Көкшетау 2011 Құрастырғандар


Атолл – мұхиттың ортасындағы білезік тәріздес маржан аралы. Арал



бет9/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Атолл – мұхиттың ортасындағы білезік тәріздес маржан аралы.

Арал – түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі.

Аристотель – (б. з. д. 384-322ж.ж.) ертедегі атақты грек философы, өз заманындағы ғалымдардың алыбы, ғылымның барлық салаларын зерттеп өз үлесін қосқан ғалым.

Арна - өзен аңғарындағы үнемі су ағып жататын ойыс.

Артезиан алабы – бір немесе су қабаттары бар аумақты, біртұтас геологиялық құрылым.

Атмосфера – жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты.

Африка – солтүстік және оңтүстік жарты шарда орналасқан материк.

Брагулар – Пәкістанда, Иран мен Ауғанстандағы біразы Түркіменстанда тұратын халық.

Бриз-жағажел – теңіздердің, үлкен көлдер мен өзендердің жағалауында байқалатын, тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын жергілікті жел.

Биіктік белдеу – тау биіктігіне байланысты табиғи құбылыстардың белгілі заңдылықпен өзгеруі.

Биосфера – литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігінде және бүкіл гидросферадағы алуан түрлі тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы.

Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары шектеп тұрған су айдыны.

Виктория – Африка құрлығында орналасқан Замбези өзеніндегі ең ірі сарқырама.

Гейзер – ыстық жер асты суы.

География – жердің географиялық қабығын, табиғи, аумақтық-өндірістік және әлеуметтік-аумақтық кешендерді және олардың құраушыларын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар жүйесі.

Географиялық бойлық – параллель доғасының бастапқы меридианынан (Гринвич) белгіленген жерге дейіңгі градуспен алынған шамасы.

Географиялық ендік – полюстерден тең қашықтықтарда орналасқан жер бетіндегі кез келген нүктенің экватордан солтүстіктен және оңтүстікке қарай қашықтағы шеңбер тәріздес сызықтар.

Географиялық координаталар – жер шарының кез келген нүктесінің ендігі мен бойлығын айтады.

Геродот – ( шамамен б. з. б. 484-425ж.ж.) ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, тарихтың атасы деп танылған жаһанкес.

Гидролог – ауа райын болжайтын адам.

Глобус – Жер шарының неше есе кішірейтіліп берілген бейнесі.

Грабен – жер қыртысының жарылымдар бойымен түсіңкі келген ойыс бөлігі.

Гранит – ең көп тараған магмалық жыныс.

Жанартау – вулкан, (лат. от, жалын), жер қабатының тереідегі жарылымдары мен жарықтарынан жер бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.

Жота – көтеріңкі жер бедерінің атауы, таулы жер бедерінің басты құрамдас бөліктерінің бірі.

Жел – жер бетінде ауаның көлбеу бағытта атмосфералық қысымдардың біркелкі таралуынан пайда болатын ауа массасының қозғалулары.

Жер – Күн жүйесіндегі үлкен шар тәріздес үшінші планета, көлемі бойынша 5-ші орында, тіршілігі бар планета.

Изобарлар – ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Кананда – Ұлыбритания бастаған Достық шеңберіндегі федерациялық мемлекет.

Карта – белгілі бір математикалық ережелермен жер бетінің жазықта кішірейтіліп, жинақтап бейнеленуін айтады.

Криктер – құрғап қалатын су арналары.

Көлдер – жер бетіндегі іші суға толы табиғи тұйық ойпаңдар.

Қалқан – жер бетіне шығып жататын, ұзақ уақыттар бойы дамитын өте ірі көтеріңкі тектоникалық құрылым.

Құрлық – материк, континент, жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі.

Лавразия – солтүстік жарты шардағы құрлық, шамамен 180-200 млн. жыл бұрын Еуразия мен Солтүстік Америка материктері бөлініп шыққан.

Литосфера – мантияның жоғарғы қабатымен жер қыртысынан тұратын жердің қатты қабығы.

Маврлар – 1) ежелгі римдіктердің Мавритания мен солтүстік Африканың батыс тұрғындарға берген атауы; 2) Мавритания мемлекетінің жергілікті тұрғындары.

Маккензи – Канаданың солтүстік батысындағы тау жүйесі.

Мангр – мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар өсетін ормандар.

Материк – барлық жағын мұхиттар мен теңіздер қоршаған құрлақтың аса ірі аймағы.

Минойлар – Жерорта теңізіндегі Крит аралын мекендеген халықтар.

Моласса – литологиялық құрамы күрделі терригендік қабаттардан құралған тау етектерінде шоғырланған тау жыныстарының жиынтығы.

Мозамбик бұғазы – Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы мен Африканың арал бұғазы.

Мойнақ – құрлықты екі түрлі бөлігін немесе екі құрлықты жалғастыратын жіңішке жалақ.

Мушкетов Иван Васильевич орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілерінің бірі.

Мұздықтар – бұл өзіндік қозғалысы бар мұздардың табиғи шоғырлануы.

Нансен Фритьор – норвег Арктика зерттеушісі, саяхатшысы, мұхит зерттеушісі, қоғам қайраткері.

Оазис – шөл және шөлейтті өңірлердегі ағаш аралас шөптесін өсімдіктер өскен көгелды алқап.

Ойыс – құрлықтың мұхит деңгейінен төмен жатқан бөлігі, барлық жағынан тұйықталған.

План- кішігірім жер бетінің бөлігінің белгілі бір масштабпен жасалған, горизонтальдық проекциямен кескіндеген сызу.

Плита – платформа аумағындағы жер қыртысының тектоникалық құрылымы.

Птоломей Клавдий - ежелгі грек ғалымы, ұлы астроном, географ, математик, дүние жүзінің геоцентрлік жүйесін қалаған.

Рубрук Виллем – фламанд саяхатшысы, монах.

Саванна – (испанша sabana, кариб үндістерінен тілінен енген) тропиктік ормандар мен шөлдер аралығындағы биос түрлері.

Саға - өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері.

Сарқырама - өзен арнасы бойында қалыптасып, суға шайылмайтын қатты тау жыныстары кездесетін жерлерінде судың тік кемерден төмен құлап ағуы.

Сократ – б. з. б. 469-399 ж. ж. арлығында өмір сүрген грек ғалымы.

Скотт Роберт Фолкон – Антрактиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы.

Страбон – ежелгі грек географы, «География» атты еңбегінің авторы.

Тасман Абел Янсзон – голланд саяхатшысы, Австралия мен мұхиттық аралдарды зерттеуші.

Тайфун – сұрпалы дауыл түрінде соғатын жел.

Тектоникалық жарылымдар – тау жыныстарының қозғалыстары нәтижесінде жер қыртысында пайда болған жарықшақтар.

Теңіз – мұхиттардың құрлықпен, аралдармен,түбектермен немесе су асты шоңғалдармен, тұздылығымен, су температурасымен, өзіндік ағыс жүйесі бар теңіз түбінің көтерілуімен бөлініп жатқан бөліктер.

Толқын биіктігі – толқынның етегінен жалға дейінгі қашықтық..

Тропиктік белдеулер – солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы табиғи географиялық белдеу, жер шарындағы ауаның ең жоғары температура көрсеткіші байқалады.

Түбек – құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлік.

Үстірт – маңайындағы жазықтықтардан жарқабақпен ерекше оқшауланып тұратын қыратты жазық..

Үндістер – Американың байырғы халқы.

Финикия – Жерорта теңізінің шығыс жағалауымен Ливан таулары аралығында орналасқан жер.

Финикиялықтар – (семиттер), Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген халықтар.

Флора – (латыннан ауларғанда «гүл»), нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы.

Шөгінді тау жыныстары – үгілу, асарлу және еру процесстарінің нәтижесінде өз ортасынан ажырап, су айдындары түбінде тұнуы кезінде пайда болады. Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-ын жауып жатыр.

Шөл – ландшафтың ауа температурасы құбылмалы жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын түрі.

Экватор – (латын тілінен ауларғанда «теңестіргіш»), ол жер шарынекі жарты шарға солтүстікке және оңтүстікке бөлетін және жердің айналу осіне перпендикуля, екі полюстің бірдей қашықтықта орналасқан үлкен дөңгелек сызық, күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан сызығы.

Әдебиеттер тізімі

1. К.Х. Рахматуллин, Г.Р. Мирзакулова. Предмет географии и ее истории. А.,1998


2. Н. Баяндин. Географиялық ашулар. Алматы., 1970
3. А.С.Бейсенова. Исследование природы Казахстана. А.,1979
4. Джеймс П., Мартин Дж. Всевозможные мира. История географ-х идей. М.,1988
5. История географических открытий. М.,2000
6. Я.М. Свет.По следам путешествен-ков и мореплавателей Востока (III-IIв.до н.э)
7. Ю.Г.Саушкин. Географическая наука в прошлом, настоящем, будущем. М.,1980
8. Жизнь земли. Экологические проблемы и природохранное образование. М.,1988
9. Г.А. Ушаков. Полярные исследования 1930-1932 гг. М. «Мысль» 1974
10. А.Ф.Трешников. Антарктида: исследования, открытия. Л., 1980
11. Е.И.Толстиков. На полюсах Антарктиды. Л.,1980
12. Г.С. Тихомиров. «Герой Арктики Иван Потанин» М. «Мысль» 1984
13. Кук Д. Первое кругосветное плавание капитана Дж. Кука. М.,1960
14. П.В. Ланге. Великий скиталец: Жизнь Х.Колумба. М.,1984
15.Сто великих путешественников. М.,2001
16. Н.А. Северин. «Отечественные путешественники и исследователи» М.,1956
17. И.В. Забелин. Физическая география и наука будущего. М.,1970

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ...................................................................................................................


Бірінші тарау
Ерте замандағы географиялық деректер ............................................................
Екінші тарау
Орта ғасырдағы географиялық мағлұматтар ....................................................
Үшінші тарау
Ұлы географиялық ашулар ................................................................................
Төртінші тарау
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы зерттеулер ..............................................................
Бесінші тарау

ХIX-XX ғасырлардағы зерттеулер ........................................................................

Алтыншы тарау
Орыс теңізшілерінің Жер шарын айналып шығуы ..............................................





Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет