сипаттайтын әдіс:

А) бақылау

В) әңгіме

С) анкета

D) эксперимент

Е) іс-әрекеттің нәтижесін зерттеу

21. Психиканың онтогенетикалық даму ерекшелігін зерттейтін психология

А) Медициналық психология.

В) Әлеуметтік психология.

С) Жас ерекшелік психологиясы.

D) Жалпы психология

Е) Педагогикалық психология.

22. Жеке тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көрінуі оның әсері адаммен өзара қарым- қатынас жасауын қай психология зерттейді:

А) Дифференциялды.

В) Әлеуметтік:

С) Педагогикалық.

D) Жалпы.

Е) Жас ерекшелік.

23. Ең алғаш эксперементалдық психология лабораториясын ашқан:

A) У. Джеймс.

B) Эбингаус.

C) Вунт.

D) Вольер.

E) Павлов.

24. Қай жылы эксперементалды лабаратория дүниеге ең алғаш рет өз жұмысын бастады:

А)1850.

В) 1868.


С) 1879.

D) 1885.


Е) 1889.

1.4. Қазіргі заман психологиясы және оның мақсат,міндеттері.

25. Заттың мақсатқа бағытталған жоспарлы орындалуына қызығатын жеке тұлға қандай болып табылады:

А) Эксперимент.

В) Контент-анализ.

С) Бақылау әдісі.

Е) Тестілеу.

26.Ұзақ және жүйелі бақылау өмір жолдарының әр түрлі этаптарының психикалық дамуын анализдеуге мүмкіндік беретін және сол негіздемеге байланысты белгілі бір қорытынды жасайтын адамдарды қандай әдіспен зерттейді:

А) Апилотанды.

В) Лангинодты.

С) Салыстырмалы.

D) Комплексті.

Е) Интроспективті.

27. Өзін-өзі байқау түсінігі төмендегі қай терминнің синонимы болып табылады:

А) Интроверсия.

В) Интроекция.

С) Интроспекция.

D) Интроскопия.

Е) Интроеренция.

28. Сол бір психикалық процесті немесе жалпы жеке тұлғаны бағалауға болматын қысқа стандартталған психологиялық сынақ:

A) Бақылау.

B) Эксперимент.

C) Тестілеу.

D) Өзін-өзі бақылау.

E) Әңгіме.

29. Өзіндік психикалық процестер мағлұматын субъектен алу және олардың ағылу уақытындағы ахуалын немесе оның соңынан – бұл:

A) Бақылау.

B) Эксперимент.

C) Тестілеу.

D) Өзін-өзі бақылау.

E) Әңгіме.

30. Психологиялық фактілердің тағайындау шарттарының құрылуына мақсатталған қызмет сынағына зерттеушінің белсенді араласуы:

A) Контент-анализ.

B) Эксперимент.

C) Тестілеу.

D) Әрекет анализімен.

E) Әңгіме.



2.1. Жеке тұл?а туралы түсінік. Жеке тұлғаның құрылымы.

31.Адамның жеке тұлға ретінде көрсететін қандай ерекшелік қате көрсетілген:

А) Өздік билеу.

В) Жеке дара (индивидуальность).

С) Өздік сана.

D) Нейродинамикалық қасиет.

Е) Белсенділік.

32.Жеке тұлғаның бағыт-бағдары:

А) Даму, тәрбие.

В) Іс-әрекетке дайындық жағдайы.

С) Тұрақты түрткілердің (мотивтердің) жиынтығы.

D) Қажеттілік.

Е) Мотив.

33.Жеке түлғаның өзін-өзі бағалауы:

А) Адекватты.

В) Жоғары.

С) Төмен.

D) Күткендей.

Е) Статисті.

34.Жеке түлғаның білімі:

А) Темперамет типі.

В) Таным процесстерінің қасиеттері.

С) Ойлау типі.

D) Өзін-өзі бағалау.

Е) Эмоцияналды.

35. Адамзаттың дамуы түрі ретінде қалай аталады:

А) Онтогенез.

В) Филогенез.

С) Социогенез.

D) Антропогенез.

Е) Психогенез.

36. Адамдарды жеке тұлға ретінде мінездеме беретін ерекшеліктердің қайсысы қате:

А) Саморигуляция.

В) Индивидуализм.

С) Өзіндік сана.

D) Нейро динамикалық құрылыс.

Е) Белсенділік.

37. Адамға индивид ретінде беруде, берілген ерекшеліктерің қайсысы қате:

А) Жас ерекшелігі.

В) Жыныс ерекшелігі.

С) Дене.

D) Мінез.

Е) Темперамент.

38. Қандай ерекшілік адамды жеке тұлға ретінде сипаттамайды:

А) Нейродинамикалық қасиет.

В) Өзін-өзі басқару.

С) Даралық.

D) Өзіндік сана.

Е) Белсенділік.

39. Қандай ерекшілік адамды жеке индивид ретінде сипаттамайды:

А) Темперамент.

В) Мінез.

С) Жасы.

D) Жынысы.

Е) Дене бітімі.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет